АГРЕССИВТІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ
Андатпа
Бұл мақалада оқушылардың агрессивті мінез-құлықтың пайда болуының негізгі себептері қарастырылады, сонымен қатар оқушылардың агрессивтілігінің түрлері ұсынылған. Әртүрлі сала ғалымдары агрессивті мінез-құлықтың мәнін және оның психологиялық ерекшеліктерін түзетудің әртүрлі тәсілдері айтылады. Оқушылардың агрессивті мінез-құлық құбылысы, оның пайда болу көздері, жеткіншектердің агрессивті мінез-құлқының гендерлік ерекшеліктері, «агрессия» және «ашу» ұғымдары туралы мәліметтерді жинақтап, жүйелеуімен анықталады. Жұмыста агрессивтілік» зерттеледі, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге сәйкес жеткіншектердің агрессивті мінез-құлқын психологиялық-педагогикалық түзету моделі де айтылған. Оқушылардың агрессивтілігін түзетудің ережелері де ұсынылған.
Кілт сөздер: агрессивті мінез-құлық, агрессивтілік, жеткіншектер, агрессивті мінез-құлықтың себептері, түрлері. ережелер,
Психология ғылымында психикалық құбылыстарының ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
«Агрессия» түсінігінің əлі күнге дейін нақты анықтамасы жоқ. Агрессия ұғымына анықтама берудегі басты мəселелердің бірі – бұл терминнің іс-əрекеттердің көптеген түрлерін түсіндіруінде.
«Агрессия» сөзі ашу, ыза,реніш деген сияқты жағымсыз эмоциялармен, кек алу, намысына тию немесе зиян келтіру сияқты себептермен, нəсілдік немесе ұлттық жалған наным сияқты жағымсыз ұстаным- дармен орайластырылады.
Агрессия сөзі латының «aggredi» деген сөзінен шыққан, бұл сөз «шабуылдау» дегенді білдіреді. XIX ғасырға дейін агрессивті деп кез келген тілектестік немесе дұшпандық болсын белсенді мінез-құлық агрессиялық болып есептелетін болған. Негізінен, агрессия деп зиян келтіретін мінез-құлық түсіндіріледі.
Психолог А.А. Реан "агрессия" және "агрессиялылық" деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия - бұл бөгде адамға болмаса, адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.
Агрессиялылық – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессиялылық осындай әрекетке дайындық.
Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.
Оқушы агрессиясын түсіндіру бағыты психоаналитикалық бағыт (А.Фрейд). А.Фрейд өз әкесінің жыныстық және агрессиялық инстинк қатынас көзқарасын бөлісе отырып, оның бірнеше фазасын бөліп қарастырады: аральды агрессивтілік, анальды садизм және т.б. А.Фрейд бала психоаналитикасымен шұғылдана отырып, ол агрессия «мен» тұжырымының қорғаныш механизмдерінің бірі деп қарастырады. Осыған байланысты оның түсінігі бойынша агрессия оның «менінде» өткен немесе болатын жағдайда қорқыныш пен қауіптің пайда болуы. Агрессияның ушығуы бұл баланың «меніне» тікелей қауіптің пайда болуы. Баланың агрессивті құлшынысы осылай объектідегі қауіптің қатынасына қарай мінез-құлқын бекітеді.
Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне және қоршаған ортамен қарым- қатынасында елеулі қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге әкеліп соқтырады. Лонгитюдің зерттеу нәтижесінің көрсеткіші бойынша агрессивтілік қажетінше нақты, уақытына қарай мүмкіндіктері мол, бала кезіндегі агрессия біртіндеп орта буындағы жасөспірім кезінде бекем әлеуметтік немесе антиәлеуметтік әрекетке ауысуы мүмкін. 8 жасар балалардың өзгешілігі агрессиялы әрекеттердің жоғары деңгейде болуы және әлеуметтік байланыстан қашқақтауы, ары қарай оқу іс-әрекетінде қиыншылықтарға кездеседі, мектепте үлгерімі төмен, интелектуалды дамуы төмен деңгейде, бейімделуі нашар болуы мүмкін. Бала жастағы агрессивтілік оның өзін қоршаған шындықпен қатынасынан емес, оның бүкіл жан-жақты тұлғалық дамуын анықтайды. Бала агрессиясын зерттеуге арналған, алғашқы зерттеу біздің елімізде 20-30 жылдары өткізілді, бұл проблема сол күйі бүтіндей ашылмай, бала дамуы педагогикалық зерттеу негізінде өткізіледі. Осы кездерде бала психологиясы өзінің алдына қойған міндеті: бала психикасына әсер ететін әдістер өңдеу, балаға тәрбие және тәрбиенің артықтығы жайында. Бала тәрбиесі мен дамуына жағымды тәсілдер ізденуге, жеке тұлғаның қасиеттеріне диагностика жасауына, интеллектің даму деңгейіне көбірек көңіл бөлінді, сондай-ақ тұлға дамуында ауытқу қиындықтары , агрессивтілікпен ішкі қаупін зерттеу мүмкіндіктеріне де көңіл бөлінді.
Оқушы агрессивтілігімен байланысты мектептерде нəтижелі жұмыс атқару үшін міндетті түрде психология жəне психологиялық диагностика, бала тұлғасын түзету салалары бойынша терең білімді қажет етеді. Бұл мəселемен айналысатын маман психологиялық əдістермен тəжірибеде жұмыс істей білуі жəне баланың агрессивтілігін түзету жəне алдын алу мақсатында əртүрлі тренингтерді жүргізу жəне ұйымдастыра білу дағдысы болуы керек.
Негізгі психологиялық əдістер ретінде анықтау əдістері:
1. Бақылау
2. Əңгімелесу
2. Сараптамалық бағалау
3. Сауалнама (анкеталау)
4. Психологиялық тестілеу
1. Бақылау әдісі.
Бақылау əдісі баланың агрессивті мінез-құлығын зерттеуде кеңінен қолданылады. Бұл əдістің мақсаты оқу жəне басқа да іс-əрекет барысында жасөспірімнің педагогтар мен құрбыларымен өзара қарым- қатынас жасау үдерісіндегі жағымды жəне жағымсыз факторлар ерекшеліктерін анықтау болып келеді. Психологтың сұрауы бойынша ата-аналар, мұғалімдер, сынып жетекшілері бақылау мəліметтерін тіркеп отырады. Сабақ барысындағы немесе сабақан тыс уақыттардағы психолог пен педагогтың бақылаулары бала тұлғасы туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді. Баланың мінез-құлығын бақылау барысында америкалық психологтар М. Алворд мен П. Бейкер өңдеген критерийлерді қолдануға болады. Егер баланың 6 ай ішіндегі мінез-құлығынан төменде берілген 8 белгінің 4-еуі байқалса, онда оны агрессивті деуге болады.
Балада агрессиясының болу белгілері:
- Өзін-өзі жиі басқара алмайды.
- Үлкендермен жиі сөз таластырады, ұрысады.
- Ережелерді орындаудан жиі бас тартады.
- Адамдарды əдейі жиі ашуландырады.
- Өз қателіктеріне басқаларды жиі кінəлайды.
- Жиі ашуланады жəне белгілі бір нəрселерді орындаудан бас тартады.
- Кекшіл, қызғаншақ.
- Сезімтал, оны ашуландыратын оны қоршаған адамдардың (балалар мен ересектер) əртүрлі əрекеттеріне жылдам жауап береді.
2. Әңгімелесу әдісі
Жасөспірімдердің ата-аналарымен жəне де отбасының басқа да мүшелерімен, педагогтармен, мектептегі жəне мектептен тыс жерлердегі достарымен қарым-қатынасын анықтау үшін əңгімелесу əдісі қолданылады. Ата-аналармен, педагогтармен əңгімелесу отбасындағы тұрақты жағдайды, адамгершілік хал-ахуалды білу үшін, ата-
анасымен жəне де отбасының басқа мүшелерімен өзара қарым- қатынас сипатын анықтау үшін, баланың отбасындағы жəне мектептегі, көшедегі жəне достарының арасындағы мінез- құлығын білуге мүмкіндік береді. Əңгімелесу материалдары жасөспірімнің агрессивті мінез-құлығының себептерін үлкендер көзқарасымен көруге мүмкіндік береді; оның теріс əрекеттері үшін кім өзін жауапты санайтындығын айқындаймыз. Əңгімелесу барысында жасөспірімнің өзінің агрессивті мінез- құлығының себептерін қалай түсіндіретіндігін, оған қандай адамгершілік баға беретіндігін біле аламыз.
3. Сараптамалық бақылау әдісі
Бұл əдіс бірнеше сарапшылардың бақылау үдерісінде баланың агрессия деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сарапшы ретінде баламен тығыз жұмыс жасайтын жəне
онымен жақын қарым-қатынас жасайтын жəне əртүрлі жағдайларда оның мінез-құлығын бақылай алатын адамдар бола алады. Бұл пəн мұғалімдері, сынып жетекшісі, спорттық секцияның жаттықтырушысы, ата-аналар, үлкен аға, апайлары болуы мүмкін. Сарапшыларға «Бақылау картасы» (Стоттың картасы тəрізді) беріледі, баланың агрессивті мінез-құлығын сипаттайтын баланың бірнеше мінез-құлық белгілері беріледі,
сонымен қоса оларды бағалайтын бағалау шəкім беріледі:
- əрқашан – 3 балл
- жағдайға байланысты – 2 балл
- кейде – 1 балл
- ешқашан – 0 балл
Əр сарапшы агрессияның көріну жиілігін балл арқылы бағалайды. Соңынан əр бақылаушы үшін орта көрсеткіш есептеледі. Оқушының агрессивтілік деңгейін анықтау үшін біз Г.П. Лаврентьева жəне Т.М. Титаренко құрастырған анкетаны ұсынамыз.
Баланың агрессивтілігінің критерийлері (Г.П. Лаврентьева жəне Т.М. Титаренко)
1. Кейбір жағдайларда оған жаман рух қонған тəрізді болып көрінеді.
2. Ол бірнəрсеге көңілі толмаса үндемей тұра алмайды.
3. Егер оған біреу жамандық жасаса, ол оған соны қайтаруға тырысады.
4. Кейде ол ешқандай себепсіз ашуланады.
5. Оның лəззаттанып ойыншықтарды сындыратын кездері де болады.
6. Кейде ол айтқанынан қайтпайтыны соншалық айналасын дағылардың шыдамы таусылады.
7. Жануарларды ашуландырғаннан бас тартпайды.
8. Оны сөзбен жеңу мүмкін емес.
9. Егер оған біреу əзілдесе өте қатты ашуланады.
10. Кейде оның айналасындағыларын есінен тандыратындай бір жаман нəрсе жасағысы келіп тұрады.
11. Əдеттегі айтқан нəрселерді керісінше жасауға тырысады.
12. Жасына сəйкес емес күйбелектік тəн.
13. Өзін тəуелсіз жəне шешім қабылдаушы ретінде қабылдайды.
14. Бірінші болғанды, бұйрық бергенді, өзіне басқаларды бағындырғанды жақсы көреді.
15. Сəтсіздіктер болса ол өте қатты ашуланып, кінəлі адамды тапқысы келіп тұрады.
16. Тез ұрысып, төбелесіп кетеді.
17. Əдетте өзінен кіші жəне əлсіздермен қарым-қатынас жасағанды қалайды.
18. Көңілсіз ашуланшақтық белгілері жиі кезедеседі.
19. Құрбыларымен санаспайды, айтқанынан қайтпайды, бөліспейді.
20. Кез келген тапсырманы өте жақсы орындап шығатындығына сенімді.
Кілті:
Əр жауапқа берілген оң жауап 1 баллға тең.
Жоғары агрессивтілік – 15-20 балл
Орта агрессивтілік – 7-14 балл
Төменгі агрессивтілік – 1- 6 балл
4. Сауалнамалық әдістер
Агрессивтілікті зерттеу əдістерінің бірі – сауалнама. Бірақ, өкінішке орай А. Басс дұрыс айтқандай, сауалнамалар агрессияны зерттеуде кеңінен қолданылмайды. Ол мұны балалардың сұрақтарға жауап беру барысында өздерін жақсы жағынан көрсетуге тырысатындығымен түсіндіреді. Бұл үрдіс «əлеуметтік қажеттілік» деп аталады.
Сауалнамалық əдістер анкеталарды, тұлғалық сауалнамаларды, тесттерді қолданады.
Анкеталау əдісінің ерекшелігі жылдам жүргізілуі, көп адам қатысуы, алынған мəліметтердің сандық нəтижесі болып келеді. Кемшілігі əлеуметтік жақсы көрінуге тырысу мақсатында балалар анкета сұрақтарына жалған жауап беруінде.
Агрессивті мінез-құлықты психологиялық диагностика- лаудағы ең қолайлы əдіс Басса-Даркидің сауалнамасы болып есептеледі, ол жасөспірімдердің агрессивтілігін зерттеуде
кеңінен қолданылады. А. Басс жəне А. Даркидің агрессия түрлерін жəне көрсеткіштерін диагностикалау əдістемесі (А.К. Осницкийдің бейімдеуімен) Бұл əдістеме бойынша алынған мəліметтерді өңдеу қарапайым жəне оқушылардың агрессивті мінез-құлығын
диагностикалауға арналған психологиялық əдістемелер ішіндегі ақпараттық əдістеме болып келеді. Агрессия түрлерін жəне көрсеткіштерін диагностикалау əдістемесі бірнеше шəкілдерден тұрады:
- дене агрессиясы – төбелестерде, дене зақымдарымен жəне де адамға басқа да денесіне əсер етулермен байланысты агрессивті мінез-құлық,
- вербальды агрессия – сөздік түрде көрінетін агрессия: айқай, өсек жəне т.б.,
- жанама агрессия – ренжіткен адамға емес, керісінше басқа адамдарға (жануарларға немесе заттарға) бағытталған агрессивті мінез-құлық,
- негативизм – қоғамдағы мінез-құлық нормалары мен ережелеріне деген қарама-қайшылық,
- ашуланшақтық
- секемшілдік
- өкпелеу
- кінəлілік сезімі (аутоагрессия).
5. Проективті әдістемелер
Балалардың суреттері біз ойлағаннан да көп нəрсе айтуы мүмкін. Балалар бояулар мен қарындаш арқылы мұғалімдер, ата- аналардан жасырғандарын жеткізеді. Балалар кейде өз мəселелерін, күйзелістерін, қорқыныштарын сөзбен жеткізе алмайды, бірақ қағаз бетінде өз агрессивтілігін сурет арқылы жеткізе алады. 60-80% оқушыларға жүргізген зерттеулер бойынша балаларда агрессивтіліктің қандай да бір түрі кездеседі, бірақ балалар агрессивті көріністерді шынайы мінез-құлығында көрсетпеуі де мүмкін. Яғни, агрессивтілікті тек агрессияның алғышарты ретінде қарастыру керек. Бірақ оның шынайы мінез- құлықта көрінуі баланың нақты əлеуметтік жағдайынан тəуелді. Мектеп жасындағы балалардың агрессивтілік деңгейін анықтау үшін біз келесі проективті əдісте мелерді ұсынамыз. Балаларды зерттейтін проективті психологиялық əдістерге
бала əрекетінің нəтижесін талдауды жатқызамыз – бұл суреттер, батпақтан, ермексаздан, əртүрлі аппликациялардан жасалған мүсіндер. Сурет тесттерін орындай отырып, балалар əдетте үлкендердің суретке деген қызығушылқтарына қуанып, қағазда
не салынғаны туралы əңгімелегенді ұнатады. Бала сурет арқылы өзінің мəселесін көрсетуге тырысады.
Балалардың агрессиялық мінез-құлығының алдын алу үшін сіздерге жанжал кезіндегі мінез-құлық ережелерін ұсынамын:
1-ЕРЕЖЕ.
Болмашы агрессия кезінде сабырлы болу
Мектеп оқушыларының агрессиялары аздаған, ешкімге зиянсыз болса мұғалім мен сынып жетекшісіне келесі мінез- құлық моделі ұсынылады:
- балаға қатысты эмпатия таныту, оны тыңдау («мен сені тыңдап отырмын..., «иə, не айтасың?»).
- баладан агрессиясын түсіндіріп беруін сұрау: («сенің ашуланған себебің ...»)
- баланың көңілін басқа жаққа аударту («Бор алып келе қойшы»)
- агрессивті мінез-құлық жұмыс істеудің тағы бір жолы – оны толығымен елемеу, себебі балалар кейде өздеріне көңіл аударту үшін ғана агрессия көрсете бастайды. Егер бала ашуланып жатса, оған көңіл бөліп, оның зейінін басқаға аудару керек.
2-ЕРЕЖЕ.
Адам тұлғасы мен қылықтарының ара жігін ажыратып алу
Мұғалім баланың тұлғасына емес, оның əрекеттеріне көңіл бөліп үйренуі керек. Ол үшін «мінез-құлықты объективті түрде суреттеу» техникасы қолданылады. Бала сабырға келген соң онымен мінез-құлығы туралы сөйлескен жөн. Бұл кезде түрлі сыни пікірлерден аулақ болыңыз. Агрессивті мінез-құлықты талдау кезінде тек фактілерге ғана тоқталыңыз, өткен кездегі қылықтарын еске салмаңыз. «Мораль оқымаңыз», бұл көптеген мұғалімдердің жіберетін қателігі. Мынадай əрекеттерден тұратын «кері байланыс» техникасын қолданыңыз:
- фактті анықтау («Сенің мінез-құлығың агрессивті»);
- анықтайтын сұрақ («Сен ренжідің бе?»);
- агрессивті мінез-құлық түрткісін анықтау («Сенің кек алғың келеді ме?»);
- өзіңнің бала қылығына қатысты сезімдеріңді жеткізу («Сенің осылай жасағаның маған ұнамайды»);
- ақылға шақыру («Жұдырықпен ешнəрсе шешілмейді», «айғаймен жұмыс бітпейді»).
3-ЕРЕЖЕ.
Өзіңнің жағымсыз эмоцияларыңызды бақылаңыз Педагогтар өздері жағымсыз эмоцияларын ұстай білуі керек. Əрине баланың агрессиясы мұғалімде ашу, ыза туғызатыны тіпті кейде не істерін білмей қалатын деңгейге дейін жететіні белгілі. Бұл адамның табиғи реакциясы. Өзіңнің теріс эмоцияларыңмен жұмыс істей алу үшін олардың себебін біліп алу керек. Агрессивті адаммен өзара əрекетке түсіп үйреніңіз.
4 ЕРЕЖЕ.
Шиеленіскен жағдайды шешіңіз
Кез келген бала мен жасөспірім агрессиясына тап болған ересек адамның міндеті осы жағдайдың шиеленісуін азайту.
Шиеленісуді азайтуға арналған ұсыныстар:
- өз даусыңыздың ырғағына мəн беріңіз;
- айқайға көшпеңіз;
- ым-ишараға мəн беріңіз, агрессивті тұрыстар мен ым- ишаралардан аулақ болыңыз;
- балаларға, олардың ата-анасына қатысты мазақтап күлмеңіз;
- баланы басқа балалармен салыстырмаңыз;
- денелік күш жұмсауға көшпеңіз;
- басқа балаларды араластырып, жанжалды ушықтыр- маңыз;
- мораль оқымаңыз;
- жазалаумен қорқытпаңыз;
- өз билігіңізді көрсетіп, бұйрық бермеңіз;
- баланы мақтап қойыңыз;
- тіміскілей бермеңіз.
5-ЕРЕЖЕ.
Сыпайы болыңыз
Балаларға жақтырмай қарауға болмайды. Баланың сырт келбеті, киімі сізге ұнамады деп сынамаңыз жəне баланың сырт келбеті туралы пікіріңізді баланың тұлғасына тұтастай ауыстырмаңыз. Бұл жерде адамдардың өздерінен айналасындағылардың күтетін нəтижелеріне сəйкес болуға тырысатындығын айтып кету керек. Егер мұғалім оқушылардың интеллектуалдық деңгейлерінің жоғары болып, адамгершілігі жоғары болғанын қалаған болса, ол сондай оқушыларды жолықтырып отырады.
6-ЕРЕЖЕ.
Сабырлы дауыспен сөйлеңіз
Көптеген мұғалімдер өз талабын сыныпқа немесе бір балаға орындату үшін айқайлау арқылы шешіп жатады. Егер ол «қиын сынып» болса олар айқайдан басқа сөзді тыңдамайтыны белгілі. Жақсы мұғалім өз дауысын дұрыс пайдалануы керек. Ескерту жасар кезде дауыс ырғағын өзгертіп отыруы керек. Айқайлаудың қажеті жоқ, сөйлеу екпініңізді өзгертіп, сөздер арасындағы үзіліс уақытын ұзартуды пайдалануға болады. Сіз айқайды қаншалықты көп пайдаланасыз, балалар айқайға үйреніп алады. Егер мұғалім балалардың назарын аударғысы келсе, айқайдан гөрі дауысын əдеттегіден аздап төмендетіп көруге болады.
7-ЕРЕЖЕ.
Агрессивті мінез-құлыққа талдау жасаңыз
Агрессия үстінде оны талқыламаңыз. Сабырға келгенін күтіңіз. Сонымен қоса, жанжал жағдайын бірден шешуге тырысыңыз. Ешкім жоқ кезде баланың өзімен сөйлескен дұрыс. Сабырлықты жоғалтпаған күйі агресссивті мінез-құлықтың жағымсыз нəтижелері туралы талқылаңыз.
8-ЕРЕЖЕ.
Баланың агрессивтік мінез-құлықты көптің алдында
талқылаудан қашу. Əрбір адам, оның ішінде бала жағымды беделге ие болғысы келеді. Жұрт алдында табалап, оның мінез-құлығына теріс баға берілсе, бұл ары қарай агрессияның артуына алып келеді. Жағымсыз бет-бейнесі баланы одан ары агрессивті болуға
итермелейді.
9-ЕРЕЖЕ.
Конструктивті мінез-құлық моделін көрсетіңіз
Педагог өзі балаларға агрессивті емес мінез-құлықты көрсете білуі керек. Баланың жасы төмен болған сайын оның
агрессивті мінез-құлқына түсіністікпен қарау керек.
Конструктивті мінез-құлық технологиясының тəсілдері:
- «рефлексивті емес тыңдау» техникасы. Бала толығымен ойын айтып болғанша тыңдау керек;
- үнсіздік балаға тынышталуға көмектеседі;
- үнсіздік тыныштыққа иландырады;
- жағдайды ашатын сұрақтарды қойыңыз;
- қалжыңды пайдаланыңыз;
- эмпатия көрсетіңіз.
. Агрессивтілік болжап болмайтындығымен жəне өзгешелігімен ерекшеленеді, сондықтан ол өз заңдылығына бағынады. Бұл заңдылықтар əрбір адамның мінез-құлқына əсер етеді. Агрессия жайлы мəліметтердің көптігі соншалықты біздің әдістемелік құралымызда оның бəрін қамту мүмкін емес. Бала агрессивтілігі мəселесін оның ішінде тұлғалық ерекшеліктері жəне қатынас көріністерін талдау барысында балалардың жəне жасөспірімдердің агрессивтілігінің себептерін түсінуде əр түрлі теориялық бағыттарды көрсетті, осы себептен бала агрессивтілігін алдын алу жəне түзетудегі əдістерді құрау үшін əр түрлі бағыттардың барлығын көрсетті. Тиімді бағыт ретінде, агрессивтілік көріністердің орын алуы тұлғалық ерекшеліктер мен балалардың мінез-құлқындағы əлеуметтік-психологиялық себеп байланысы қарастырылған.
Оқушылардың агрессивті мінез-құлқын түзету жəне алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуы қажет, оқушылармен ғана жұмыс жасаумен шектелмей, оның қоршаған ортасымен: отбасымен, педагогтармен, құрдастарымен жұмыс жасау қамтылуы керек. Оқушылардың агрессивті көріністерін түзету қоршаған ортамен конструктивті өзара əрекеттесу тəсілін, мінез-құлықтағы өзіндік реттеу дағдысын қалыптастыру, ызаны басқаруды жəне бақылауды үйрету, баладағы эмпатияны дамыту бойынша жұмыс жасау. Сонымен қатар педагогтармен оқушылардың агрессивтік көріністерінің алдын алу жəне түзету жұмысы жүргізілуі керек, оның ішінде диагностика жолдарын білу, бала агрессивтілігінің алдын алу жəне түзету амалдарын білу, агрессивті оқушылармен қарым-қатынасқа түсу дағдысын дамыту, теріс эмоционалдық жағдайларды өзіндік шешу техникасына үйрету қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан-2050» (14 желтоқсан 2012 жыл)
2. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында № 1386 (ХIV) қарауымен қабылданған Бала құқықтары Декларациясы
3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» № 319-III Заңы, 2007 жыл 27 шілде.
4. Қазақстан Республикасы «Неке жəне отбасы туралы» № 321 Кодексі, 1998 жыл 17 желтоқсан.
5. «Орта білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет көрсету Ережесін бекіту туралы» 2011 жылдың 20 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрінің № 528 бұйрығы. 6. Чепмен Г. Пять путей к сердцу подростка. СПб., 2009. 7. Шевандрин Н.И. Основы психодиагностики. М., 2003.
8. Тренинги с подростками. Волгоград, 2009
9. Чуднова А., Дьяченко С., Азарова Ю. Ключ к тайным пластам подсознания человека. Карточки Люшера. М., 2010
10. Старшенбаум Г.В. Наши дети. Ростов-на-Дону, 2012
11. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. СПб., 1998
12. Гребенкин В. Профилактика агрессии и насилия в школе. Ростов-на-Дону, 2006
13. Паренс Г. Агрессия наших детей. М., 1997
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз