Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіптер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда оқушыларға жаңартылған бағдарламалар сыяқты жаңа сабақ беру.Менің мақсатым технология пәніндегі барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып оқушыларға барынша сапалы сабақ беру.Ағаштан жасалатын бұйымдар мен таныстыру немесе құстарға ұя салу оларға жем салатын қораптар жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ағаш ою технологиясы

Ертеде шеберлер бұйымдардың көпшілігін ағаштан ою, шабу арқылы жасаған. Мысалы: домбыра, қобыз, ер-тоқым, келі-келсап, ыдыс-аяқ, қасық, шөміш, астау т.б Бұл бұйымдардың барлығы мүсіндеу өнерімен өте тығыз байланысты. Өйткені ағаштан бірден ойған кезде қателіктер көп кетеді. Мысалы: қасық тігінен ойылмайды, оның басы қайқы келеді. Бұрын қолөнер шеберлігіне қажетті ағаштың бәрін шеберлер тікелей өз қолымен даярлаған. Оларды дер кезінде кесіп, мезгілінде кептіріп отырған.Қазіргі кезде ағаш өңдеу жұмысы механикаландырылған эл. ара, эл. сүргі, эл. бұрғы т.б жатады. – Сендер ағашпен жұмыс істеу үшін оны кесуді, шабуды, тегістеуді, өңдеуді,ішінара қашауды үйрендіңдер, ал бүгін сызба арқылы ойып, өнер салуды үйренесіңдер. Қасық ою. Кішкентай шай қасық отыз-отызбес мм қатты ағаш бұтағынан ойылады. Егер ол жаңа су ағаш болса, өңдегенге де, ойғанға да жеңіл болады. Қасық құрылымын жақсы игергеннен кейін, ол ою тез әрі сапалы орындалады. Бұтақ кесіндісі сыртқы қабығынан тазартылып, қарындашпен қасық бейнесі сызылады. Оны қысқышта өңдейді. Жоба сызығына дейін араланып, өткір пышақпен сызыққа дейін алынады. Содан соң қасықты іші науаша ыңғырумен ойылады, содан кейін сырты өңделеді. Дайын болған соң, оның сабы өңделеді. Су ағаштан жасалса, өңделген бұйымның пішінін бормен тұмшалап жағып қою керек.Борды ауа өткізбейтіндей етіп, қою жағылуы тиіс. Ол көленкеде үш-төрт күн кептіріледі. Қасықтың кепкенін бордың шытынауына қарап анықтайды, егер ол ағаштан еркін ажыраса, оны бордан тазалап, егеумен өңдейміз. Толық кепсе, оның жаңқасы тез алынады. Нақты өлшемге дейін өңделіп, тазаланып, әрленеді. Зімпара қағазымен тазалап, лакталады. Кеппесе бор екінші рет жағылып, толық кептірілуі тиіс. Жасалу технологиясы осындай. « Домино » ойыншығын даярлау. Доминоны ағаш қалдықтарынан жасауға болады. Доминоның қалыңдығы он мм-дей болған жөн. Бөлшектерді өлшеп, белгілеп, өңдеп бетіне өрнекті күйдіріп басады. Доминоны лактап, рең береді. Сонымен бұл ойншықты іні-қарындастарыңа сыйлық ретінде ұсынуға болады. Доминода нүктелер жазылады. Дайындама сыртына бедерлеп ою үшін геометриялық ою сызбасы орындалады. Үлгі сызбалар арқылы түсіндіріп өтемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2018
377
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12