АЭС-пайда ма әлде жай ма?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

АЭС-пайда ма әлде жай ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
6октябрь 2024 жылы өткен референдум бойынша АЭС тің қаншалықты тиімді не тиімсіз екені жайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АЭС



Халықты даурықтырған, сананы шарпыған АЭС-тің жас ғұмыры не болмақ?

Қыршыннан қиылып, халық наразылығына тап бола ма? Әлде қарапайым жұртқа жарық емес, жоғарыдағыларға “ақша” атты энергия беретін құрылымға айнала ма? Бәлкім, жылдар белесін артқа тастап, онжылдықтың төңірегінде іске қосылар ма екен?..

Иә, заман талабына сай АЭС қыруар қаржыны талап етеді. Ал сол қаржы жолында кімдердің көз жасы төгілмек?Ақпараттың ғұмыры қысқа: бүгінгі жаңалық ертең-ақ ескіреді. Кешегі референдумда халық таңдауының сынына түскен бұл мәселе бүгінде өз арнасын тауып, жоспарлы түрде жүзеге аса бастағандай.Жақында интернет беттерінен АЭС-ті “РосАтом” салады деген ақпарат көзіме шалынды. Бұл мен үшін таңсық емес еді. Сіз секілді көзі қарақты оқырман үшін де бұл – жаңа дүние болмауы тиіс.“Әр үйдің салты басқа, иттері қара қасқа” демекші, елдегі саяси-әлеуметтік өзгерістер біреуге маңызды болса, біреуге бейжай көрінуі мүмкін. Дегенмен Ресейдің бұл жобаны қолға алатыны әлдеқашан белгілі болған.Қоғамда желдей ескен әңгіме – бұл шешімнің шынайылығы туралы. Кей деректерде сайлау учаскелерінде мұғалімдердің жәшіктерге қол сұғып жатқаны, АЭС-ке қарсы дауыс беру мүмкін болмағаны айтылады. Бұл – расталмаған дерек, бірақ халық аузында жүрген әңгіменің бірі.

Сөзіміздің мәйегі мынау:

АЭС салуға ниетті елдердің қатарында Ресей, Қытай, Франция және Оңтүстік Корея бар еді.

Ал Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына қарасақ, мұндай ірі жобаға өз күшімен кірісуі қиын шаруа.2023 жылғы ресми мәліметке сүйенсек, еліміз 17,5 триллион теңге табыс тапқан, алайда шығын көлемі 21,6 триллион теңгеге жеткен. Яғни бюджет тапшылығы — 3,2 трлн теңге. Бұл тапшылықты жабу үшін Ұлттық қордан 5,3 трлн теңге алынған. Бұл – шамамен 12 миллиард АҚШ доллары.Салыстыра кетсек, Freedom Holding негізін қалаушы Тимур Турловтың жеке капиталы – 7 млрд доллардан асады. Қарапайым арифметика сөйлеп тұр.

Кандидаттарға жеке-жеке тоқталайық:

Франция. Бұл елде 18 ядролық реактор бар, жалпы электр энергиясының 70%-ы АЭС арқылы өндіріледі. Жаңа АЭС салуға шамамен 10 млрд доллар қажет. Бірақ олар мұндай қаражатты басқа елге несиеге беру мәселесіне сақтықпен қарайды.Оңтүстік Корея. Бұл мемлекет Араб Әмірліктеріне “Барака” атты АЭС салып берген. Ол жерде арабтар қаржыны өздері бөлген, ал кәрістер мердігер рөлін атқарған. Бізде ондай қаржылық мүмкіндік жоқ екенін тағы еске салайық.Қытай. Теория жүзінде 10 млрд доллар несие беруі мүмкін. Бірақ бір шартпен: құрылыс Қытай компания арқылы жүргізілуі тиіс. Бұл жағдайда инвестиция бізде қалып қоймай, қайтадан Қытайға оралады. Мұндай тәжірибе Астанадағы атышулы LRT жобасында да көрініс тапқан.Ресей. Бұл бағытта нақты тәжірибесі бар ел. Түркиядағы “Аккую” АЭС соның дәлелі. Онда Ресей барлық құрылыс пен инвестицияны өзі көтереді. Алайда салынған АЭС біраз жыл бойы Ресейге тиесілі болады. Түркия өз аумағындағы станциядан өндірілген электр үшін Ресейге ақы төлейді. Бұл – қаржысы жоқ елдерге ұсынылатын “қолайлы” шарт.

Бинго!

Қазақстанда АЭС салуға қажет қаражат жоқ. Ал Ресей бұл жобаны өз мойнына алуға дайын.Алайда бұл – еліміздің энергетикалық нысаны белгілі бір уақыт аралығында Ресейге тиесілі болатынын білдіреді. Бұл жағдай “Байқоңырдың” тағдырына ұқсап кетуі мүмкін.Қазір электр энергиясының орташа бағасы 15–30 теңге шамасында. АЭС іске қосылған соң, бұл тариф екі есеге дейін өсуі ықтимал.

Жақсы, АЭС-ті кім салатыны белгілі болды.

Ал енді мына сұрақтар жауапсыз қалып отыр:

Бұл құрылыс қай жерде жүргізіледі?

Қай стандарттарға сай салынады?

Қауіпсіздік мәселесі қалай реттеледі?

Халықпен толық әрі ашық түсіндіру жұмысы неге жүргізілмейді

АЭС — арзан әрі тұрақты энергия көзі.Бірақ таяқтың екі ұшы бар: тиімділік пен қауіпсіздік.Бұл – балансты талап ететін күрделі мәселе.“Арыз – шайтанға жазылған жалбарыну” дейді халқымыз.Шағымданып қана қоймай, азаматтық көзімізді ашып, еліміздің болашағына әсер ететін тағдырлы істерге бейжай қарамайық.АЭС – жай ғана құрылыс емес. Ол – ұлттық қауіпсіздік, саяси тәуелсіздік және

экономикалық мүдде мәселесі.Бастысы – бұл шешім халық мүддесімен үйлесуі тиіс.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2025
6
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі