М.А.Панфиловтың «Кактус» сынағы.
Мақсаты: Баланың эмоциялық көңіл-күйін анықтау, ашушаңдық мінезінің бар-жоғын, бағытын, қарқынын байқау.
Жас мөлшері: мектепке дейінгі кезең, 4 жасқа дейінгі балалармен өткізіледі.
Керекті құрал-жабдықтар: Ақ қағаз (А4 форматты), түрлі-түсті қарындаштар.
Нұсқаулық: «Ақ қағаз өзіңнің көз алдыңда елестеткендей кактустың суретін сал».
Балалардың сұрақтар қойып, оған қосымша түсініктемелер беруге болмайды. Балаға суретті салып аяқтауы үшін өзіне қажет уақыт беріледі. Суретті аяқтаған соң баламен әңгімелесіңіз.
Әңгімелесу:
-
Кактус үйде өсірілген бе, әлде жабайы ма?
-
Оны қолмен ұстап көруге бола ма?
-
Кактускүтіп, аялағанды ұнатады ма?
-
Кактустың көршілері бар ма?
-
Оның көршілері қандай өсімдіктер?
-
Кактус өскен соң оның бойында қандай өзгерістер болады?
Талдау жасау:
Ашушаңдық (агрессия): тікенектерінің болуы, тікенектері өте ұзын бір-біріне өте жақын орналасқан.
Қимылының ырықсыздығы, албырттығы: үзік-үзік сызықтар, қарындашты, қатты күшпен басу.
Менмендігі: ақ қағаздың ортасына суретті ірі, үлкен болып салынуы.
Тәуелділік, сенімділік: ақ қағаздың төменгі жағында салынған кішкентай сурет.
Наразылық, ашықтығы: қосымша бұтақтардың болуы, суреттің пішінінің ерекше болуы.
Тұйықтығы, сақтығы: кактустың жиекьерінің немесе ішкі жағының иректеліп салынуы.
Оптимизмдігі: ашық түстерді қолдану.
Бойындағы қорқыныш сезімі: қара түстерді қолдану, қалың сызықтармен салу, үзік-үзік сызықтар.
Жұмсақтығы, нәзіктігі: әшекейлеп гүлмен безендірілуі, жіңішке сызықтар, суреттің әдемі салынуы.
Экстраверттілігі: (сыртқы әлеммен қарым-қатынасы): басқа кактустардың, гүлдердің болуы.
Интроверттілігі: (өзінің ішкі әлеміне енуі): тек бір кактус қана салынған.
Үйін қорғауға ұмтылуы: гүл отырғызатын құмыраның болуы.
Жалғыздыққа ұмтылуы: жабайы кактустың суреті салынған.
8 дөңгелекше әдістемесі.
Мақсаты: зерттеуші тұлғасының өзін-өзі бағалауын анықтау.
Нұсқау: Балалар, алдарыңызда тоғыз дөңгелекше берілген сол дөңгелекшенің біреуіне өзіңізді орналастырыңыз. Өзіңіз таңдаған дөңгелекшеге + белгісін қойыңыз.
OOOOOOOO
Қорытынды: 1-2 дөңгелекше -өзін-өзі бағалауы төмен.
2-6 дөңгелекше -өзін-өзі бағалауы орташа.
7-10 дөңгелекше - өзін-өзі бағалауы жоғары.
Керн – Йерасик тесті
Керн – Йерасик тесті баланың мектепке баруға қажетті фукцияларының қалыптасуын: ақыл-ой дамуы, оқу тапсырмаларын орындау, бейнелеу өнері дағдыларының қалыптасуын тез анықтауға мүмкіндік береді.Тест тапсырмаларын орындау баланың ерік-жігер деңгейін анықтайды, өйткені белгілі уақыт аралығында оған онша ұнай қоймайтын іспен айналысуға тура келеді.
Бала жазбаша әріптер мен геометриялық фигураларды бейнелеген уақытта (мектепке дейінгі жастағы балалар үшін бұл тек қана абстрактылы нысандар) тапсырмалар принциптерін «еліктеу үлгісі» және «меңгеру үлгісін» түсіне алуы мен психикалық даму деңгейінің жеткілікті екені анықталады. Сондай-ақ тест тапсырмалары қол буынының ұсақ бұлшықеттері мен биязы қозғалысының үйлестірілуінің айқындылығын, яғни, жазу дағдыларының жетілдірілуі мен сурет сала алуы туралы түсінік беріледі.
Керн-Йерасик тестін жеке балаға және топқа қолдануға болады.
Тест 3 тапсырмадан: ұсыну бойынша фигураны салу, жазылған сөйлемнің графикалық қайталануы және нүктелерді белгілі бір кеңістікте орналастырудан тұрады. Тапсырманы орындау уақыты шексіз, баланы асықтырмау қажет, себебі ол неге қабілетті екенін көрсетуі қажет.
Тестті орындау барысында көмек көрсетуге тыйым салынады.
Егер бала тапсырманы орындау барысында тыныштық сақтамай, орнынан тұрып немесе жүгіріп, қолын сермеу т.б. қимылдар жасайтын болса, бұл баланың эмоциялық еріктік саласында әлі жетілмегендігін көрсетеді.
1тапсырма.
«Қандай да бір ер адамның суретін өз мүмкіндігіңше сал». Одан басқа қосымша анықтама беру қажет емес. Көмек беру мен қателіктерін түзеуге тыйым салынады.

1балл – салынған фигураның басы, денесі, қол-аяқтары бар. Дене мен басты мойын жалғастырып тұр(ол денеден үлкен болмауы тиіс). Басында шаштары болуы қажет (мүмкін бас киім немесе шляпа) және құлағы. Бет келбетінде – көзі, мұрны, аузы бар.Дененің жоғары бөлігі бес саусақтың болуымен аяқталуы қажет. Ер адам киімінің бөліктері болуы керек.
2балл – 1баллдық жүйенің бағалау кезіндегі барлық талаптардың орындалуы. Мүмкін 3 бөліктің – мойын, шаш және бір қол саусағының болмауы, бірақ бат әлпеттің барлық мүшелері болуы қажет.
3балл – суреттегі фигураның басы, денесі, қолы және аяғы бар, бірақ тек бір сызықпен салынған. Мойыны, құлағы, шашы, киімі, қол саусақтары мен аяқ бөліктері жоқ.
4балл – аяқ-қолы мен басы бар сурет. Әрбір аяқ-қол (тек бір жұп) бір сызықпен бейнеленген.
5 балл – дене, қол, аяқтың айқын белгілері жоқ. Каракули.
2-тапсырма.
Бала суретті салуды аяқтаған соң парақты аударуын сұрау қажет. Себебі парақтың арғы жағында сөйлемнің үлгісі жазулы тұр.
«Мында не жазылған қарашы? Сен әлі жаза алмайсың. Мұны сурет деп елестетіп, мүмкіндігінше тура осылай салып көр».

1балл – баланың салған суретін оқуға болады. Әріптері үлгімен салыстырғанда екі есе үлкен және үш сөзді құрайды. Жол түзу сызықтан 30 ` қисық.
2балл- сөйлемді оқуға болады. Әріптер үлкендігі жағынан үлгіге ұқсас. Әріптердің мүсінділік жағы міндетті емес.
3 балл – әріптер кем дегенде 2 топқа бөлінуі қажет. Ең болмаса 4 әріпті оқуға болады.
4балл – үлгімен 2 әріп ұқсас. Әріптердің барлығы ең болмаса жазуға ұқсайды.
5балл – каракули.
3-тапсырма.
«Мұнда нүктелер бейнеленген. Сенде тура осылай параққа салып көрші».

1балл – үлгінің тура қайталануы. Дөңгелектер емес, нүктелер салынған. Көлденең және тігінен сызықтардың симметриясы сақталынған.Кез келген фигура екі есе үлкеюі немесе кішіреюі мүмкін.
2 балл – симметрия болмашы ғана бұзылуы мүмкін. Бір нүкте бағаннан немесе жолдан шығып тұр. Нүктенің орнына дөгелектер салынуына болады.
3балл – нүктелер тобы қашықтықтан үлгіге ұқсайды. Барлық фигура симетриялық бұзылуы мүмкін. Жоғарыдан немесе төменнен аударылған бес бұрышқа ұқсайды. Нүктелер көп немесе аз болуы мүмкін.
4 балл – нүктелер топталып салынған. Олардың тобы кез келген фигураға ұқсайды. Нүктелердің үлкендігі мен саны маңызсыз. Басқа бейнелер, мысалы, сызықтарға жол берілмейді.
5балл – каракули.
Бұл тесттің жалпы зерттеу нәтижесі жеке тапсырмалардың сомасына тең.
Барлық тапсырмаларды орындауда 3-5 балл алған бала психомоторлық даму деңгейі бойынша кемел, яғни, мектепке баруға дайын деп бағаланады.
6-7 балл мектепке дайындықтың орташа деңгейде екенін көрсетеді. Бұл жағдайда қолайлы болжам айтуға болады.
8-9 балл мектепке дайындық деңгейі ортадан төмен. Бұл бала қосымша сабақтарды қажет етеді. 10 және одан көп балл алған бала психомоторлық даму жағынан мектепке дайын емес деп есептелінеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әдістемлер жинағы

шағым қалдыра аласыз