жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
АГРЕССИЯЛЫҚ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
АГРЕССИЯЛЫҚ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.С Хасенова
“№60 жалпы білім беретін орта мектеп КММ” психологі
Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын».
«Қиын балалар»ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді. Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ? А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек.Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз».Балаларды қиын жағдайға жеткізетін үлкендер. Сонымен қатар оны» тәртібі нашар, тәрбиесі қиын» деген төмен мәртебе беретіндер де үлкендер. Соңынан сол қиын ортадан шығару өте қиын болған жағдайда, мектеп ата –ананы, ата-ана мектепті кінәлап жатамыз. Содан сұрақ туындайды, қоғамда бұл балалардың орны қайда? Олардың тәрбиесімен,оқуымен кімдер айналысады? Олардың өмірде табыста азаматқа айналуы мүмкін бе? Өз басым қазіргі таңда бала тәрбиесі ең күрделі мәселелердің бірі деп есептеймін. Қоғамда тәрбиесі қиын балаларды мектепте болсын, мейлі басқа ортада болсын шеттетеді. Себебі, олардың тәрбиесімен айналысуға мұғалімдер де, мектеп әкімшілігі де басын ауыртқысы келмейді. Ал ата-аналарға келетін болсақ, олар мектепке сілтейді, мектеп арнайы мекемелерге сілтеп, соңында ол бала ешкімге керегі жоқ адам болып шығады. Әрине, бұл жағдай барлық мектепке немесе барлық ата-аналарға байланысты емес. Бұл мәселемен мен мектеп психологы болғандықтан күнделікті кездесіп отырғандықтан айтып отырмын.Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он, моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсінік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді. Жақсы перзент ата- ана қолындағы аманат. Баланы тәтті тағам, жақсы киімге үйір қылмаған жөн. О бастан баланың жан дүниесін рухани пәктікке тәрбиелеген абзал. Егер бала қателессе, бір екі рет көрмегенсіп, білмегенсіп, қоя салған дұрыс. Оған жауап беретін дәлелі болмауы да мүмкін. Егерде жаман іске үйір болып әдеттенсе, кемшілігін айтып ұялтып, түсіндіру қажет. Әкесі өзінің баласына сабыр, шыдамдылық пен айбаттылығын өнеге еткен абзал. Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көрген бала балабақшада да, мектепте де өз ісіне жауап бере алады. Үйде өз ойын еркін айта алатын бала қай жерде де жасқаншақ болмайды. Адамдармен тез тіл табыса алады. Бала мен үлкендер арасындағы байланыс қазіргі заманда бұрынғы заманмен салыстырғанда едәуір дамыған. Ата- ана - отбасының рухани тірегі. Мектепке алғаш барғанда балалардың мінез-құлқы, көбінесе, отбасынан қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі олардың ата- анасы берген қабілеттерін шыңдайды.Ата- ананың жұмсақтығынан бала жұмсақ, бос болып өседі, ал қатал болса, олардың жоқтығын пайдаланып, өз еркімен ойына келгенін істейді.Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік. Қиын балалардың «қиындығы» неде екенін білу үшін оның себебін табу керек:
Біріншіден, оның жүйкесі мен психикасында ауытқушылық бар-жоғын анықтап білу керек. Мамандардың пікірінше, ондай ауытқушылығы бар оқушылардың 10-15 пайызы жүйке немесе психикалық ауру жағдайына байланысты болады екен. Мұндай оқушыларды тәрбиелеуден бұрын емдеу керек.
Екіншіден,сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай факторлар жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер ететінін анықтап алу үшін ақпарат жинау. Ол үшін әңгімелер, бақылау сауалнама жүргізу, құжаттарды зерттеу әдістері қолданылады. Олардың бәріне дұрыс талдау жасау дегеніміз – қиын балаларды анықтауда қателікке бой ұрмау жағын қарастыру болып табылады «Адамның баласын заман өсіреді.Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз де: мектеп, ұстаз, ата-ана, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз. Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан-сезімін түсініп, ұғыну, оған көмектесу. Мысалы, «Балаңды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға-ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла»деген ғибаратты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз. Осынау өмірдегі әрбір жасөспірімге тән қасиет яғни, көңілінің қалмауы – ешкімге бағынышты болмай, қатар-құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін көңілді өткізу. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне үлескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады.Мысалы, қиын балалардың болашаққа ұстанған бағыты басқа жасөспірімдерден өзгешелеу болып келеді. Тәрбиесі «қиын» балалар әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, көп ретте ерік-күшінің аздығынан, берік қалыптаспауынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкігіне түсіп кете барады.«Қиын» оқушылардың ерекшеліктері. Ең біріншісі олардың дара ерекшеліктерін зерттеу қажет.Темпераменті, жыныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық ерекшеліктері)Адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері ( ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция қабылдау және ойлау биологиялық ерекшеліктері)Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі. Сонымен қатар баланың жеке қасиеттерінің, психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата - аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек «мен» деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік - жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудан талғамы және өзгелермен қатынасы қандай - осы жөнінен алып қарауға болады. Әдетте мінезі қиын балаларды мектеп мотивациясы төменгі деңгеймен сипатталады. Мінез - құлқы төмен балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек деп есептеймін. Өзін - өзі бағалау, ең алдымен, жеке тұлғаның әрекеті арқылы қалыптасады.Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдары береді. Өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналадағы адамдар балаға үнемі дұрыс қарым - қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластыққа лайық екнмін деп санайды, ал егер керісінше, оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзім лайық емеспін дегеннен басқа ештеңе қалмайды және бұл жағдайда баланың реакциясы әр түрлі болады. Қазіргі зерттеулерге қарағанда, тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға баланы ашуланшақтыққа әкеліп соқтырады. Міне тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізгі – сабаққа үлгере алмаушылық.Кейбір оқушы құрбыларынан сабақта арта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл көбіне менменсіген, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленуінен болады. Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата сіңіп кетке әдеттен деп, барлық себептен содан іздестіруге болмайды.Өйткені, тәртіп бұзу тек өзіне ғана байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға да, айталық, ата - ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талабың әр түрлі болып келуіне байланысты. Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиелену, оқуы, өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі туады.Мұндай «мен» бейнесі кез - келген баланың жақсы жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. Тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі - балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата - аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейрімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті туғызады. Екінші себеп - бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс - төбелес, ұрлық, ата - аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез - құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу. Отбасы тәрбиесінде ата – аналардың мінез - құлқы шешуші фактор. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А. С. Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп,... егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз... ал, онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ.Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан (невроз), жиі қояншық ұстамадан (эпилепсия) азап шегеді, олардың ақыл - ойы баяу дамиды. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата - ана азғындыққа түспеу үшін күш қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер ету керек. Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату отбасында ата - аналар балалардың күнделікті өмірі мен іс - әрекетіне басшылық жасайды.
А.Басс пен А.Дарки агрессияның төмендегі 5 түрлі түрін схема түрінде ұсынған:
Схема: Агрессияның түрлері
Бүгінгі кино, бейнетаспалардағы қатігездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығы қазір ғылыми ізденістер дәлелдеді.
Егер қандай да бір агрессивті қылық көресеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ыза-ашуын ата-ана алдында көрсетпей ішінде сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды.
Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аудару үшін де агрессивті қылық көрсетеді.
Ата-ананыңбала не айтса да көнгіштігі, шешім қабылдауда сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істетемін» деген агрессивті әрекет туғызады.
Агрессивті балалардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын төмендегі схемадан көруге болады.
Сондықтан агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс жасалуы қажет:
1.Агрессивті балалардың өз ашу-ызасын басқаға зияны тиіп кетпейтіндей күйде төмендетуге үйрету.
2.Балаларды әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, іс-әрекетіне бақылау жасап, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету.
3.Дау-дамай жағдайларында жағымды қарым-қатынас жасай алуға дағдыландыру.
4.Адамдарға сену, жаны ашу (эмпатия) сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Қорытындылай келе, ғұлама ғалым Әл Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» деген ақиқат сөзімен дәлелдегім келеді. Балалардың өздерінің қуанышын, қайғыларын, ойларын, уайымдарын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, жаңа фильмдер мен кітаптарды бірлесе отырып талдайды, өздерінің сүйікті әндерін орындайды. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайрымдылық, еңбексүйгіштік, т. б. тәртіп пен мінез - құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, отбасы жеке адамның тәртібі және мінез - құлық негізін қалайтын ең басты қоғам. Осы орайда ата-аналармен мына төмендегі жадынамалар арқылы психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген