Алматы облысы,
Талдықорған қаласы № 9 орта мектеп
КММ-нің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Шәмеке Гүлнұр Нұрланқызы
Ағылшын тілі сабағында ойын
элементтерін қолданып оқушылардың сөйлеу дағдысын
арттыру.
Қазіргі уақытта сабақ
үдерісіне қойылып отырған талаптардың бірі – оқушылардың
коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында сабақ
барысында ойын элементтерін қолдану.
Ойынның негізгі мақсаты баланы
қызықтыра отырып білімді меңгерту.Күнделікті бір сарынды сабақпен
оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аламыз.Сонымен
оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын сабақ арасында
ойын элементтері үлкен рөл атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін,
сапасын арттырумен қатар оқушының белсенділігін, шығармашылық ойлау
қабілетін дамытады. Сондай-ақ ойын оқушының сөйлеу қабілеті
әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Ойын оқушының жас ерекшелігі
мен мүмкіншілігіне сай және тәрбиелік, дамытушылық мәні зор болуы
тиіс. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ынтасы
артады.
Ағылшын тілі сабағында білім
сапасын және сөйлеу дағдысын арттыру үшін ойын элементтерін қолдану
керек.Ойын арқылы қызықсыз тақырыпты оңай меңгертуге
болады.
Ағылшын тілі сабағында
қолданылатын ойындар:
«Collect the
pictures»
Мақсаты: Ойлау қабілетін және
қол маторикасын дамыту.
Балаларға «Ойыншықтар»
тақырыбына суреттердің қиылған бөлшектері беріледі. Балалар
бөлшектерді құрастырып, олардың ағылшын атауларын атау
керек.
«Magic
box»
Мақсаты: Қиял, ойлау, сипап
сезім қабілеттерін дамыту
Балалардың алдарында сиқырлы
қорап қойылады, оның ішінде тақырыпқа берілген заттар жатады.
Балалар шеңбер бойымен тұрып, «What’s this?» сұрақ қояды, ал
қораптың ішіне қолынды салған бала, не екенін анықтайды, «This is…»
сөз тіркесімен жауап береді.
«What
can it do?»
Мақсаты:
модальді етістігін «can» басқа етістіктерімен байланыстырып, қолданыста
машықтандыру.
Балаларға
тірек – сызбалар карточкалар ретінде беріледі. Балалар оларды дұрыс
орындарына қойп, сөйлем құрастыру керек. Мысалы:It can
jump. It can run.
«Give
me…»
Мақсаты:
«Give me…» сөз тіркесін қолданысқа енгізу.
Балалардың
алдарында ойыншықтардың түрлері тұрады. Әр балаға бір ойыншықтың
ағылшын атауын «Give me…» сөз тіркесімен айтылады, сол бала аталған
сайкес ойыншықты алып беру керек. Мысалы: Give me a bear.
(hare, dog, frog, car, star, doll, ball.) Сол бала әрі қарай ойынды жүргізеді.
«What do you
like?»
Мақсаты: «I like \ I don’t
like» гр. құрылымды машықтандыру.
Балалардың алдарында
тағамдардың мүсінділер беріледі, кезекпен бір-бірден ұнайтын және
ұнатпайтын жемісті алып,“I like \ I don’t like” – деп
айтады.
«Name the
animals»
Мақсаты:
Сөз қорларын молайту.
Тақтада балалардың алдарында
бір жануарлардың суреттері ілінеді. Балалар атауын атап, содан
кейін тағы бір сурет қосылады, солай ойын арқарай жүргізіледі.
Барлық суреттерді атап болғанан кейін суреттер бір бірден атап
алынады.
«A happy
family»
Мақсаты: сөйлеу дағдысын
дамыту.
Балалар отбасы мүшелерінің
суреттерін саусақтарына киеді, оларға сайкес өлеңнің сөздерін
айтады:
There is a
Father,
There is a
mоther,
There is a
sister,
There is a
brother.
Hand in hand with one
another.
Ойын оқу үрдісін жеңілдетеді.
Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты
ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет. Сабақ барысында ойын арқылы
дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып
отырса сонда ғана мұғалімнің сабақ мақсатына жеткізуіне мүмкіндік
береді .