Әдістемелік құрал.Ежелгі дүниежүзі тарихы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әдістемелік құрал.Ежелгі дүниежүзі тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихтың мектепке арналған курсының бір тақырыбын ғана оқыту үшін мұғалімнің идеялық мақсаты жағынан да, құрылысы мен методикасы жөнінен де, оқыту жұмысының сипаты жағынан да әр түрлі, бірнеше сабақтар өткізуіне тура келеді. Тарихтығ мектепке арналған курсында мазмұны біркелкі екі сабақ кездеспейді. Оқушылар тарихтың заңдарын жекелеген фактілермен нақтылы танысу арқылы біледі. Осы мағынада әрбір тарих сабағы оқыту жұмысының өзіндікерекшелігі бар акт, оқушылардың тарихибілімді меңгеруіндегі жаңа қадам болып табылады. Сондықтан тарих сабақтарының құрылысы да (әдістемесі де) мейлінше сан алуан болып келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ежелгі дүниежүзі тарихы

Дидактикалы? материалдар


Жалпы білім беретін мектептің 5- сыныбына арналған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым міністірлігі ұсынған.


Кіріспе


Тарихтың мектепке арналған курсының бір тақырыбын ғана оқыту үшін мұғалімнің идеялық мақсаты жағынан да, құрылысы мен методикасы жөнінен де, оқыту жұмысының сипаты жағынан да әр түрлі, бірнеше сабақтар өткізуіне тура келеді.

Тарихтығ мектепке арналған курсында мазмұны біркелкі екі сабақ кездеспейді. Оқушылар тарихтың заңдарын жекелеген фактілермен нақтылы танысу арқылы біледі. Осы мағынада әрбір тарих сабағы оқыту жұмысының өзіндікерекшелігі бар акт, оқушылардың тарихибілімді меңгеруіндегі жаңа қадам болып табылады. Сондықтан тарих сабақтарының құрылысы да (әдістемесі де) мейлінше сан алуан болып келеді.

Оқыту практикасында сабақ типтері жеке түрде жиі кедесе бермейді. Дегенмен бөлжамдай тарих сабақтарының типтерін нақты ғылыми жіктеу қажеттігін жоққа шығармайды. Әдістемелік ғылымның міндеті тарих мұғалімінің шығармашылық тәжірібесінде айқындалған сабақ типтерін айырып көрсету, оған талдау жасау, ғылыми анықтама беру болып табылады. Бұл, сөзжоқ, мұғалімге практикалық көмек көрсетеді. Сабақты типке бөлу мәселесін басшылыққа алаотырып, мұғалім курсты өтуді неғұрлым дұрысырақ жоспарлай алады, сабақтағы жұмыс мазмұнына неғұрлым тереңірек қарайтын болады, мектепте тариты оқытудың оөу- билімділік және идеялық – тәрбиелікміндеттерін неғұрлым дұрысырақ шешуіне мүмкіндік туады.

Тарихты оқыу әдіс – тәсілдері мұғалімді оқушыларға идеялық әсер етуідің сан алуан құралдарымен қаруландырады, сабақтығ сан алуан типтерін меңгеруде өсы әдістер мен тәсілдерді сабақ мазмұнынабөліп алып қарауға болмайды. Сабақтың типине байланысты беогілібірәдістемеліктәсілдің рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, негізінен күрделі материалдытүсіндіретін сабақта тарихи құжат оқытушының түсіндіргенін оқушылардыңкөз алдына нақты елестеу үшін пайдаланылады, ал оқығалар туралы мұғалімнің әсерлі әңгімелеуі басым болуын керек ететін сабақта құжаттар сол әңгіменің эмоциялық әсерін күшейту үшін пайдаланылады; негізгі мазмұны тарихықұжаттардысынып оқушыларын түгелқатыстыра отырып талдау арқылы ашылатын сабақтарда олтарихи білімнің негізгі қайнар көзі қызметін атқарады.

Сабақтың міндеті мен тақырып аясындағы орнын білгенде ғана оны дұрыс қарауға болады. Тек осындай сабақтоптарының аумағында ғана оқытупроцесінің барлық буындары :

а) оқушыларға нақты мәліметтерді хабарлау және олардыңтүсініктерін өалыптастыру;

ә) қабылдаған материалды саналы түсіну, оқушылардың ұғымдарын және заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру;

б) алған білімдерін баяндыету үшін жұргізілетін жұмыс;

в) іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;

г) алған білімді қолдана білу және іс жүзіндетексеру түгелімен жүзеге асырылады.

Мектеп жұмысының тәжірібесінде қай типке жататындығы толық ажыратылмаған сабақтар да бар екендігі сөзссіз. Тыңғылықты әзірленген, жемісті түрде өткізілген тарих сабағы әр түрлі екі типтен құралуы да мүмкін. Материал бойынша қысқаша қайталау- қортындылау жұмысы өткізіледі де, сабақтың екінші бөлімінде мұғалім оқушыларды тақырыптың жаңа материалымен таныстырады.

5-6 сыныптар мұғалімнен оқушылардың тарихи материалдарды сабақ үстінде дұрыс қабылдауын, жақсы ұғынуы мен берік есте қалдыруын қамытамассыз етерліктей ерекше жұмыс тәсілдерін қолдануды талап етеді.

Мұндай сабақта көбіне кіріспе әңгіме өткізу арқылы оқушыларды жаңа тарихи материалдарды қабылдауға әзірлеудің үлкен мәні бар. Бұл сабақта оқушылар тарихи материалдарды оқуға, әңгімелеп беруге, суретті қарап, оның мазмұнын талдауға, картадан көрсетуге жаттығады. Әр бір сабақ сайын жаңа материалды ізінше пысықтап отыру қажет, қалай түсінгендерін тексеру, қателерін түзету, сурет пен карта бойынша қайталап жаттықтыру, үйге берілген тапсырманы түсіндіріп отыру пайдалы. Берілген дидактикалық материалдар мұғалімнің қосымша деректер ретінде пайдалануы үшін ұсынылған.

Трих деген не?

Тарих - ежелгі араб сөзі. Бұл сөз «зерттеу» және «оқығалар туралы әңгіме» деген мағынаны білдіреді.

Тарих деп турлі халықтардың қалайтіршілік ететінін, олардың өмірінде қандай оқиғалар өткенін, адамдардың өмір сүруі, қалай өзгеріп, қазіргідей жағдайға қалай жеткенін зерттейтін ғылымды айтамыз. Тарих — бұл адамзаттың өткен өмірін, қоғамдардың дамуын, елдер мен халықтардың басынан өткен оқиғаларды зерттейтін ғылым. Ол адамдардың іс-әрекеттерін, соғыстарды, бейбіт кезеңдерді, мәдениетті, саясатты, экономика мен әлеуметтік өзгерістерді уақыттық реттілікпен қарастырады.

Тарихтың негізгі міндеттері:

  1. Өткенді білу — адамзаттың қайдан шыққанын, қалай дамығанын түсіну;

  2. Сабақ алу — өткен қателіктер мен жетістіктерден үйрену;

  3. Ұлттық сана қалыптастыру — әр халықтың өз тарихын білуі арқылы ұлттық бірегейлігін сақтау;

  4. Болашақты болжау — тарихи заңдылықтарды түсіну арқылы болашақ дамуды болжау.

Тарих жазбаша деректерге (мысалы, шежірелер, құжаттар, күнделіктер), археологиялық олжаларға және ауызша естеліктерге сүйенеді.

Мысалы: Қазақ халқының тарихында Ұлы Дала өркениеті, Алтын Орда, Қазақ хандығы, Ресей империясына қосылуы, тәуелсіздік алу сияқты маңызды кезеңдер бар.

Қысқаша айтқанда, тарих — өткенді зерттеп, бүгінгі күн мен болашаққа жол көрсететін ғылым.

Тарих пәні

5- сыныпта оқитын «Ежелгі дүние тарихының» бірінші бөлімінде өте ерте кездегі адамдардың тіршілігі жайында әңгімеленеді.

Мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың қалай тіршілік еткенін қайдан білеміз?

Адамдар жер бетінен белгісіз өте бермей, «із» қалдырып отырған. Ең ежелгі адамдардың бәзге жеткені – олардың қаңқа қалдықтары мен қабилеттері сақталған.Сонымен қатар олардың жартастарға салған суреттері, сүйектерден ойып жасалған мүсіндері табылды.

Тарих пәні — мектепте, колледжде және жоғары оқу орындарында оқытылатын, адамзаттың өткенін жүйелі түрде үйрететін оқу пәні. Бұл пән арқылы оқушылар мен студенттер дүние жүзі мен өз елінің тарихи оқиғаларын, тұлғаларын, мәдениетін, саяси және әлеуметтік өзгерістерін танып-біледі.

? Тарих пәнінің мақсаты:

  1. Өткенді түсіндіру – адамзат қоғамының қалай дамығанын көрсету.

  2. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу – өз халқының тарихын білу арқылы патриоттық сезімді ояту.

  3. Сыни ойлау дағдысын қалыптастыру – деректерді талдау, салыстыру, қорытынды жасау.

  4. Тарихи сананы қалыптастыру – оқушының өз орнын тарих аясында сезінуі.

? Тарих пәнінің негізгі бөлімдері:

  1. Дүниежүзі тарихы – Ежелгі әлем, Орта ғасырлар, Жаңа және Қазіргі заман тарихы (мысалы: Рим империясы, Француз революциясы, Екінші дүниежүзілік соғыс).

  2. Қазақстан тарихы – Қазақ жеріндегі ежелгі тайпалардан бастап, Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі кезеңдер (мысалы: Түрік қағанаты, Қазақ хандығы, Алаш қозғалысы, Тәуелсіздік).

  3. Адам және қоғам тарихы – мәдениет, дін, ғылым мен техника дамуы.

? Тарих сабағында не оқытылады?

  • Хронология (оқиғалар реттілігі)

  • Тарихи дереккөздермен жұмыс

  • Белгілі тарихи тұлғалардың өмірі мен істері (мысалы: Абылай хан, Шыңғыс хан, Томас Джефферсон)

  • Тарихи карта, кесте, диаграмма талдау

  • Тарихи шығармалар мен құжаттарды оқу

? Тарих пәні неге маңызды?

  • Өткеннен сабақ алуға үйретеді

  • Өз халқың мен басқа ұлттарды түсінуге көмектеседі

  • Қоғамдағы процестердің себеп-салдарын түсіндіреді

  • Тұлғалық және азаматтық көзқарас қалыптастырады


Қысқаша айтқанда, тарих пәні – бұл тек өткенді үйрену емес, болашаққа дұрыс бағыт табудың кілті.

Тарих ұғымы

Тарих- табығат және қоғамдағы қандайда болмасын даму процесі.Бұл мағынада дүниетаным тарихы, жер тарихы, физика, математика, заң тағы басқа ғылымдар тарихытуралы айтуға болады.

Тарих адамзат қоғамының өткенін барлық қырынан, жан – жақты зерделейтін, тарихи адамдардың қалай өмір сүргенін, олардың еңбегң қалай жер бетін жаңартқанын, олардың өмірі қалайжәне не үшін өзгеріп, қазіргідей болғанын зерттейтін білім. Тарих – қоғам дамуының шежересі. Қоғам тарихы жер, табығат тарихының бір бөлігі және оның жалғасы болып табылады.Қоғам тарихы жер бетінде адамның пайдаболуына байланысты туды, сондықтан ол – адамдардың тарихы. Қоғам тарихы арқылы өндірістік қатынастардың алғашқы қауымдық қоғам, құл иеленуші, феодалдық, капиталистик қоғам сияқты сатыларын, соларға сайкес қоғамдық экономикалық формация түрлерін білуге болады. Тарихты жасаушы – халық бұқарасы. Ол адамзат қоғамының экономикалық, саяси және рухани дамуында шешуші рөл атқарады. Тариххтағы халық бұқарасы рөлінің үнемі өсіп отырғандығы тарихи тәжірібе дәлелдеді.

Тарих – адамзат қоғамының өткенін зерттейтін ғылым. Тарих ғылымы басқа ғылымдар сияқты, әр кезеңде өмір сүрген адамзат ұрпақтарының мол тәжірібесін бойына жинақтап отырды. Бүкіл дүние жүзі тарихы – адамзаттың барлық материалдық және рухни өмірі саласындағы мыңдаған жылдар бойы тәжірібесінің жиынтығы. Барлық қоғамдық ғылымдар қоғамдық құбылыстар мен процестердә тану әдісі жөнінен тарихи болып табылады. Дамзат қоғамы дамуының жалпы заңдарының қалыптасуы жәнеосыдамудың қозғаушыкүші тарих пәнінің негізін құрастырады. Тарих ғылымы үшін қоғамның нақты тарихын зерттеу басты мәселе болып табылады. Бұлжағдайда тарих өткен мен бүгінге сүйенеді. Қоғам тарихына диалектикалық көзқарас фактилерді ыждағаттылықпен сұрыптауды және терең зерттеуді талап етеді. Түрлі оқығалар, құбылыстар және процестер туралы фактилерді түсіну, теориялық жағынан қортындылау, яғни қоғам тариын зерттеу процесіндебасқа ғалымдар сияқты тарих ғалымдары да бірнеше топқа жіктеледі. Оның бірінші тобы – жалпы тарықа алғашқы қауым тарихы, ежелгі, орта ғасыр, жаңа және қазіргі заман тарихы; екінші, аралас ғылым тобына – жаратылыстану тарихы, техника тариы, мемлекет және құқық тарихы. Экономика тарихы, әскери өнер тарихы тағы басқаларыжатады.

Этнография негіздері.

Этнография – (грекше etnos – тайпа, халық, grapho – жазамын) – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін бір саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ерте өмірде сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру – тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым – қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым – қатынастарын, рухани мәдениетін жан – жақты ғылыми негізде зерттейді. Этнографиялық зерттеудіңең негізгі қайнар бұлағыы – халықтардыңқазіргі өмірін тікелей бақылаудың нәтіжесінде жиналатын сан алуан деректер. Этнографиялықзерттеу жүргізудің екі түрі бар:

1) ел ішінде тұрақты немесе ұзақ уақыт бірге тұру арқылы зерттеу;

2) қысқа мерзімге экспедициялар ұйымдастыру арқылы зерттеу; Ең көне дәуір этнографиясын зерттейтін саланы полеоэтнография деп атайды. Этнография дүние жұзі халықтарының зерттеудеолардың сан алуан өмір салалары туралыжазу, баяндаумен ғана шектелмей, сол деректердің негізінде теорияялық болжамдар, қортындылар жасайтын тарих ғылымдарының бір саласы болып табылады. Сонымен, этнография – тайпалар мен халықтардыңшығу тегі, салт – дәстүрлері, мәдениеті туралы ғылым.

«Бұдан жиырма бес мың жыл бұрын, - деп жазады академик А.П.Окладников, - Ангара жағалауында мамонт пен мүйізтұмсық аулаушылар тұрып, олар өзінің тамаша мәдениетін жасады, бұл өнер көп жағынан Еуропаның мұзды аймақтарына жақын тұрған өззамандастарыныңөнеріне ұқсас, бірақ сонымен бірге көп жағынан өзіндік ерекшелігі де бар».

Ежелгі аңшылардың реалистік дәстүрлерін олардың ұрпақтары Лена мен Ангараның жағалауында тұтас жартастардабұғылардың бейнесімен толтырған жаңа тас ғасырының адамдарыодан әрі жалғастырды. Аңдардың дәл және өміршең бейнеленгендігі соншалық, қазірде олар бізге жандыбейне сияқты болып көрінеді.

Сол кезде Амурдаотырықшыбалықшылар тіршілік ететін. Олар жеңіл шатырларда – жартылай жерден қазылған жертолелерде тұтасауыл болып өмір сүрді.

Олар мекендеген тұрақтар мен оның маңындағы жартастарда қайталанбас өнер үлгілері сақталып қалған. Нанайлардың Сакачи – Алян деген байырғы селосы маңындағы зор қойтастарда әлі күнге дейін беймәлім болып келген жұмбақ жандардың суреттері бейнеленген. Олар көбіне нұрлышапақпен немесе ұиял – ғажайып үлгідегі бас киімдермен безендірілген. Нақ сондақойтастардың бұжыр – бұжыр беттеріне дәл сондайайдахар пішіндіадамдар, құстар, аңдар қашалған. Амурдың жарлауыт жағасында – Хунгари өзенінің сағасына таяу жерде тас ғасрыныңбес мың жылданастамбұрынғы қоныстарының қалдықтарынан тасбалта, кремнийден жасалған жебемен бірге таңданарлық ыдыс табылды. Оның ашық қызыл түспен боялған сыртына Сакачи – Алян қойтастарындағыдан ауымайтын мүсіндік бейнелер салынған. Бұл олжа бес мың жылұрын Амур жағалауларында тамаша өнер шеберлері өмір сүргенін дәлелдейді.

Этнография негіздері — бұл этнография ғылымының бастапқы ұғымдары мен әдістерін, халықтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі мен діні секілді ерекшеліктерін зерттейтін білім саласы. Этнография — этнология ғылымының бір бөлігі.

? Этнография дегеніміз не?

Этнография — халықтардың мәдени-тарихи өмірін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, киімін, наным-сенімін, шаруашылығын, отбасылық қатынастарын, тілі мен өнерін зерттейтін ғылым. Бұл ғылым көбіне нақты халық немесе этностың тұрмыс-тіршілігін суреттейді.

? Этнография негіздерінің басты бағыттары:

  1. Этнос және этникалық қауымдастықтар:

  • Этнос — ортақ тіл, мәдениет, салт-дәстүрі бар тарихи қалыптасқан халық қауымдастығы.

  • Мысалы: қазақтар, өзбектер, орыстар, немістер.

  1. Тұрмыс және шаруашылық түрлері:

  • Мал шаруашылығы, егіншілік, аңшылық, балық аулау, қолөнер т.б.

  • Қазақтар — көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан.

  1. Тұрғын үй, киім, тағам:

  • Мысалы: қазақтың киіз үйі, ұлттық киімдері (шапан, сәукеле), ұлттық тағамдары (қазақша ет, қымыз, шұбат).

  1. Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар:

  • Той, беташар, тұсаукесер, сүндет той, наурыз, ас беру т.б.

  1. Наным-сенімдер мен діни рәсімдер:

  • Тәңіршілдік, ислам діні, ырымдар мен тыйымдар.

  1. Мәдениет пен өнер:

  • Ән-күй, би, қолөнер, зергерлік өнер, ертегілер мен эпостар (мысалы, "Қобыланды батыр").

?️ Этнографияда қолданылатын әдістер:

  • Бақылау – халықтың өмір сүру салтын тікелей зерттеу.

  • Сұхбат – жергілікті тұрғындармен сөйлесу арқылы дерек жинау.

  • Салыстыру – әртүрлі халықтардың мәдениетін салыстыру.

  • Этнографиялық экспедициялар – жергілікті жерге барып зерттеу жүргізу.

? Этнографияны оқудың маңызы:

  • Халықтың мәдени мұрасын сақтау.

  • Этностар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру.

  • Тарихи сананы қалыптастыру.

  • Ұлттық бірегейлікті нығайту.

Қорытынды:

Этнография негіздері — бұл халықтың рухани және материалдық мәдениетін танып-білудің, өткен мен бүгінді байланыстырудың, ұлттық ерекшеліктерді түсінудің іргетасы. Қазақ этнографиясы – халқымыздың төл болмысын танытатын аса бай әрі құнды мұра.

Әр кезеңнің өзіндік даму ерекшеліктеріне байланысты төмендегі көрсетілген кестені толтыр:


Жалпы тарих кезеңдері

Хронологиялық дәуірлер

Үстемдік еткен қоғамдық құрылыс

1

І




2

ІІ




3

ІІІ




4

ІV





Алғашқы қауымдық қоғам тарихы мен ежелгі дүние тарихы – адамзат қоғамы тарихының бірінші басталуы. Ал онсыз халықтар мен мемлекеттер тарихын және олардың кейінгі кезеңдеріндегі даму ерекшеліктерін түсіну ешбір мүмкін емес.

Сонымен алғашқы қауымдық қоғам дамуының қандай жүйелері бар? Атап көрсетіңдер:


1 ..............................................................................................................................................................


2 ...........................................................................................................................................................


3 ..............................................................................................................................................................


4...............................................................................................................................................................


5...............................................................................................................................................................


6...............................................................................................................................................................


а ) Тарихи деректер дегеніміз не?


1...............................................................................................................................................................


2...............................................................................................................................................................



Кестені толтыр.

Заттаай деректерге не жатады

Жазбаша деректерге не жатады








ә ) Археология дегеніміз не?

...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

б ) Адамзат тарихындағы ең үзақ уақытты қамтитын кезкңдерде еңбек құралдары әр түрлі заттардан жасалғанын білеміз. Сол еңбек құралдары жасалған заттардың ерекшелігіне қарай археологтар адамзат дамуын бірнеше дәуірге бөледі. Дәурлер қалай аталуын ретімен жаз?

1...............................................................................................................................................................


2...............................................................................................................................................................


3...............................................................................................................................................................



1.Ұлт деген не? Оның негізгі белгілерін атағдар?

1


2



2.Жер шарын мекендейтін халықтар мен ұлттар өздерінің сыртқы түрінің ерекшеліктеріне қарай неше нәсілдік топқа жіктеледі?



Нәсілдік топтар

Мекендейтін жері

1




2




3





Жазба деректерде

1.Белгілі бір мемлекеттің заңдарын оқи отырып, ондағы биліктің түрі, басұару жүйесі, адамдарының өмір – тіршілігі туралы мәліметтер алуға болады. Сондай заңдарды қай мемлекеттің патшасы жаздырып қалдырды?

.....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

2.Ол неше баптан түрады?

.................................................................................................................................................................


3.Кестені толтыр.

Алғашқы 5 бабы қандай мәселеге арналған?



Ал 6-25- баптары неге арналған?



26-41 баптарда не туралы баяндалған?



42-126 баптарда не жөнінде айтылған?



127-194 баптар кімдерге арналған?



195-214 баптарда не айтылады?



215-277 баптарда кімдердің жауапкершілігі туралы айтылады?



4.Геродоттың еңбегі қалай аталды? Неге оны тарихтың атасы деп атайды? Ойыңды қысқаша тұжырымдап дәптерге жаз.


Жер – су аттарының мәні.

1.Адамдар өздері өмір сүрген жерлердің ерекшеліктеріне байланысты оларға алуан түрлі аттар қойды

Өзің тұрып жатқан ауылыңның, ауданыңның, қалаңның атының шығу тарихын үлкендерден сұрап, не себепті солай аталғанын дәптерге жаз.

2. Әр бір мемлекеттің өз ақшасы болады.

Біздің теңгеміз қашан шығарылды?

Онда кімдердің бейнелері салынды?

Қашан өзгерістер жұзеге асырылды?

Қандай купюралар өзгертірілді?

1 теңге

2 теңге

3 теңге

5 теңге

10 теңге

20 теңге

50 теңге

100 теңге

200 теңге

1000 теңге

5000 теңге

10000 теңге

20000 теңге




Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдар өмірі.

Тақырыптың негізгі мақсаты – оқушыларға алғашқы адамдар қашан, қалай пайда болғандығы, олардың ата – тегі кімдер екендігі туралы терең де, тиянақты білім беру.

Маймыл тәрізді адамдардың ұрпақтары – неандарталдықтардың тұрпаты да маймылға ұқсаған: кушиып келген шотмаңдай қабағы көзнің үстіне түсе біткен, кемиек болған.Алайда бұлар адам болатын. Неандарталдықтар алғашқы қауымдастықта епті ірі ең мықтысы басқарған аңшылық тобырда күнелтті.Үнгірлерді мекендеп, хауандардардың терісін киім етті. Неандарталдықтардың миы әжептеуір үлкен, тіпті осы заманғы адамның миына жақын болған. Бұлардың жеміс орнына ет жеуі миының толысуына жәрдемдесті.Еттің қорек көзіне айналуы аңшылар тобырын ұйымдастыруға, еңбек құралдарының түр-түрінің көбеюіне жеткізіді. Неандарталдықтар өздерінің еңбек құралдары – қырғыш, шапқы, пышақтарды тастан жасады. Олар ірі хауандарды, мәселен, үңгірлерді паналайтын аюларды аулады.

Еңбек процесінде адамдардың бір – бірімен түсінісіп, сөйлесуі керек болды. Еңбек пен тілдің арқасында адам миы толысып, құрылымы мен көлемі жағынан маймылдың миынан асып түсті.

Алғашқы адамдар біртіндеп осы заманғы адам кейіпіне келді.Бұл адамдарды ғалымдар кроманьондар деп атады.

Кроманьон ұрпақтары мәдени даму жағынан едауір алға шықты. Бұлар отбасы болып тұрды. Мал үстап, егін салды.

Төменде екі топтағы тапсырмалар адамзат баласының тарихи даму кезеңдерін аанықтауға , нақтылауға көмектеседі.

Алғашқы екі топтағы тапсырмалар адамзат баласының алғашында табығаттың бергенін ғана қанағат тұтқандығы, терімшілікпен жіне аң аулаумен күнелткені жайлы болады.

Кеінгі екі топтағы тапсырмалар жер өңдеумен, мал шаруашылығымен айналысқаны жайлы, темірді өңдеу,теңсіздіктің пайда болуы, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау туралы болмақ.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2025
28
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі