Материалдар / Ағасы бардың жағасы бар Тимбилдинг сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ағасы бардың жағасы бар Тимбилдинг сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тимбилдинг сағаты. Ұлдар мен ағалары арасындағы қарым-қатынасты жандандыру мақсатында "Ағалар мектебінің" кірпіші қаланады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ағасы бардың жағасы бар» тимбилдингінің сценарийі


Мақсаты: Ағалардың іні-қарындасы алдындағы жауапкершілігін арттыру.


Міндеттері:

  1. Ағалық міндеттің мағынасын ашу

  2. Інілері мен қарындастарына қамқорлық жасаудың мәнін түсіндіру


Көрнекілігі:

Ағасы бар бақытты,

Өткізер бірге уақытты.

Ақылын естіп күн сайын,

Бойына жияды жақұтты.

Айтбек Әліпов


Аға деген, Іні деген

Бір-біріне туысқан.

Аға деген, Іні деген

Жаралғандай құрыштан

Оспанхан Әубәкіров


Іс-шараның түрі: Дискуссия, тренинг, тембилдинг

Барысы: Талқылаудың мақсат, міндеттерімен таныстыру.


Ернар Айдардың орындауында «Аман бол, ағаларым» әні ойнап тұрғаны дұрыс болады. https://www.youtube.com/watch?v=2TTi_5wwB_w


Модератор: Құрметті қатысушылар, тембилдинг сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі жиында аға мен іні, аға мен қарындас арасындағы қарым-қатынас туралы әңгіме қозғайтын боламыз. Отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы сөз қозғаймыз. Әр адам өзі жетпеген арманға, шығатын биікке тек ұрпағымен жетуді мақсат етеді. Осы қағиданы мықты ұстанған халық бала болашағын тәрбиеден бастайды. Бүгінгі іс-шарамызда тәрбиелеудегі ағаның рөлі туралы пікірлеспекпіз. Алдымен қонақтарымызбен таныстыра кетсек:


  1. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Нураков Е.О.

  2. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сейтахунов И.Б.

  3. Тарих пәнінің мұғалімі Кусаинов С.Т.

  4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абылхайдаров Е.Қ.


Кіріспе сөз:


Модератор 2: Аға – өзінің соңынан ерген інілері мен қарындастарына тірек, қорғаныш. Аға әр отбасындағы жол бастайтын, өзінен кейінгілерге бағыт бағдар беретін тұлға. Іні мен қарындасы ағасына қарап бой түзейді, қиналғанда ағасын арқа тұтады. Сондықтан да «Ағасы бардың жағасы бар», «Ағаның үйі ақ жайлау» деп арқаны кеңге салып жүреді. Өз кезегінде аға да іні-қарындастарының қуанышына ортақтасып, жығылғанда демейді. Ал іні ағаның артынан ерген із. Бауырым деп бағалайтын қазынасы.

Модератор 3: Қазақ халқында аға мен іні арасындағы қарым-қатынас - ең ізгі, берік туыстық қатынас. Бүгінгі таңда осы қарым-қатынас өзінің беріктігін сақтап тұр ма? Балалар жасөспірім шағында ағаларының қамқорлығын көріп жүр ме? Бүгінгі тембилдинг сағатында «Аға мектебінің» жұмысын оң жолға қойсақ деген иниетпен жиналып отырмыз.

Іс-шарамызды әсем әнмен бастауға рұқсат етіңіздер. «Ағам бар менің» орындайтын Берікбол Ислам.


Бүгін іс-шарамызда «Аға мектебінің» кірпішін қалайтын боламыз.


Біздің бірінші кірпіш «Махаббат» деп аталады. «Өткел» тренингі. Інісі мен ағасы бөгеттен бірге өте отырып, «Ағасы бардың жағасы бар» деген бүгін тақырыбымызды құрайды.

Көрнекіліктер: Бөгет, «Ағасы бардың жағасы бар» деген сөз.


Біздің екінші кірпіш «Достық» деп аталады. Ортаға 4 аға буын мен 4 оқушы шақырамыз.

Әр ағаға бір әріп беріледі. Інісіне сол әріптен басталатын сөз айту арқылы, 5 қадам жасайды.

Көрнекіліктер: 5 қадам, 4 әріп.


Біздің үшінші кірпіш «Мейірімділік» деп аталады. Бұл кірпіш қалануы үшін «Өтінемін» оынын ойнаймыз. Модератор «өтінемін» сөзі арқылы жұмыс жасатады. Өтінемін сөзі айтылмаған қимылды қатысушылар орындамайды.


Біздің төртінші кірпіш «Адалдық» деп аталады. «Кедергілер» тренингі. Оқушылардың көзін байлап, екі аға буын жол бастап бөгеттен өтеді. Басты мақсат бөгетті бұзбай өту.


Біздің бесінші кірпіш «Қуаныш» деп аталады. Мақсаты: аға мен інілердің көңіл күйлерін көтеру. Нұсқау:Барлық қатысушылар қатысады. Әуенге модератордың нұсқауымен ақ парақтан әуен құрап, қимыл қозғалыс жасайды.


Біздің алтыншы кірпіш «Қолдау» деп аталады. «Сыйластық» дегенде қозғалып жүреміз. «Қолдау» дегенде қол ұстасып тұрып қарым қатынасқа түсеміз. «Қарым қатынас» дегенде арқамен тұрып сөйлесеміз.


Біздің алтыншы кірпіш «Жылулық» деп аталады. Оқушылар ағаларына телефон соғу арқылы жылы сөздерін айтады.


Біздің жетінші кірпіш «Түсінушілік» деп аталады «Суретші» тренингі.

Көрнекіліктер: Қағаз, қаламсап


Модератор: Ағалардың да белгілі бір деңгейде тәрбие мәселесіне жауапты екенін түсінгендей болдық.

Сөз кезегін қонақтарымызға береміз.

Сонымен бүгінгі тембилдингке қатысқан, ағалар, алған әсерлеріңіз мол болды деп ойлаймын. Бір әке, бір шешеден туған іні-қарындастарымыз ғана емес, күллі елдің баласын бауыр, қарындас көріп, ағалық қамқорлық жасауымыз керек деп ойлаймын. Оларды жаман істен жирендіріп, жақсылыққа тартайық. Іні-қарындастарымызды спорт үйірмелеріне қатыстырып, салауатты өмір салтын ұстануларына мұрындық болайық.

Осымен іс-шарамыз аяқталды. Мектеп өміріне, соның ішінде «Даналық мектебінің» жұмысына белсене араласқандарыңыз үшін көптен – көп рахмет айтамыз! Талқылауда естігендеріңізді әлеуметтік желілер арқылы інілеріңіз оқитын сыныптағы ағалармен бөлісіп, осы жұмыстың жандануына үлес қосады деп сенеміз.





«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Д.Т.Темирбаев ___________ Ж.С.Рахымбекова ____________







«Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы» КММ






Тақырыбы:

«АҒАСЫ БАРДЫҢ ЖАҒАСЫ БАР»

«Даналық мектебі»











Жауаптылар:

5-сынып жетекшісі: Бұтабаева А.М.










2023-2024 оқу жылы











































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!