Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
"Адыраспан- дәрілік шөп " ғылыми жоба
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп - гимназиясы»ММ
Автор: Сапанова Мерей Мейрамқызы
Сыныбы: 3 «Ә»
Жобаның тақырыбы:
Адыраспан – дәрілік шөп.
Бағыты:Таза табиғи орта – Қазақстан 2030 Стратегиясын іске асырудың негізі
Секция:қоршаған орта және адам денсаулығын сақтау
Пәні: дүниетану
Жетекшісі: С.М.Махмутова.
Боровской селосы
Жобаның басталуы: 2018ж
Аннотация
Мақсаты: Aдырaспaн - қacиeтті, дәрілік өcімдік eкeндігінe зeрттey жүpгізy.
Гипотеза: (болжам) менің таңдаған мамандығым дәрігер болғандықтан,мен келешекте осы адыраспанның емдік қасиетін қолдансам, онда денсаулығында ақауы бар адамдарға көмектесіп, тегін емдеп, мақсатыма жетер едім.
Зерттеу кезеңдері:
1.Дайындық кезеңі: тақырыпты анықтау, мақсатын, болжауын айқындау,зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру.
2.Теориялық кезеңі: тақырып бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді оқу және талдау, іздену, кездесу және қажетті деректерді жинақтау,жүйелеу.
3.Қорытынды кезеңі: алынған нәтижелерді пайдаланып,өмірмен байланыстыра отыра қорытындылап және ұсынысты дайындау, ғылыми жобаны қорғау.
Зерттеудің әдістемесі: материалды жинақтау, іріктеу, сұхбаттасу, сауалнама алу және ақпарат көздерінен мәлімет алу.
Зерттеудің жаңалығы: Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі өсімдіктер дүниесінен жасалады екен.
Нәтижесі: іздену арқылы зерттеу жұмысының алға қойған мақсатымның орындалуы, болжамның дәлелденуі.
Қорытындыларын практикалық қолдану салалары: зерттеу жұмысының алға қойған мақсаттарын орындай отырып, қазіргі медицинада адыраспанның емдік қасиеттерін қолдану енгізілсе.
Annotation
Aims: do research that Adyraspan is sacred, medicinal plant.
Hypothesis: (a guess), I chose the medical profession, and in the future I would like the healing properties of this adierazpena, I would help people with health defects, were treated free of charge and would achieve their goal.
Investigation phase:
1. The preparatory stage: the definition of the topic, the definition of the goal, forecasting, development of methods and techniques of research.
2. Theoretical stage: study and analysis of various scientific literature on the topic, search, meeting and collection of necessary information, systematization.
3. Final stage: preparation of proposals and conclusions using the results related to life, protection of the scientific project.
Research methodology: collection, selection of material, interviews, questionnaires and obtaining detailed information from sources.
The novelty of the study: in the process of human life occupies a special place flora. More than 40% of medicines used in modern medicine are made from the plant world.
Result: fulfillment of the research objectives by searching, the validity of the forecast.
The field of practical application of the findings: in modern medicine, fulfilling the goals of research, the use of medicinal properties of adyraspan is introduced.
Жұмыстың зерттеу бөлімі.
-
Кіріспе. «Халықтық дәрі – дәрмектер»
-
Негізгі бөлім
1.Адыраспанның емдік қасиеті
2.«Адыраспан – пайғамбар шөбі»
3.Адыраспанның өсіп-өнуі, табиғатта таралуы
4.Сен білесің бе? (Адыраспан тұқымдасы)
-
Қорытынды
-
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Мың теңге тұратын дәрі
дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр
халық даналығы
1.1. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген.Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергеяның шығуы,иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ.Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қол - жазбалардан айқын көреміз.Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады.Өйткені олардың көпшілігі бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де айтуға болады,өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы, «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы аса пайдалы түрлері де бар. Сондықтан есік алдында өскен арамшөптерді бірден отап тастамай, олардың пайдалы қасиеттері жайында біліп алуға тырыссаңыздар дегім келеді.
Өсімдік –медициналық препараттардың сарқылмас көзі.Емдік қасиеті бар шөптерді айыра білу олардың шипалық ұрығы гүлінде, сабағында немесе тамырында болатынын, шөптің жинау мерзімін, дайындау әдісін білу – қиынның қиыны. Бірақ мұны білу керек. Мұны білмейінше шипалы дәрі жасауға болмайды.Ол үшін арнайы білім керек.Шөптердің құрамында организмге пайдалы немесе зиянды,тіпті улы заттардың бар – жоғын айыруда осы тәжірибеге сүйенеді.
Өткен ғасырдың алғашқы жартысында қазақтың халық емшілерінің практикасында қолдан жасалған әртүрлі дәрі – дәрмектерді пайдаланып жүргенін С.Большой: «Қазақ арасында болған кезімде емге санап, сыр,көк тас, ашудас қолданғанын көрдім. Осы заттарды барлық ауруды жазатын дәріге санап, тұмардай жанында сақтап жүреді. Бірақ олардың емдеп жазған науқасын көрмедім»,- деп жазады. Осындай дәрілер жайында басқа авторлардың да жазғандарын оқыдым.
Халық емінде өсімдік және импорттық дәрілер көрнекті орын алады. Қазақстанның кейбір аймақтарында «қымбат шөптің (сассапарель –тропикалық ыстық жақта өседі) тамырынан жасаған дәрінің мерезге ем болатынын ертеден білген. Ал сассапарель болмаған жерлерде «тамыр дәрі»түбірінен жасаған дәріні мерез ауруын емдеуге қолданып жүргенін К.Струве және В.Потанин де жазғанын білдім. Әрине, табиғи факторлардың денсаулыққа пайдасы, емдік қасиеті мол екені даусыз. Бірақ оларды пайдалану үшін терең білім, озық тәжірибе керек. Бұлжағдайлар халық емшілерінде бола бермейді.
Негізі бөлім
1.2 Aдaмзаттың тіршілік етуі бaрысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Coл көп ауруға қoлдaнатын дәрілік шөптерінің қaтарында мeні қызықтырып, зерттey нысаны етіп отырған aдыpaспaн дa бap.
1.3.Адыраспан "пайғамбар шөбі". Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Адыраспанды ирак халқы «Уарау Аспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен. Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрілік өсімдік ретінде пайдаланып келеді.
1.4. Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala). – түйетабандар тұқымдас тарамдалған бұтағы мол көп жылдық өсімдік. Бозғылт сары гүлдері жеке- жеке өседі, жемісі қоңыр түсті, ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік.. Өсімдіктің таралатын жері. Шөл, шөлейт, жайылымды жерде, тасты аймақта, құмды өзен мен көл жағасында, жақын ауыл аймақтарда, жол жағасында,үй маңында өседі.
Өсімдіктің аты |
Биіктігі |
Гүлдену мерзімі |
Кезесетін орны |
Пайдаланылатын бөлігі |
Жинау мерзімі |
|
Адыраспан |
30-80 см |
Маусым-шілде айлары |
Сортаң топырақты далада |
Шөбі,жапырағы, гүлі |
Тамыз,қыркүйек |
Бас ауруы,бел және асқазан т.б |
Адыраспан: асқазан тазалау,тарамыс ауруы,ұмытшақ,ревматизм,тіс ауруы,буын қабынуы, бел,сал ауруларына және бастың созылмалы ауыруына шипа бола алады.
Адыраспан – көпжылдық, иісі жағымсыз өсімдік.Сабақтары көп бұтақты.Жапырақтары кезектесе орналасқан.Бұтақтарының басында ақ түсті немесе сары гүлдері болады. Дәндері үш ұялы қорап ішінде. Маусым – шілде айларында гүлдейді.
Еліміздің (ТМД) көп жерлерінде, соның ішінде Орта Азияда, Қазақстан территориясында таралған.Жайылымда, далада, үй айналасында өседі. Дәрілікке адыраспанның шөбі пайдаланылады. Онда төрт пайыздай алкалоид бар. Халық арасында адыраспанды ревматизмді емдеуге пайдаланады. Ол үшін 100 г адыраспан шөбін беті жабылатын ыдысқа салып, үстіне 10 литр су құйып, 15 – 20 минут қайнатып, салқындағаннан кейін сүзіп, 37 – 38 градус температурада ваннаға құяды. Ауру адам әрбір екі күн сайын 10-15 минуттан осылай әзірленген ваннаға түсу керек. Емделу мөлшері 10 ванна. Керекті тұнба әр қабылдауға жаңадан дайындалғаны жөн.
1.5.Кәдімгі жұмсақ жеміс .Malacocarpus crithmifolius
(Адыраспан тұқымдасы)
Мәртебесі:сирек кездесетін, қалдық түр.Маңғыстау түбегі мен Солтүстік үстіртте кездеседі.Бұл – ежелгі Жерорта теңізі субтропикалық саванна қалдығының ең қиыр солтүстік таралу нүктесі.Қазақстан жерінен тыс Түркіменстан,Солтүстік Памир – Алай, Иран, Ауғанстанда таралған. Жартастарда, үстірт тік жарларында, тасты беткейлерде, құмды және сазды сортаң топырақтарда өседі.Төселіп өсетін әдемі бұта, ұзын бұтақтанған сабағының ұзындығы 1 метр. Сирек кездесу себебі – тұқымы арқылы нашар өсуі және топырақ жабынының бүлінуі «мұнай өндіру және тасымалдау жұмыстары кезіндегі бұрғылау жұмыстары мен құбыр салу). Кей жағдайда өте өсімтал, кескен ағаш түбірінен өсіп шығады. Сұлама бұтақтан тамырланады және атмосфераның ластануына төзімділік етеді. Сәндік бақ ісінде қолайлы (тік көгалдандыру). Ірі, жеуге жарамды жидегімен бағалы, құрамында С дәрумені көп. Мәдени түрде (Ташкент) жерлерінде жақсы гүлдеп, жеміс береді. Көшеттері екінші жылы гүлдейді. Жекеленген даралары ботаника бақтарында 30 жылға дейін, табиғатта 50 жылға дейін өседі. Үстірт қорығында қорғалады. Бұл адыраспанның тұқымдас өсімдігі жайлы мәлімет мен және менің достарым үшін өте маңызды мәлімет болды. Бұл қызыл кітапқа енген өсімдік болып саналады. Қызыл кітапқа тек сирек кездесетін түрлері ғана емес,көп кездесетін түрлері де енгізілген. Себебі, олар адамның тікелей әрекетінің әсерінен (дәрілік және техникалық шикізат ретінде жинау) азайып отыр. Бұған сәйкес шешім – оларды мәдени түрде өсіру, жабайы өскен шикізатты жинағанға қарағанда, көбіне бұл жағдай ұтымды болып отыр. Сондықтан біз, жастар шипалы өсімдіктерді қорғау және сатылуына жол бермеу үшін белсенді жұмыстар атқаруымыз қажет.
Осы адыраспанның емдік қасиеті жөнінде зерттеу жұмысымды толықтыру мақсатында аудандық емханаға және дәріханаға барып дәрі – дәрмек сататын дәрігерлермен кездесіп, біраз мағлұматтар алдым. Сонымен қатар өз сыныптастарыммен бар білген деректеріммен дүниетану, жаратылыстану сабағында ой бөлістім. Дәрілік қасиеті бар адыраспан шөбі жайында достарыммен сөз жұмбақ құрастырып, сауалнама алдым.
Оқушы шығармашылығы
Cөзжұмбақ "Адыраспан"
1.Адыраспанның құрамындағы улы зат( алкалоид).
2. Ауру сөзінің синонимі (дерт).
3. Адыраспанның қандай түрі бар?(қызыл)
4. Адыраспаннан бұлау жасайтын ауру түрі. (ревматизм)
5. Адыраспанның тұнбасын қандай ауруға ішеді? (асқазан)
6. Сабынның қазақша аты (сахар).
7. Ем сөзінің синонимі (шипа).
8. Адыраспанның гүлінің түсі (ақ).
9. Ағзаның ауруға қарсы тұру қабілеті (иммунитет)
II.Қорытынды
Адыраспан – дәрілік шөп.Сабы мен гүлінде уы болады.Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік.Биіктігі 30-80 см аралығында, көбіне 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді.Жаз – күз мезілінде жемісін береді. Қазақстанда оның 3 түрі бар. Оңтүстік Еуропа,Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл – шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу,Іле,Сырдария,Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А.(Р.harmala) өседі. Сабағы бұтақты , салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары, бозғылт – сары түсті және ол 1-3 топталып орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақбозғылт не қара түсті болады. Жемісі ішінде жуандығы 1 см ұрығы бар, қоңыр түсті,шар тәріздес қауашақ.
Емдік қасиеті.
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын , жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал – әрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын,түрлі тері ауруларын емдейді. Халық медицинасында А –ды буын ауруын емдеуге пайдаланады., қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сонымен қатар адыраспаннан жүн мен жіпті бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымымен көк шөбінен алынған тұнбасымен шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспанды мал жемейді. Жаз және күз мезгілінде жинап алған жемісін кептіріп сақтайды. Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті бар. Сондай-ақ тіс ауруына, буын сырқырағанда да шипасы бар.
«Адыраспан , адыраспан шыққан жерді сірә, баспан!» деп келетін тіркес сөздің айырықша мәні осында деп білемін.
Дала дәріханасы
Тақырға өсер тарбиып,
Тұрар бүрі арбиып.
Салалы әр бұтағы,
Бойына ащы нәр жиып.
Қандай ауру болса да.
Жұғымы оның соншама.
Күз келіп ол піскенде
Алуды жинап жөн сана.
Біле білсең тұрағы,
Көшкен жұртқа шығады.
Жаз бойы өңін өзгерпей,
Сарғайып қана тұрады.
С.Кеттебайұлы
III.Пікір
IV.Автордың жеке көзқарасы
Мен ғылыми жобамның тақырыбын «Адыраспан - дәрілік шөп» деп таңдаған себебім, өзім сәби кезімнен көп ауыра бердім, есімде қалғаны анашым мені бір әжеге апарып, адыраспанмен аластатқаны сол кезеңнен бастап,адыраспанның емдік қасиеті бар екеніне көзім жетіп, осы адыраспан туралы мәліметтерге шолу жасадым. «Талпынған жетер мұратқа» демекші, былтырғы жылдан бастап «Адыраспан – дәрілік шөп» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізуге бел будым. Осы жобамды зерттеуге сынып жетекшім мен анашымның қосқан үлестері зор.
Осы таңдап алған ғылыми жобаның мақсаттары мен міндеттерін іздену арқылы іске асыруға тырыстым. Ол үшін мен аудан және мектеп кітапханаларына, аудандық емхана дәрігерлеріне, биология пәні мұғалімімен және емші апалармен сұхбаттасып мәліметтер жинақтадым. Зерттеу жұмысының әр түрлі әдіс – тәсілдерін пайдалана отыра гипотезаны дәлелдедім. Ол көптеген деректер жинау және сауалнамалар алу арқылы орындалды. Осы жоба арқылы адыраспанның емдік құрал екенін дәлелдей алдым.
Менің ұсыныстарым
1. Адыраспан туралы әлі де тереңірек зерттегім келеді.
2. Қазіргі медицинада адыраспанның емдік қасиеттерін қолдану енгізілсе.
3. Дәрілік өсімдіктер жайында, оның ішінде адыраспан туралы газет, журналдарға арнайы үлкен ғалым аға - әпкелеріміз зерттеу мақалаларын жариялап тұрса.
4. Адыраспанды халық базарлардан сатып алып жүр. Олардың санитарлық тазалығына, сапасына, сақталу ережелерінің дұрыстығына ешкім жауап бере алмайды. Сондықтан адыраспан жапырағынан, дәні мен тамырынан дайындалған шай (ұнтақтар) дәріханаларда сатылымға шығарылса.
5.Өз жеріміздің дәрілік өсімдіктерін білгізу мақсатында демалыс айларында (жазғы 3 ай) мамандармен зерттеу жұмыстары өтілсе
6. Мектеп қабырғасында шипалы өсімдіктер айдарымен қабырға газеттері шығарылып тұрса
7. Осындай емдік шөптерді әсіресе адыраспанды жарнамалайтын дәріханаларда бұрыштар болса
8.Сәбилерге ішінде дәрілік шөптің қоспасы бар, жөтелге арналған тәтті кәмпиттер шығарылса
Қазақстан жерінде тұратын барлық адамдар салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулығымызды сақтай білейік!
Y.Жетекшінің пікірі:
Жасалған ғылыми жобаның авторы Сапанова Мерей Мейрамқызы сыныптың оқу озаты және белсенді, дарынды тұлғасы. Жобаның тақырыбын таңдаған мақсаты: өскенде дәрігер болуды көздеген оқушы медицина саласына қызығушылық танытқанымен қатар, сәби кезінде аурушаң болғандығының әсері деп ойлаймын. Сол себептен адыраспанның ерекшелігін, пайдасын, өсу жолын зерттей отырып, емдік шөп екенін ашу болды. Өзі таңдаған тақырыбы бойынша жоспарын құрып, жүйелі түрде іздену арқылы жұмыс жасады.Бұл оқушы өз жұмысына жауапты, белсенділік таныта отыра шығармашылық қабілеттілігін, ғылыми түрде көрсете біледі.Үнемі кітапханалармен байланыс жасау арқылы және ақпарат көздерінен мәлімет алу барысында қызығушылығын арттыра отыра жұмыс жасады.Іздену барысында аудандық емхана, дәріхана дәрігерлерімен және мектеп медбикесі, биология пәні мұғалімдерімен сұхбаттасу арқылы зерттеудің мақсатына жете білді.
Ғылыми жетекшісі: Махмутова Сауле Мурзашовна
YI.Пайдаланылған әдебеттер тізімі.
[1] «Қазақстан» ұлттық энциклопедия. І- том
[2] Жетісу. Энциклопедия. «Алматы: «Арыс» баспасы 2004712 бет
[3] Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану.Алматы: Қайнар1988 242
[4] «Дәрілік шөптерді білесің бе?» Л. Тастанбекова, Алматы, 2008 жыл
[5] «Қазақ халық медицинасы» Естөре Оразақов.1989 ж
[6] Ғаламтор жаңалықтары: http:/massaget.kz, kazaly-idb.kz, https: kosmos.eto-ya.com
[7] М.Оспанова. Ж.Лұқпанов Өсімдік – жанға шипа,дертке дауа.1992ж
[8] Л.К.Сафина. Е.П. Петров Жасыл аптека1992 ж.
[9] Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан-2030.
[10] Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы Алматы 2006ж
[11] Сұрақ және жауап Энциклопедиясы. Стив Паркер және Брайан Уильямс Алматыкітап 2006ж

