Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағаш талшықтарына байланысты элементтерді кесу ережелері мен тәсілдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
материал технология пәні мұғалімдеріне қошымша мәлімет ретінде ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән: Материалды көркемдеп өңдеу. Күні:

Сабақ № 3 Топ:

Сабақтың тақырыбы: Ағаш талшықтарына байланысты элементтерді кесу ережелері мен тәсілдері.

Сабақтың мақсаты: Ағаш талшықтарына байланысты элементтерді кесу ережелері мен тәсілдерін уйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Студенттерге Ағаш талшықтарына байланысты элементтерді кесу ережелері мен тәсілдерін үйрету және кесу құралдарының түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Ағаш талшықтарына байланысты элементтерді кесу ережелері мен тәсілдерін практика жүзінде қолдана білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: үнемді болуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: ағашты талшық бойларын ескере отырып кесе алады және ара түрлерін ажырата және қолданутәсілдерін меңгереді.

Студенттер

Түсіну керек: Ағаш талшықтарына байланысты элементтерді кесу ережелері мен тәсілдерін.

Құндылықты меңгеру керек: білім іздеу, аянбай қызмет ету.

Игеру керек: Ағаш талшықтарына байланысты элементтерді кесу ережелері мен тәсілдерін үйрету.

Сaбақтың түрі мен типі: практикалық сабақ

Оқыту технологиясы мен әдістері: сұрақ-жауап, баяндау, көрнекілік.

Пәнаралық интеграция: оқу шеберханасындағы практикум

Құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, қарындаш, сызғыш.

Негізгі әдебиет: Резьба по дереву. С.Төленбаев Қазақтың ою-өрнектерінің жасалу жолдары.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарын аудару.


2.Үй тапсырмасын тексеру: Студенттердің бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру, өткен тақырыпқа қысқаша шолу.

3. Жаңа білімді меңгеру

Ағашты кесуге басты құрал-қол ара. Ара қалыңдыңы әртүрлі болат жолақтардан жасалады, оларды төсем деп атайды. Төсем өте қатты, тегіс және иілгіш болуы шарт. Оның иілгіштігі аз әрі тым қатты болса, төсемнің тістері тез сынады. Араның тістері екі түрлі қызмет атқарады: біріншісі ағаш талшығын кеседі, екіншіден кесілген ағаш ұнтағын сыртқа ысырып шығарып отырады.

Ағашты кесу үшін араның әр түрін пайдаланады. Ағаш талшықтарын кесу бағытына байланысты оны көлденеңінен, ұзына бойы және аралас әдіспен кесуге болады. Көлденең кескенде, кесу бағыты ағаш талшығына перпендикуляр, ұзына бойы кескенде, параллель болады. Көлденең кесу үшін, ара тісінің кескіні-тік ұшбұрыш, ал ұзына бойы кесу үшін қиғаш болады (1-сурет).

Араның тістері тік бұрышты үшбұрыш пішінінде болса, олар ағашты бір бағытта ғана кеседі. Ағаш аралайтын ара төсемінің тістері өте өткір болуы үшін, тістерін қиғаштап орналастырады.

Жақ ара ағашты кез келген бағытта кесе алады (2 сурет). Жақ ара мынандай бөлкітерден тұрады: 1-ара төсемі; 2-ұстағыш(тұтқа); 3-кергіш; 4-тартқыш бау; 5-орағыш; 6-сап; 7-бұранда.

Ағашты кескенде араны жұлқыламай, қатты салмақ салмай кесу керек. Дайын ағаштың кесетін жерін белгілеп, оны жұмыс үстелінің үстіне қояды. Сол қолмен ағашты тіреуге тіреп, оң қолмен кесу керек(1 сурет).

Ағаш материалдарын көлденең кесетін араның өткір тісінің ұшы материалдың талшығын кесіп, оны үгінді есебінде шығарады (2 – а сурет: а- қырынан көрініс; ә-алдынан көрініс; 1-ара; 2-дайындама; 3-үгінді; 4-ара тісінің ұшы; 5-ара тісінің өткір қыры).

Ағаш материалын ұзына бойы кесетін араның ілгері қарап тұрған кескіш қырлары талшықты жонып үгітіндіге айналдырады(2 ә- сурет: а-жанынан көрініс; ә-алдынан көрініс; 1-ара; 2-дайындама; 3-үгінді; 4-ара тісінің ұшы; 5-ара тісінің өткір қыры).

IMG_20180122_010721.jpg

1-сурет

IMG_20180122_010655.jpg

2-сурет

Практикалық жұмыс

  1. Геометриялық ою түрлерін салу.

  2. Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.


4. Бекіту: сабақтың тапсырмасы бойынша студенттер теорияда алған білімдерін сұрақ қою арқылы бекітеді .

5. Үйге тапсырма: конспект бойынша дайындық.

6. Рефлексия: сабақтың қорытындысы бойынша қызыл, жасыл және сары түстер арқылы студенттердің үлгерім деңгейі мен көңіл-күйлері жайында көрініс аламын.

Shape1

Мен сабаққа белсене қатыстым, бәрі түсінікті болды (қызыл)

Shape2

Мен ойымды толық жеткізе алмадым, сабақты толық түсінбедім (жасыл)

Shape3 Маған әлі де қосымша мәлімет керек, сабақты түсіне алмадым

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.00.2018
477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12