Материалдар / "Ағылшын тілін үйретуде жобалау технологиясын қолдану"

"Ағылшын тілін үйретуде жобалау технологиясын қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушылар үшін пайдалы мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
265
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілін үйренуде жобалау технологиясын қолдануЖобалау технологиясы ең алғаш рат 1919 жылы Америкада пайда болды. Бұл әдістің негізін қалаушылар Карл Дьюи, Торндайк және өзге де америкалық ғалымдар болып табылады. Жоба – бұл оқушының физиологиялық және интеллектуалдық мүмкіндіктеріне сай келетін әрі мемлекеттік стандарттар төңірегінде жүзеге асатын шығармашылық ізденісі. Жобалау технологиясының негізгі идеялары:
  • Оқушы өзі таңдаған еркін тақырыбын зор талпыныспен жасайды;
  • Кейбір кезде жасалатын жұмыс оқу пәнінің бағытымен сәйкес келмейді;
  • Жұмыстың ұраны: «Өмірден алынғанның барлығы – өмір үшін».
Мақсаты:
  • Білім мен біліктілік жүйесін қалыптастыруға әрекет жасау;
  • Дербес әрекет етуге баулу;
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту;
  • Мәселелерді көре білу және оны шешу жолдарына баулу;
  • Ақпаратты алу, пайдалану және жоспарлауға үйрету;
  • Сауаттылықты арттыру;
  • Топта жұмыс жасауға үйрету;
Жобалау технологиясы барысында қатысушылардың санына сәйкес жеке, жұптық және топтық жобалар анықталады. Дәл қазір біз топтық жоба туралы сөз қозғамақпыз. Бұл жағдайда қатысушылардың әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылғанын қадағалау керек. Яғни, үйлестіруші-педагогтың рөлі өте маңызды. Топтың жобалау әдісі белгілі бір ережелер мен қағидаларға негізделеді:
  • Топта лидер болмайды. Барлық топ мүшелері тең құқылы.
  • Топтар жарыспайды.
  • Тапсырмаларды бірігіп орындайтындықтан топ мүшелері бір-бірімен достық қарым-қатынасқа түсуден рахаттанулары тиіс.
  • Барлығы белсенділік танытып, ортақ іске әрқайсысы өз үлестерін қосулары тиіс.
  • Қорытынды нәтиже үшін барлық топ мүшелері жауапты.
  • Топтар психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып құрастырылады, дегенмен әр топта мықты, орта деңгейлі және әлсіз оқушы болуы сөзсіз. Әрбір топ таңдалған тапсырманы жасау барысында белгілі бір рөл ойнайды. Әрбір оқушы жобада өзіне тиесілі жұмыс бөлігін алады. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар жобаның сәтті жасалуы әрбір топ мүшесінің қосқан үлесіне қатысты екенін түсінетін болады. Сондықтан әрбір оқушы жаңа ақпаратты іздеуге, білім алуға асқан құлшыныспен кіріседі. Жобамен жұмыс барысында оқушылар «топта» жұмыс істеуге үйренеді әрі өзіне берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауға тырысады. Оған қоса, өзінің және жолдастарының еңбегін бағалауға үйренеді. Оқытушының басты міндеті – кеңесші, көмекші, бақылаушы, ақпарат көзі және координатор қызметтері. Оқытушының негізгі міндеті нақты білім беруде емес, оның тәсілдеріне баулып, бағыт-бағдар беруде.
Жақсы нәтижеге жету үшін келесі алгоритмдер жасалынып шығарылды:
  • Мәселенің бастауын табу;
  • Оны шешу үшін сәйкес тәсілдерді іздеу;
  • Ақпарат көзімен жұмыс жасау;
  • Мәтіннің сыни сараптамасы;
Жобаны жасап шығару сатылары. Әдетте, оқытушы оқушылармен жобаны қолға алған кезде «неден бастау керек?» деген сұрақ төңірегінде ойланады. Ол үшін келесі реттілікті мысал ретінде ұсынғым келеді.Жобамен жұмыстың бастапқы сатысы. Кіріспе және тақырыпты талқылау. Оған қоса, негізгі лексика мен грамматика беріледі. Орын алған жағдайға кіріспе.Жобамен жұмыстың тәжірибелік сатысы. Бірлескен оқу үдерісінің үйлесімді бөлімі. Лексика және грамматиканы зерттеуді жалғастыру. Нәтижелермен бөлісу. Нақты тәжірибелік жетістікке бағыттау. Оқушыларға көркемдік плакаттар, буклет, афиша немесе қысқа мәтінді, суреттермен безендірілген альбомдар, фото, тақырыпты ашатын ашықхаттар жасау ұсынылады. Атқарылған жұмыстың ауызша көрсетілімі. Нәтижені бағалау. Жұмыс барысында оқушыларға олардың нәтижелерін бағалауға көмектесетін арнайы қағаздарды толтыру міндеті жүктеледі. Алайда, жоба нәтижесін бағалау күрделі жұмыс екенін ескеруіміз керек. Оқушылар мен оқытушының бірлескен жұмысы білім алуға деген ынтаны арттырып, өз жетістіктеріне сенімді нығайтады. Осылайша, жобалау технологиясы барысындағы жететін жетістіктер келесідей:
  • Мықты әрі терең білімнің қалыптасуы;
  • Дербес жұмыстың жоғары деңгейі;
  • Оқушының ғылыми білімінің жоғары деңгейі;
  • Топтық жұмыс, топта біріккен талқылаулар жүргізе алу қабілеті;
  • Ұйымдасқан балалар ұжымы;
  • Ұжымдық жетістікке деген ынта.
Жобалау әдісі дәстүрлі оқу әдістеріне қарағанда әлдеқайда тиімді. Негізгі артықшылықтары:
  • Ағылшын тілін үйренуде қызығушылық пен ынтаның артуы;
  • Мектеп бағдарламасындағы әртүрлі пәндер бойынша білімнің визуалды өсуі;
  • Шығармашылық ізденіске берілетін еркіндік.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ