Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Ағылшын тілі сабағында мәнерлеп оқу жолдарын үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем шығармаларды,поэзияны ағылшын тілінде оқыту арқылы оқушылардың рухани мәдениетін жоғарылатып, жан-жақты болуға үйрету және ағылшын тілінде дұрыс нақышпен сөйлеуді үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Сарыағаш қаласы

60 жалпы орта білім беретін мектебі



DrawObject1





ТАҚЫРЫБЫ: Ағылшын тілі сабағында мәнерлеп оқу жолдарын үйрету









Ағылшын тілі пәнінің МҰҒАЛІМІ: Ешан Гулдана







2020-2021 оқу жылы



Ағылшын тілі сабағында мәнерлеп оқу жолдарын үйрету


Мақсаты:  «Көркем шығармаларды,поэзияны ағылшын тілінде оқыту арқылы оқушылардың рухани мәдениетін жоғарылатып, жан-жақты болуға үйрету және ағылшын тілінде дұрыс нақышпен сөйлеуді үйрету арқылы әлем мәдениетіне сай тұлға етіп тәрбиелеу»

Қай ұстаз болмасын өз шәкіртінің дұрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда қандай тіл болмасын сол тілдің әдеби шығармаларының рөлі ерекше деп ойлаймын. Баланың сөз мағынасын, сөйлем мәнін ұғынуында мәнерлеп оқудың да маңызы зор.

Жалпы мәнерлеп оқу дегенде тек поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің ағылшын тілі сабақтарында әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білуді әдеби шығармалардан алынған өлең жолдарынының мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғынып жеткізу арқылы үйретсем деп ойлаймын. Ол үшін бала ең алдымен оқиын деп тұрған сөйлемнің немесе өлең жолдарының мағынасын, айтылып тұрған ойын анық түсіне білуі керек.

Екіншіден, әрбір тыныс белгісінің мәнін ұғынып, соны дұрыс пайдалана білуі тиіс.

Үшіншіден, өлеңдегі сөздің ұйқас ырғақтарын, бунақ тармақтарын ажырата білуі керек.

Төртіншіден, сонымен қатар ағылшын тілінде сөйлеуде «Listening» тыңдалымның орны ерекше. Қазіргі таңдағы әлемдік білім беру саласындағы қашықтықтан білім беру жүйесі бұл орайда үлкен мүмкіндік беріп отыр. Бәрімізге белгілі қазір еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты балаларға білім беру түрлі әлеуметтік желілер және онлайн платформалар арқылы жүзеге асырылып отыр. Сондықтан балаларға онлайн оқу кезінде кез келген сабақ тақырыбын, сөйлем жолдарын және әдеби шығармаларды әлеуметтік желілердің функциясы аудио-тыңдалым арқылы жіберуге мүмкіндік бар. Бұл арқылы оқушылар жіберілген аудионың сөздерін ести отырып түсінеді және керек болған жағдайда кез келген уақытта оны қайта тыңдай алады. Өлең жолдарын үйрету үшін бұл да қолайлы әдіс.

Ағылшын тілін  оқытуда, әсіресе, алғашқы сатысында  қысқа өлеңдердің, ұйқастардың, жаңылтпаштардың  алатын орны зор. 

Мысалы, өзім оқытып отырған 5-сыныптар үшін төмендегідей ағылшын тіліндегі жаңылтпашты күнделікті нақышпен оқытуды үйрете отырып оларды дұрыс сөйлеуге дағдылауға болады деп ойлаймын.

Fat Pat had a fat cat                                        

Where are you going to, my little cat?

   Pat’s fat cat sat on Pat’s hat.                        

  I’m going to town to buy  a hat!

    What? A hat  for a cat?

A cat in a hat?

Once  there lived a lad who was                    

      Always very sad.

Берілген жаңылтпаштың тыныс белгілері болмаған жағдайда немесе тармақтары бірігіп жазылған жағдайда жаңылтпаштың оқу ырғағы өзгеріп, жай сөйлемге айналады. Сондықтан мәнерлеп оқуда тыныс белгі мен тармақтарды ажыра білу өте маңызды.

Ағылшын тілі сабағында мәнерлеп оқытуды үйретуді қазақ әдебиетімен байланыстыруға да болады. Атап айтқанда қазіргі білім саласында ерекше орын алатын Абай өлеңдері – таптырмас мүмкіндік. Осыған орай оқушыларға Абайдың өлеңдерін ағылшын тілінде оқытуды қолдауға да болады.

    Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады.

Summer

In summer, when shady

And violently flowers blossom on the meadows

And wide river banks

Lying nomadic noisy.

So highly grass on the field,

Hardly seen back of horses

Saturated mares to freedom

Not in the power seems moving.

Осы сияқты қазақ ақындарының өлеңдерінің ағылшын тіліне аударылған нұсқаларын, атап айтқанда ұлы Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы жан-жақты тануға мүмкіндік ашамыз

Қорыта келгенде, «Сөйлеудің екі түрі болады: бірі – жалаң, екіншісі - көрнекі. Көрнекі сөйлеуді жырлау – толғау дейміз. Жырлау – толғауда айтылатын әсерлі сөзді дарынды сөз деп айту қолайлы. Сөздің асыл болуы – адамға ұнауымен. Сөз мағына жағынан күштілігімен, көркемділігімен, ұнайды», - деп А. Байтұрсынов айтқандай, қандай тіл болсын мәнерлеп оқу жолдарын толық меңгерген оқушы «сөз асылын» табатын, «сөз мағынасын» ұғатын, «дарынды сөзді» тани білетін тұлға болып қалыптасады. Сондықтан да ағылшын тілінде мәнерлеп оқуды үйрену барлық оқушыға сөйлеу мәнерін үйретіп қана қоймай, тәрбиелілік жағынан да пайдасы болатынына сенемін. Менің алдағы мақсатым – жоғарыда айтылған мәнерлеп оқу жолдарын алдағы уақытта қолдана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту, сапалы білім беру және ағылшын тілін үйренуге қызығушылықтарын арттыру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.10.2020
1187
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12