Материалдар / Африка материгін қайталау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Африка материгін қайталау.

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың Африка табиғаты, халқы, климаты, ішкі сулары және табиғат зоналары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
643
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ашық сабақ

Ақпараттық – коммуникациялық технологияға негізделген сабақ жоспары:

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:Африка материгін қайталау.

Сабақтың мақсаты:

а ) Білімділігі: оқушылардың Африка табиғаты, халқы,

климаты, ішкі сулары және табиғат зоналары

туралы алған білімдерін тексеру, қайталау, бекіте түсу.

ә) Дамытушылық : оқушының ойлау, есте сақтау қабілетін

арттыру,дүние танымдық көз қарасын

қалыптастыру, қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.

б) Тәрбиелік: ұжымдық қарым-қатынас, ынтымақтастық,

бірлікке, бір-бірін сыйлауға, тыңдай білуге

тәрбиелеу.

Сабақ типі: қайталау – жинақтау сабағы.

Сабақ әдісі: топтық жұмыс, сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: биология, тарих.



 ІІ. Сабақ тақырыбы бойынша жұмыс:

Бүгін біз сендермен «Африка»тарауына  қайталау сабағын өткіземіз.

  (Сынып 2 топқа бөлініп отырғызылады.Әр топ өз топбасшыларын өздері сайлайды.Әр топтың атаулары алдарына көрнекілік ретінде жазылып қойылады).





Сайыс бөлімдері:

  1. Мемлекеттердің орнын табу

  2. Африкаға саяхат

  3. Сөзжұмбақ шешу

  4. Сәйкестендіру тесті

  5. Координаттар анықтау

  6. Алтын сандық” сұрақтары

Мен өзім оттай ыстық жермін,

Қазір де әл - ауқатты бірнеше елмін.

Египет, Алжир, Марокко бар,

Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,

Тауларым бар Килиманджаро, Айдаһар

Нил, Замбези суым қандай!

Виктория, Чад көлдер, тұзды көлім,

Тамаша көрген адам таң қалғандай.

- Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Африка)

Тамаша көрген адам таң қалғандай.
- Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Африка)
- Алдынғы сабақтарда Африка туралы не үйрендіңдер? не білдіңдер?
- Осы материктің географиялық орны мен таныстық, табиғат зоналары, елдері және халқы туралы көп білім алдық.
- Бүгін Африка материгі тарауының соңғы сабағы, соңдықтан алдымызға қандай мақсат қоямыз?
- Алдынғы сабақтарда алған білімдерімізді пысықтап, жинақтап қорытынды сабақ өткіземіз.
- Жақсы, онда сабақта сендерге сәттілік тілеймін...

1)    «Мемлекеттердің орнын табу»  (үлкен көлемде етіп жасалған материктің кескін картасының қалташаларына оқушылар мемлекеттердің аттары жазылған қағаз қиындыларын дұрыс салып орналастырады)

2)    «Африкаға саяхат»  (интерактивті тақта арқылы ойын түрінде жасалған слайд арқылы материктің солтүстігінен оңтүстігіне дейін қазыналы аймаққа жолында кездескен сұрақтарға жауап бере отырып екі топ нар түйе және  пілмен саяхат жасайды)

1)    Нигерия қандай ел, халқы қандай кәсіппен шұғылданады?(Нигерия халқының саны жөнінен Африкадағы ең ірі ел. Халқының  саны 125 млн-нан асады. Нигерия ауыл шаруашылығымен айналысатын ел,соңғы жылдары өнеркәсіп те қарқынды дамуда.)

2)    Оңтүстік Африка Республикасы туралы не білесіңдер?(Оңтүстік Африка Республикасы шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді.Африка халқының6%-ы ғана тұратын Оңтүстік Африка Республикасында материктегі өнеркәсіп өнімінің 40%-ы өндіріледі.)

3)    Судан халқы қандай кәсіппен айналысады?(Суданда қой шаруашылығы дамыған. Өзен – көлдер бойында халық балық аулаумен және балық өңдеу шаруашылығымен айналысады.)

4)    Гвинея елінің табиғат байлықтары?   (Гвинея елінде алмас пен алюминийдің өте ірі кен орындары орналасқан.)

5)    Жерорта теңізінің жағалауындағы ірі портты қалаларды ата?(Касабланка, Рабат, Александрия,Триполи,Алжир, Тунис)

6)    Ніл аңғарындағы ең ірі қала туралы не білесіңдер? (Каир қаласы  973 жылдан Египеттің (Мысырдың)  астанасы. Бұл ежелгі қала өзіндік сәулет  өнері ескерткіштерімен, дүниедегі керектің барлығын табуға болатын шығыс базарымен ерекшеленеді.

7)    Кения жерінің табиғаты қандай дақылдар өсіруге қолайлы?

(Кения жерінде шайдың бағалы түрлері өсіріледі. Құнарлы топырақ және жауын – шашынның жеткілікті болуы астық дақылдары мен тропиктік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді).

3)    «Сөзжұмбақ шешу»

 

4)    «Сәйкестендіру тесті»

5)    «Алтын сандық» сұрақтары (сандықша ішіндегі шарларда сабағымызға байланысты термин сөздер берілген:

НАМИБ,ЧАД,ГОНДВАНА,ОКАПИ,БАОБОБ,СОМАЛИ,ЛИВИНГСТОН,КИЛИМАНДЖАРО,ПИГМЕИ,КОНГО)

6)    Координаттар анықтау (географиялық  координаттарды пайдаланып, карта көмегімен материктің шеткі нүктелерін анықтау) 150с.е. 180б.б.    350о.е. 200ш.б.









7)Тест тапсырмалары

І нұсқа

  1. 1.      Көлемі жөнінен Африкадан үлкен материк:
    A) Солтүстік Америка    B) Антарктида    C) Евразия   D) Оңтүстік Америка   E) Австралия
    Дұрыс жауап: C

  2. 2.      Альпі мен Гималай тауларымен бір мезгілде қалыптасқан Африканың таулары:
    A) Эфиопия таулы қыраты   B) Атлас таулары   C) Шығыс Африка таулары   D) Митумба тауы
    E) Дракон таулары   Дұрыс жауап: B

  3. 3.      Африканың жанартаулар көп орналасқан аймағы:
    A) Шығыс Африка таулары    B) Атлас таулары    C) Мадагаскар аралы   D) Сахара шөлі
    E) Намиб шөлі    Дұрыс жауап: A

  4. 4.      Африкада биік, әрі ұзын тау тізбектерінің болмауы:
    A) Экватор материкті қиып өтеді    B) Геосинклинальды аймақта орналасқан
    C) Жауын-шашын көп жауады    D) Ежелгі платформада орналасқан
    E) Сейсмикалық аймақта орналасқан   Дұрыс жауап: D

  5. 5.      Африкада суық ағыстар … септігін тигізеді:
    A) Жауын-шашынның көбеюіне    B) Жауын-шашынның азаюына   C) Жауын-шашынның маусым бойынша біркелкі таралуына
    D) Жауын-шашынның жаз кезінде көп түсуіне    E) Жауын-шашынның маусым бойынша біркелкі таралмауына
    Дұрыс жауап: B

  6. 6.      Африка елдері:
    A) Алжир, Сирия, Иордания   B) Судан, Камерун, Либерия    C) Нигер, Непал, Гвиана   D) Колумбия, Парагвай, Уругвай
    E) Суринам, Судан, Чад    Дұрыс жауап: B

  7. 7.      Африка жағалауын мұхит шайып жатыр?
    А) 1    В) 2   С) 3    D) 4    Е) 5    Дұрыс жауап: В

  8. 8.      Африка материгіндегі ең ежелгі мемлекет
    А) ОАР    В) Египет    С) Алжир    D) Сомали    Е) Мозамбик     Дұрыс жауап: В

  9. 9.      Конго өзенінің алабы орналасқан климаттық белдеу
    А) Субтропиктік және тропиктік    В) Экваторлық   С) Субэкваторлық және тропиктік   D) Экваторлық және тропиктік
    Е) Қоңыржай    Дұрыс жауап: В

  10. 10.  Африканың ең биік нүктесі
    А) Атлас    В) Кап    С) Килиманджаро   D) Айдаћар   Е) Шығыс Африка   Дұрыс жауап: С

 

ІІ нұсқа

  1. 1.      Африкадағы жер қыртысының ең ірі жарығы өтетін ауданы
    А) Шығыс Африка таулы қыраты   В) Тибести таулы қыраты   С) Ахаггар таулы қыраты
    D) Дарфур үстірті   Е) Аир үстірті   Дұрыс жауап: А

  2. 2.      Секретарь құсы тіршілік ететін зона
    А) Саванналар   В) Қоңыржай белдеудің шөлдері    С) Прерийлер
    D) Тропиктік шөлдер    Е) Экваторлық ормандар   Дұрыс жауап: А

  3. 3.      Африканың ең биік нүктесінің биіктігі /м/
    А) 5895   В) 4925   С) 6698  D) 7135    Е) 5100     Дұрыс жауап: А

  4. 4.      Африкадағы жауын-шашынның ең көп жауатын жері
    А) Жерорта теңізінің жағалауы     В) Мадагаскар аралы    С) Үнді мұхиты жағалауы   D) Гвинея шығанағы жағалауы
    Е) Материктің оңтүстігі    Дұрыс жауап: D

  5. 5.      Африканың оңтүстік-батысындағы жағалық шөл
    А) Үлкен Нефуд    В) Виктория    С) Намиб   D) Атакама   Е) Руб-эль-Хали   Дұрыс жауап: С

  6. 6.      Африканың ауыл шаруашылығына қолайлы табиғат зонасы
    А) Экваторлық ормандар    В) Шөлдер С) Шөлейттер    D) Тропиктік Сельвао   Е) Қатты жапырақты ормандар   Дұрыс жауап: Е

  7. 7.      Экваторлық ормандардың бойы аласа адамдары
    А) Эфиоптар    В) Пигмейлер   С) Бурлар   D) Берберлер   Е) Тутси мен химилер    Дұрыс жауап: В

  8. 8.      Солтүстік Африканың ең бойшаң адамдары
    А) Эфиоптар    В) Пигмейлер   С) Бурлар   D) Берберлер   Е) Тутси мен химилер   Дұрыс жауап: Е

  9. 9.      Африкадағы ХХ ғасырдың басындағы тәуелсіз елдер
    А) ОАР, Египет    В) Алжир, Либия   С) Либерия, Эфиопия   D) Тунис, Марокко   Е) Судан, Нигерия
    Дұрыс жауап: С

  10. 10.  Африкадағы ең жоғары дамыған ел
    А) Египет   В) Алжир   С) Намибия   D) ОАР   Е) Эфиопия   Дұрыс жауап: D



Африка оңтүстік жарты шар материктері қатарына енгенімен,оның көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда жатыр.Екі тропик шеңберінің аралығында орналасқандықтан материкке күн сәулесі мол түседі,сондықтан Африка Жер шарындағы ең ыстық материк болып саналады.Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта тенізі бөліп тұр. Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2 Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған

1.Солтүстікте-Эль-Абьяд

2.Оңтүстікте– Игольный

3. Батысында– Альмади

4.Шығысында–Рас Хафун





КРАССВОРД

«АФРИКА МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ АСТАНАЛАРЫ»



1. ЕГИПЕТ









1

 

 

 

 













 







7



6



 





2

 

 

 

 

 

 

 

 







 



 



 







 



 







8



 



 







 



 



 




3

 

 

 

 

 

 



 







 











9


 


10









 


 


 








4

 

 

 

 

 

 








 




 









 




 









 




 









 













2. ЧАД

3. АНГОЛА

4. МАЛИ

5.МАРОККО

6.МОЗАМБИК

7. ТАНЗАНИЯ

8. СУДАН

9. НИГЕРИЯ

10. ГАНА

ІІІ. Үй жұмысы. Африка материгін қайталау.

  1. Африка тарауын қайталау.

  2. Мадагаскар аралын

Жеке елді сипаттау жоспары бойынша





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!