жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Adobe Photoshop бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН облысы АДАМИ ӘЛЕУМЕТТІ ДАМЫТУ басқармасы
АҚСУКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Adobe Photoshop бағдарламасының қолданылуы:
тиімділігі мен кері әсері»
Аннатоция
Өнердің қолданылу аясында шек жоқ, ерекше орынға сурет өнерін, соның ішінде компьютерлік графиканы қолдану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын қазіргі таңда техниканың даму ғасыры көрсетуде. Жоба барысында Adobe Photoshop бағдарламасының шексіз мүмкіндіктерін қолдану арқылы көптеген нәтижелерді көруге болады.
Кіріспе
ХХІ ғасыр техника мен ақпараттық, компьютерлік технологиялардың соның ішінде ең бастысы компьютерлік графикалардың алға дамып, уақыт өткен сайын өз шарықтау шегіне жетуде. Бүгінгі таңда кез-келген салада компьютерсіз қызмет етуді елестету мүмкін емес. Ең басты жұмыс күші компьютердің көмегімен жүзеге асуда, сондықтан ондағы әртүрлі бағдарламаларды игеріп, жан-жақты зерттеп, оны іс жүзінде қолданудың өзі үлкен жетістік.
Photoshop графикалық редакторы – суретшілер мен дизайнерлер, фотографтар үшін ең негізгі бағдарламалардың бірі. Бүгінгі таңда Photoshop бағдарламасы растрлық графикалық редакторлардың ішінде ең жоғарғы деңгейде тұрған өте беделді бағдарлама.
Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері шексіз сондықтан оны жан-жақты игеріп, әртүрлі салада қолдануға болады атап айтатын болсақ:
-
Қарапайым құжатқа суретке түсу барысында;
-
Балабақшадан мектеп бітіргенде, тіпті жоғары оқу орындарын бітірген кезде естелік ретінде суретке түсу;
-
Сайт беттерінде суретті көркемдеу оны жан-жақты етіп сәндеу, әртүрлі стильде қолдану;
-
Кез –келген ескі суретті жаңалап, оны нақыштап, оған әртүрлі эффектілер беру;
-
Газет беттерін сәндеу;
-
Суреттерді шаблондарға қолдану;
-
Логотип жасау;
-
Визит карточкаларын жасау;
-
Шақыру, құттықтау билеттерін жасау;
Графиктік редакторлар –бұл графиктік объектілерді құру, редакторлау мен өңдеуге негізделген қолданбалы программа.
Растрлік графика-бұл экранның графиктік торларындағы пиксельдер жиынтығынан тұратын кескін.
Векторлық графика – бұл геометриялық объектілердің жиынтығынан тұратын кескін.
Графиктік редакторлардың мүмкіндіктері:
-
Графиктік бейнелерді салу мен оны редакторлау құрал-саймандарын және кез- келген бояуларды қолдану.
-
Бейнелердің кез- келген бөлігін қиып алып жалғау және оны өшіру мүмкіндігі.
-
Бейнелердің кішкене бөлік үзінділерін өңдеп, үлкейту (электорндық линза режимі).
-
Суреттерді мәтінмен толтыру (хабарландыру, плакаттар, визиткалық карточкалар, жарнама және т.б.).
-
Сурет үзінділерін түрлендіру (масштабын өзгерту, суреттерді бұру, көшіру, орын ауыстыру және т.б.).
-
Графиктік файл түрінде сыртқы тасымалдаушыларға суреттерді сақтау.
Жоба барысында графиктік редакторды қолдану барысында әр түрлі тәжірибелерді алуға болатындығы қарастырылады. Photoshop бағдарламасында жасалған тәжірибелер басқа бағдарламаларға қарағанда өте сапалы, мүмкіндігі шексіз екендігін көруге болады.
Зерттеу бөлімі
«Adobe Photoshop бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері»
1.1 Жобаға қажетті материалдар мен ресурстар:
Жабдықтар - технологиялар
-
Фотоаппарат
-
компьютер
-
принтер
-
сканер
-
флешка
-
интернет- байланысы.
Бағдарламамен жабдықтау технологиясы
-
операциондық жүйе Windows XP/Vista/7/8/10
-
суреттерді өңдеу бағдарламасы Adobe Photoshop.
1.2 Adobe Photoshop бағдарламасының даму тарихы
Photoshop бағдарламасының шығу тарихы өте ертеден басталған, нақты уақыты көрсетілмеген. Негізін салушыларға Томас Нолл мен Джон Нолл атауға болады. Балалық шақтарынан бастап әкелері оларға компьютерлік техникамен сурет салу өнеріне баулыған. Әкесінің фотозертханасына Томас түскоррекциясын терең зерттеуді бастаған, олардың қызығушылығы арта түскен. 1984 жылы әкесі балаларына ең бірінші Макинтоштардың бірін сатып береді, бұның функционалдың мүмкіндіктері Томас пен Джонның көңілінен шықпады, сондықтанда жаңа бағдараламаның шығуына себеп болды және де бұл бағдарлама шексіз мүмкіндіктерге ие болатын, миллиондаған доллар кіріс кіргізетін ең беделді бағдаралмалар қатарына кірді.
1987ж. Джон Нолл Lucasfilm фирмасының бөлімшесі Industrial Light and Magic (ILM) – жұмыс істеді, (“Stars Wars”) «Жұлдыздар соғысы» жобасына арнайы эффектілер енгізумен айналысты. Ал Томас болса осы уақытта суретті өңдеу процессін зерттеуге диссертация жазумен айналысты. Джон «Компьютердің негізгі графикикасы» атты кітап жазды. Ағайындылар екеуі бірлесе отырып, күрделі де әмбебап суретті өңдеу процессін жүзеге асыратын бағдарлама жасады Display. Уақыт өте келе Джон жаңа түрлі түсті экраны бар Макинтош II сатып алды, Томасқа Display түрлі түсті суреттер үшін жаңалап жазуды ұсынды. Джон “Display” көп жұмыс жасаған сайын ол одан, көп функциялардың орындалуын талап етті: түс гаммасын коррекциялау, импорт және файлдарды әртүрлі форматта сақтау, және тағы басқа қажеттіліктер. Уақыт өте келе Томас инновациялық әдістеме ойлап тапты, яғни суреттің жеке бөлігін бөліп алу, онымен ары қарай өңдеуді, суретті өңдеу қосымшалары оған әртүрлі әрлеу беруді кейін келе ол келе – “Plug-ins” атауымен таныс бола бастады. Содан кейін түс өңін беруді құрастыру, баланспен басқару функциясы, түстерді басқару және жарқырату. Бұл мүмкіндіктер Photoshop бағдарламасының негізін құрады, сол уақытта бұл бағдарламалар зертханаларда арнайы жабдықталған бағдарламаларда ғана болған. 1988 жылы «Display» бағдарламасы, “ImagePro” атауына ауысты. Сол уақытта бағдарлама заманауи болды, Томас бұл бағдарламаны коммерциялық негіз түрінде сатуды ойлады. Осындай негіздердің, талаптардың артуына байланысты бағдарлама өзінің даму тарихын бастады.
XXI ғасырдың даму барысында қолданыста ең сапалы, ең қажетті бағдарлама ретінде жоғары деңгейге шыққанына сол кезде негізін салушылардың еңбегін ерекше бағалауға болады. Бұл бағдарлама жыл өте келе өзінің кемшіліктерін біртіндеп толықтыру арқылы бүгінгі таңда ең жоғары талғаммен, жоғары әмбебап бағдарламаны құрауда.
1.3 Adobe Photoshop графиктік редактормен жұмыс жасау режимі
Сурет салу: жұмыс алаңында құрал-саймандарды бейнелеу орналасқан. Суретші сурет салады, оны редакторлайды, сурет үзінділерін бөліп алып, құрастырады. Құрал –саймандар панелінің қызметі:
Белгілеу құралдары:
|
|
Аймақ (область). Тік төртбұрышты облыс - кескінді жүгіртпе пунктир ретінде белгілеу. Shift пернесін баса отырып бірнеше белгілеулер жасап жылжытуға болады. Alt пернесімен басу аймақтағы белгілеуді өшіреді. |
|
|
Эллипстік облыс (овальная область). Кескін аймағын эллипстік контур ретінде белгілеу. Облысты шеңбер формасында белгілеу үшін Shift пернесін баса отырып белгілеулер жасаймыз. |
|
|
Пиксель қатары және пиксель бағаны (вертикальная и горизонтальная строка). Пиксель қатары – бұл құралды тандай отырып тышқан көмегімен кескіндегі жүгіртпе пунктир түріндегі сызықты белгілей аламыз. Пиксель бағаны - бұл жоғардағы сайманың қызметіндей қызмет атқарады, бірақ горизанталь емес вертикаль түрінде белгіленеді. |
|
|
Лассо. Белгіленген барлық аймақты бөліп алады. |
|
|
"Сиқырлы таяқша" (волшебная палочка). Түстердің ұқсастығына байланысты пиксельдерді бөліп алады. |
|
Сурет салу және бояу құралдары: |
|
|
|
Өшіргіш (ластик). Кескін пиксельдерінің түпнұсқасын фондық түспен бояу арқылы өшіру үшін қолданылады. |
|
|
Қалам (карандаш). Өткір шеттері бар сызықтарды салуға мүмкіндік береді. |
|
|
Пипетка. Негізгі және фондық түске кескіннен алынған түсті немесе "Синтез" және "Каталог" палитраларынан алуға мүмкіндік береді. |
|
|
Стрелка. Түйін нүктелерінің орын ауыстыруы арқылы контурдың формасын өзгертуге қолданылады. |
|
|
Редактрлеу құралдары: |
|
|
Мәтін (текст). Биттік мәтін құруға мүмкіндік береді. |
|
|
Қол (рука). Экранға сыймай қалған кескін бөліктерін көруге мүмкіндік береді. |
|
|
Масштаб. Кескінді үлкейтеді және кішірейтеді. |
|
|
Орын ауыстыру (перемещение). Ерекшеленген аймақтарды, қабаттарды және бағыттауыштарды орын ауыстыруда қолданылады. |
|
Суретті бояу құралдары: |
|
|
Саусақ (палец). Кеппеген бояуды саусақпен жағу эффектісін қайталайды. |
|
|
Штамп. Тура немесе кескін элементтерінің өзгерген көшірмесін және сол кескіндегі немесе басқа құжаттағы түстік үлгілерін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. |
|
|
Жарықтату (осветлитель). Кескіннің жеке бөліктерін жарықтандыруға мүмкіндік береді. |
|
|
Жұмыс ортасын күйге келтіру құралдары: |
|
|
Стандартты режимде редактрлеу. Photoshop-пен жұмыс істегенде негізгі функциялар режимін орындайды. Мұнда ерекшеленген аймақ қозғалып тұрған пунктирлік шекаралар арқылы көрінеді. |
|
|
Жылдам маска режимінде редактрлеу (редактирование в режиме Быстрой маски). Уақытша маскаларды құруда және редактрлеуде қолданылады. Бұл бір уақытта маскаларды және кескіндерді көруге мүмкіндік береді. |
Меңзер –бұл «құрал -саймандар» меню алаңында орналасқан көрсеткіш. Қолданушы оның көмегімен қажетті құрал-саймандарды таңдайды, сызықтардың енін анықтайды, бояулар өрнегін таңдайды.
Сурет салуға қажетті түстерді таңдау
Меңзер экран алаңында түстер палитрасымен қатар орналасқан. Онда түстер фоны мен суреттің түсін таңдауға болады. Кейбір графиктік редакторларда қолданушының палитраны өзгерту мүмкіндігі бар.
Сыртқы құрылғымен жұмыс
Бұл режимде операцияларды (дискіге, флешкага суретті жазу, дискіден суретті оқу және т.б.) орындау мен қағазға графиктік бейнелерді шығруға болады.
Adobe Photoshop – бұл фотография мен суреттерді редакторлау мен құруға негізделген программа.
Adobe фирманың атауы. Осы фирмада төмендегідей программалар жасақталған:
-
Adobe Illustrator – векторлық графика редакторы. Бұл программаның версиясы PDF форматындағы файлдарды редакторлау мен оны ашуға мүмкіндік береді.
-
Adobe Dimentions – үшөлшемді графика редакторы. Бұл программа Macintosh типті компьютерлер үшін жасақталған.
-
Adobe Streamline – сканерден өткізілген нүктелі бейнелерді векторлық графикаға түрлендіруге негізделген программа.
-
Adobe Photoshop –нүктелі графика редакторы.
-
Adobe Pagemarker – полиграфиялық және типографиялық баспалардың құжаттарын түрлендіруге негізделген программа және т.б.
Adobe Photoshop программасымен жұмыс жасау барысында қолданылатын терминологиялық сөздіктер:
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген