«Ағылшын тілі пән
сабақтарында STEAM технологиясын қолданудың
артықшылықтары»
Қазіргі білім беру жүйесінде
жаңа технологиялардың үнемі енгізіліп жатқаны белгілі. Олардың
бірі- STEAM технологиялары(Science, Technology, Engineering,
Arts, Mathematics) бағытындағы әдістеме, яғни
ғылым, технология, инженерия, өнер және математика салаларын
біріктіретін әдіс. Бұл әдістемені ағылшын тілі сабақтарында қолдану
оқушыларға көпқырлы дағдыларды дамытуға мүмкіндік
береді. STEAM технологиясы шығармашылықты,
сыни ойлауды және практикалық дағдыларды біріктіре отырып, оқыту
процесін байытады. Ағылшын тілін үйренуге бағытталған бұл әдіс
оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, логикалық ойлауын
жетілдіруге үлкен септігін тигізеді. Мақалада ағылшын тілі
сабақтарында STEAM технологиясының қолданудың
артықшылықтарын қарастыратын боламыз.
STEAM әдісі кешенді оқытуды
қамтамасыз етеді. Нақты айтсақ STEAM әдісі ағылшын тілі нақты
ғылымдармен және өнермен байланыстыра отырып оқытуды қамтамасыз
етеді. Мысалы, инженерия немесе ғылым негіздерін түсіну кезінде
ағылшын тіліндегі терминдер мен сөз тіркестерін қолдану оқушыларға
тілді кеңірек игеруге мүмкіндік береді. Олар тек грамматика мен
сөздерді жаттап қана қоймай, алған білімдерін іс жүзінде қолдануды
үйренеді.Ғылыми тәжірибелерді ағылшын тілінде өткізу арқылы
оқушыларға жаңа сөздерді қолдануға және есте сақтауға мүмкіндік
беріледі. Мысалы, судың күйлерін зерттеу кезінде “solid”, “liquid”,
“gas” сияқты терминдерді қолдану арқылы оқушылар ғылыми ұғымдарды
ағалшын тілінде меңгереді.
STEAM әдісі шығармашылық пен
инновацияны, сыни ойлауды дамытады.
STEAM әдісінде
өнерге (Arts) үлкен мән беріледі. Ағылшын
тілі сабағында оқушылар мультимедиялық жобалар жасап, видеолар
түсіріп, графикалық немесе анимациялық жұмыстармен айналыса алады.
Бұл олардың ойлау шеңберін кеңейтіп, мәселелерді шешуге
шығармашылық көзқарас қалыптастырады.Сыни ойлау дағдылары әсіресе
маңызды, себебі оқушылар тек ақпаратты қабылдамайды, оны талдайды,
сұрақтар қояды және әртүрлі шешімдер ұсынады. Ағылшын тілін үйрену
барысында өнерге қатысты жобалар, жазбаша шығармалар немесе
презентациялар жасау оқушылардың тілді креативті жолмен меңгеруіне
әсер етеді. Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар ағылшын
тілінде өз идеяларын еркін жеткізуге және өз ойларын жаңа
бағыттарда дамытуға мүмкіндік алады.
STEAM әдісі оқушылардың тіл үйрену
процесіне қызығушылығын арттырады. Оқуды тек дәстүрлі арқылы емес,
жобалық тапсырмалар, тәжірибелер, ойындар, технологиялар көмегімен
жүзеге асыру оқушылардың ынтасын оятады. Тіл үйренуді ойын немесе
тәжірибе түрінде өткізгенде, оқушылар өздерін еркін сезініп,
тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен
орындайды.
STEAM әдісі білім беру жүйесінің
негізгі бөліктерінің бірі-сыни ойлау мен проблемаларды шешу.
Оқушыларға ағылшын тілінде әртүрлі күрделі жағдайларды шешуге
бағытталаған тапсырмалар беру арқылы олардың сыни ойлау қабілетін
дамытады. Мысалы, ғылыми жобаларды ағылшын тілінде орындау кезінде
оқушылар аналитикалық және логикалық дағдыларын
жетілдіреді.
STEAM әдісі коммуникативті
қабілеттерді жетілдіруге көмегін береді.
STEAM жобалары негізінде топтық
жұмыстар жиі өткізіледі, бұл оқушылардың бір-бірімен ағылшын
тілінде қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Әртүрлі тақырыптарда
диалогтар құру, жобалар жасау немесе пікірталастар өткізу
оқушылардың ағылшын тіліндегі сөйлеу дағдыларын жақсартады. Тілдік
барьерді жою және ойын еркін жеткізу қабілеті
дамиды.
STEAM әдісі оқытуда интерактивті
құралдарды пайдаланады. Scratch, Tinkercad, Kahoot, Lego Education
сияқты платформалар оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып,
ағылшын тілінде оқу процесін ойын, бағдарламалау немесе модельдеу
арқылы жүзеге асырады. Бұл тәсілдер оқушылардың танымдық
қабілеттерін жақсартып, тілді меңгеруін
жеңілдетеді.
STEAM әдісі көпқырлы оқыту
тәжірибесін ұсынады. Бұл әдіс оқушыларды тек бір салада емес,
бірнеше бағытта ойлануға ынталандырады. Ағылшын тілі сабақтарында
бұл әдіс арқылы оқушылар мәтіндер мен тапсырмаларды ғана емес,
сонымен қатар ғылыми зерттеулер, инженерлік жобалар немесе
шығармашылық жұмыстарды ағылшын тілінде орындауға мүмкіндік алады.
Мысалы, оқушылар ғылыми тәжірибелерді, инженерлік шешімдер мен
математикалық есептерді ағылшын тілінде талқылай отырып, тілдік
дағдыларын дамыта алады.
STEAM технологиясы қолданбалы
білімді дамытады. Бұл әдіс оқушыларға ғылым мен техника
салаларындағы нақты мәселелерді шешу арқылы теория мен практиканы
біріктіруге мүмкіндік береді. Мысалы, ағылшын тілін үйрену
барысында, оқушылар нақты әлемдегі мәселелерге арналған жобалармен
жұмыс істейді -экология, робототехника, ғарыштық зерттеулер және
т.б. осылайша, оқушылар тек тіл үйреніп қана қоймай, сол тілде,
ғылыми және техникалық ақпаратты түсініп, талдай
алады.
STEAM технологиясы топтық жұмыс пен
коммуникация дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. Көп жағдайда
топтық жұмыс талап етілетіндіктен, бұл әдіс оқушыларды бірге жұмыс
істеуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға және идеяларын ағылшын
тілінде жеткізуге үйретеді. Топтық жұмыс барысында тілдік
дағдыларды дамыту ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау мен
шағармашылықтың жоғары деңгейде қолданылуы маңызды болады. Оқушылар
бір-бірінің идеяларын тыңдап, ортақ шешімдерге келуге үйренеді, бұл
коммуникативті дағдылардың дамуына оң әсер
етеді.
STEAM әдісі технологиялық құралдарды
тиімді пайдалануға бағытталған. Ағылшын тілінде мультимедиялық
бағдарламалар, онлайн платформалар, виртуалды және кеңейтілген
шындық сияқты жаңа технологияларды қолдану оқушылардың
қызығушылығын арттырады. Оқушылар ағылшын тілін үйрену барысында
тек мәтіндерді оқып, тыңдаумен ғана шектелмей, түрлі ақпарат
көздерін зерттеп, жаңа технологияларды тәжірибеде қолдануға
дағдыланады. Бұл әдіс білім алушылардың заманауи технологияларды
түсінуін және оларды тіл үйренуде тиімді қолдануын қамтамасыз
етеді.
STEAM тәсілін қолдану оқушыларға
ағылшын тілін нақты, өмірдегі жағдайларда қолдану мүмкіндігін
береді. Ғылым мен техника, өнер мен математика түрлі салаларында
ағылшын тілі халықаралық тіл болып табылады. Математикалық
есептерді ағылшын тілінде шығару да тілдік дағдыларды арттырудың
бір жолы болып табылады. “Addition”, “substraction”, “division”
сияқты терминдерді қолдану арқылы оқушылар математикалық
түсініктерді ағылшын тілінде игереді. Сондықтан оқушылар бұл тілде
ғылыми тәжірибелер жасап, инженерлік жобаларды ұсыну немесе
шығармашылық жұмыстарды қорғау арқылы ағылшын тілінің практикалық
қолдану дағдыларын дамытады. Бұл тәсіл оқушыларға ағылшын тілін
шынайы өмірде қолдану тәжірибесін береді.
Қорытынды
STEAM технологиялары ағылшын тілін
үйрену процесін заманауи және тиімді етеді. Оқушылардың
шығармашылық, сыни ойлау, коммуникативті және техникалық дағдаларын
дамыту арқылы бұл тәсіл оларды жан-жақты
дамытады. STEAM арқылы ағылшын тілін оқыту
білім берудің шекарасын кеңейтіп, оқушыларға жаңа мүмкіндіктер
ұсынады. Ағылшын тілі сабақтарында ғылым мен өнер саласындағы
тақырыптарды зерттеу арқылы оқушылар тек ағылшын тілін ғана емес,
басқа пәндерден де білім алады. Бұл оқушылардың білімін кеңейтеді
және олардың жалпы дүниетанымын арттырады. Интердисциплинарлы оқыту
оқушыларға түрлі пәндер арасындағы байланысты түсінуге, бір пәннің
білімін басқа пәндерде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әдістемені
қолдану білім беру процесін біршама жаңаша, қызықты әрі нәтижелі
етеді, бұл оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал
етеді.