АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНДЕ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ОҚУ ПЛАТФОРМАЛАРЫНЫҢ РӨЛІ
Закериянова Динара Керимовна
Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, «№39 гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Түйін сөздер: оқу сауаттылығы, сандық технологиялар, ағылшын тілі
Қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан «цифрландыру» адам өмірін түбегейлі өзгерткенін байқай аламыз, білім беру саласына да өз әсерін тигізді. Интернеттің, электронды кітаптардың, платформалардың, әлеуметтік желілердің және мессенджерлердің, жасанды интеллекттің дамуымен біз күнделікті оқитын мәтіндердің саны мен көлемі ұлғаюда. Деректер ағыны тұрақты түрде артып отырған ақпараттық қоғамда оқу сауаттылығы басты маңызға ие.
Оқу сауаттылығы – оқығанын түсіну, қолдану және талдау. Бұл мәтіннен ақпарат алу, оның негізінде пайымдаулар, қорытынды жасау және өз ойын айту, түсіндіре білу қабілеті. Оқушылардың жазбаша мәтінді түсінуі, мазмұнын өз мақсатына жету үшін пайдалануы, білімі мен қоғам өміріне белсенді қатысу мүмкіндіктерін дамыта алуы.
Оқу сауаттылығы – функционалдық сауаттылықтың алғашқы қадамы. Оқушыны деректерді қабылдауға және талдауға үйрету үшін әртүрлі ақпарат көздеріне жүгіну маңызды, ал көркем мәтіндер солардың бірі ғана. Біз, яғни ұстаздар, оқушыны графиктер мен диаграммаларды, бейнелер мен суреттерді, комикстер мен фотосуреттерді, мұғалімнің әңгімелерін және аудио хабарламаларды, қысқасы, түсінуге болатын кез келген дереккөзді түсінуге үйретуіміз керек.
Негізгі міндет – оқушылардың ынтасыз жұмысын қызықты және қызығушылығын арттыратын, баулай алатын жұмысқа айналдыру. Осы мақсатқа жету үшін түрлі оқыту платформалары, жасанды интеллекттің көмегіне жүгінеміз. Осылайша, ағылшын тілі сабағын тек қана қызықты етіп өткізбей, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда қажетті ресурстарды пайдаланамыз. Солардың бірі атышулы Chat GPT. Бұл жасанды интеллект жайлы айтудың қажеті жоқ шығар. Менің назарымда басқа, AI MOJO, жасанды интеллект диаграммасының генераторлары мәтіндік сипаттамаларды көрнекі диаграммаларға түрлендіру үшін жасанды интеллект күшін пайдаланатын инновациялық құрал болып табылады. Оның көмегімен, керісінше, мәтінді суретке (диаграммаға, кестеге, т.с.с) өзгертеді. Шыққан нәтижені оқушылардың назарына ұсынып, өз түсініктерін жеткізуді талап етуге болады. Айтқым келгені, бастапқы мәтінді өзгерте отыра, оқушылардың шығармашылық мишықтарын ояту, олардың өз идеяларын туындату. Ағылшын тіліндегі сөздік қордың ұлғаюына, сөйлемнің дқрыс құрылымына, грамматикаға, кретивті ойлауға, айтылым мен жазылым дағдыларын арттыруға қол жеткізуге болады.
Бұл әрекеттің практикалық сипаты бар және оқушылардың өздері, мұғалімдер және ата-аналар үшін маңызды қолданбалы мәні бар.
Сандық оқу сауаттылығын арттыру үшін мұғалімдер келесі стратегияларды қамтитын кешенді тәсілдерді қолдануы керек:
-Оқытудың интерактивті формалары: Білім беру платформалары мен интерактивті қосымшаларды пайдалану оқуға қызығушылықты оятуға, сонымен қатар мәтінді талдау дағдыларын дамытуға болады. Егер сіз осындай қосымшаларға ойын түріндегі сыйақылар мен айыппұлдар жүйесін қоссаңыз, онда барлық жастағы мектеп оқушылары қызығушылық танытады.
-Нақты жағдайларды имитациялау: Жаңалық мақалаларын талдау, әлеуметтік жазбалар мен пікірлерді талқылау, әдеби кейіпкерлерді шынайы адамдармен салыстыру студенттерге оқу үдерісіне тереңірек енуге көмектеседі.
-Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту: Ақпаратты талдау мен сынауды қамтитын тапсырмалар мен жобалар оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастырады. Сонымен қатар, мұндай тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын дамытады.
Бірақ мұғалімдер әр оқушы үшін жеке көзқарас маңызды екенін есте ұстауы керек. Барлық студенттерге сәйкес келетін бір жоспар жоқ. Әр оқушының жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, дағдыларын ескеру маңызды.
Осылайша, цифрлық технологиялар ақпаратқа қол жеткізіп, оқу мен дамудың шексіз мүмкіндіктерін ашты деген қорытынды жасауға болады. Цифрлық ғасырда оқу сауаттылығы жай ғана дағды емес, қазіргі әлемде табысқа жетудің кілті десек те болады. Білім беру үдерісін жаңа ақпараттық орта жағдайына бейімдеуде мұғалімдер шешуші рөл атқарады, ал оқушылардың оқу дағдысының жаңа түрін меңгерудегі табысы олардың кәсіби шеберлігі мен цифрлық технологияларды енгізу дайындығына байланысты.
Әдебиет тізімі:
-
Рахимжанова А.Н., Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру үшін мәтінмен жұмыс жолдарының тиімділігі. https://martebe.kz/o-ushylardy-o-u-sauattyly-yn-arttyru-shin-m-tinmen-zh-mys-zhasau-zholdaryny-tiimdiligi/
-
Голубева Н.Н., Система упражнений для формирования читательской грамотности на уроках английского языка в рамках работы с текстом Молодой ученый. 2024.№13(512). https://moluch.ru/archive/512/112116
-
Янгишива З.Б., Читательская грамотность в эпоху цифровых технологий. https://infolesson.kz/statya-chitatelskaya-gramotnost-v-epohu-cifrovyh-tehnologij-7406820.html
-
Сақтағанова М.С., Алиева Н.Қ., Айтбаева Н.Қ. Ағылшын тілін оқытудың әдістері //Білім, 43-бет, №3, 2006.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ағылшын тілі пәнінде оқу сауаттылығын дамытудағы оқу платформалардың рөлі

шағым қалдыра аласыз