400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ағылшын тіліндегі идиомалардың қазақ тіліндегі баламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілі лексикологиясының бір саласы болып табылатын идиомалар тіл үйренудегі қызықты да күрделі үдеріс болып табылады. Мақалада ағылшын тіліндегі идиомалардың қазақ тіліндегі баламасы қарастырылып, олардың арасындағы байланыс сипатталатын болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ИДИОМАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БАЛАМАСЫ

Сапиева Алия Жайлаубаевна

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Ғылыми жетекші: аға оқытушы, магистр Насимуллина А.Б.



Идиома ­- бұл синтаксистік және семантикалық құрылымында берілген сөздің ерекше қасиеттерін ашатын тіркес. Олар мәдениеттің ерекшеліктерін, табиғи өмір сүру жағдайларын, ұлттық сипаттағы бірегейлікті, сондай-ақ тілдің ажырамас бөлігі ретінде сипатталады. Мәндердің болжамсыздығы - идиоманың басты ерекшелігі. Осылайша, бұл мағынасы толығымен немесе ішінара қайта қаралған тұрақты тіркес, яғни ол оны құрайтын элементтердің сөзбе-сөз мәндерінің қосындысына сәйкес келмейді. Бреннердің (2003, 50-51) пікірінше, “идиомалар жеке сөздің немесе сөз тіркестерінің тура мағынасынан ерекшеленетін немесе оны кеңейтетін мағынаға ие. Идиомалар белгілі бір дәрежеде грамматика, сөз тәртібі (синтаксис) және семантика ережелерін бұзады немесе созады. Идиомалар басқа тілге сөзбе-сөз аударғанда мағынасын өзгертеді”. Идиомалар әртүрлі құрылымның өрнектері болып табылады, сондықтан әдетте әртүрлі критерийлерге сәйкес топтастырылады. Идиомалар мәтінге мағыналық реңк береді және жіберушілердің ақпарат алушыларға ауызша әсерін күшейтеді. Олар қарым-қатынас процесін едәуір байыта алады және қажетсіз формальдылықты жояды. Идиомаларды тілдің ажырамас бөлігі деп атауға болады, өйткені олар күнделікті өмірдің кез келген саласында кездеседі. Олар елдің мәдениетімен және белгілі бір ұлттың дүниетанымымен тығыз байланысты.

Қазақ тілінде идиомалар “тұрақты сөз тіркесі” немесе “фразеологизм” деген атпен белгілі. Фразеология – тұрақты тіркестерді (кең мағынада) зерттейтін лингвистикалық пəн. Сондай-ақ тілдердегі фразеологизмдерді қарастыратын тіл білімінің дербес саласы. Қазақ тілі – тұрақты сөз тіркестеріне бай тіл. Тұрақты сөз тіркестері тілде сөзді алмастырып қана қоймайды, ойды анықтайды. Таным-түсінікті береді. Осындай ерешеліктеріне қарай тұрақты сөз тіркестерін шартты түрде таным-түсінікті және ой дәлдігін ашатын тіркестер деп бөлуге болады. Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытанын үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі; 2) мағына тұтастығы; 3) тіркес тиянақтылығы (1, 186 б.).

Тіл білімінде (көбінесе еуропа, славян зерттеушілері) фразеологизмдерді түрлі топтастырулары бойынша қазіргі бөліп қарастырғанына қарай, қазақ тіліндегі мысалдарымен көрсетсек: идиомдар (ит мініп ирек қамшылау, мұрнынан есек құрты түсу, ит арқасы қиянда, түкіргі жерге түспеу, түйе үстінде сирақ үйту); мақалдар (еңбегіне қарай өнбегі, орамал тон болмайды, жол болады, ер – елдің иесі, əйел – үйдің киесі); мəтелдер (тегін адам таз болмайды, бір тауда бір киік, итке мылтық не керек, əркім өз ботасын үкілейді); Бұларға қосымша дəстүрлі топтастыруда қанатты сөздер (еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей, сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады,); коллокациялар (жанды сөз, су мұрын, шикі өкпе, құдайы қонақ т.б. – дəстүрлі фразеологиялық тізбектерге қоса шешім қабылдау, билік коридоры, ақпараттық соғыс т.б. мысалдар) деп бөледі (4, 8 б.).

Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты идиомалық тізбектерге бай және олар кең қолданыста болып табылады. Ағылшын тіліндегі назар аударарлық фактінің бірі идиома ауыз екі сөйлеу тілінде ғана емес, сонымен қатар тілдің формальды стиль түрінде, сленгте, поэзияда немесе Шекспир тілінде және де Библияда қолданылады. Белгілі лингвист Ю.А.Шафрин: "идиома - бұл бірге қолданылатын және осы қатарға жеке алынған идиома сөздерінің әрқайсысының мағынасына сәйкес келмейтін мағына беретін сөздер қатары" деп анықтама береді (5, 19 б.).

Тіл білімінде идиомалар айрықша орын алады, дегенмен де әр идиоманың мағынасын түсіну, оларды дұрыс қолдана білу қиындық тудырып жатады. Бұның себебі, жоғарыда атап өткенімдей, фразеологиялық біртұтас сөйлемдердегі сөздердің тура мағынасында қолданылмауында.

Көптеген идиомалық тіркестер ағылшын тілінде тұрмыс тіршіліктермен, күнделікті тұрмыстық заттармен ұштасып жасалынады. Мысалы: to be born with a silver spoon in one's mouth, to hit the nail on the head, to make a clean sweep of something, to eat humble pie, to be in the soup т.б. Күнделікті тұрмыстық өмірді, тұрмыстық бұйымдарды арқау ете отырып, жасалынған идиомалар біздің тілімізде де көптеп көрініс тауып жатады. Мысалы: Айрандай ұйып отыр, жабулы қазан жабулы күйінде, шөміштен қысты, пышаққа тосты, жастықтан бас көтерді т.б.

Ағылшын тіліне идиомалар Библиядан келсе, ал қазақ тіліне шариғаттан, діни түсініктен де идиомалар туындап жатады. Мысалы ағылшын тіліне to kill the fatted calf, to turn the other cheek, the apple of one's eye. Қазақ тіліне діни түсініктерден енген идиомалар олар: Азан айтып қойған аты, Алла тұзын көтерді, жан берді, ақ сайтаны ұстады, Аллаға тәуекел қылу т.б (2, 5-8 б.).

Қазақ тілінде де, ағылшын тілінде де адам мүшелерін және жануарларды қолдану арқылы көптеген идиомалар жасалынған. Мысалы: with one's nose in the air (мұрнын көкке шүйіру), not to believe one's eyes (өз көзіне өзі сенбеу). To have something at one's finger tips (өз ісін бес саусақтай білу), to lay hands (қол ұшын беру), from the bottom of heart (шын жүректен), in the twinkling of an eye (көзді ашып-жұмғанша), two faced (екі жүзді), to have a sharp tongue (тілі ащы ), to get back on one's feet (аяғынан тұру), to break one's neck (мойнын үзу), hands off (тарт қолыңды), hold your tongue (тіліңді тарт), face to face (бетпе бет) сияқты идиомалар екі тілде де бірдей мағынаға ие әрі идиома құрамындағы сөздер де бірдей болып келеді. Ал төмендегі кесте қазақ және ағылшын тілдеріндегі идиомалардың құрамындағы сөздердің берілу ерекшелігіне арналған.



Қазақ тіліндегі идиомалар

Ағылшын тіліндегі идиомалар

Сөздердің берілу ерекшелігі

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Қолы байланды

Bound hand and foot

Қол

Қол және аяқ

Басын тауға ұру

Kick one's head against a brick wall

Тауға ұру

Кірпіш қабырғаға қарсы тұру

Бас қатыру

To rack one's brains

Бас

Ми

Ауызды ашпау

To have one's lips sealed

Ауыз

Ерін

Бас қатыру

To pull someone's leg

Бас

Аяқ



Сонымен төмендегі кестені талқылап кетсек, қолы байланды (bound hand and foot) дегенді ағылшындар қол және аяғым байланды деп жеткізсе, ал басын тауға ұру тұрақты сөз тіркесінде (kick one's head against a brick wall) ағылшын тілінде таудың орнына кірпіш қабырғаға қарсы тұру делінген, бас қатыру деген тұрақты сөз тіркесінде (to rack one's brains) ағылшын тілінде бастың орнына ми сөзі қолданған. Ауызды ашпау (to have one's lips sealed) ағылшындар ерінді жымқыру деп береді. Бас қатыру (to pull someone's leg) бас орнына ағылшын тілінде аяқ сөзі берілген.

Қазақ және ағылшын идиомаларында жан-жануарларды қолдануы сол этностардың санасына қалыптасқан, әбден сіңген бейнесіне байланысты (3, 12-40 б.).  Қазақ және ағылшын тілдеріндегі идиомалардың құрамындағы "жануар" ұғымының берілу ерекшелігі төмендегі кестеде көрсетілген.

Қазақ тіліндегі идиомалар

Ағылшын тіліндегі идиомалар

Идиомалардағы жануар ұғымының берілу ерекшелігі

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Қой аузынан шөп алмас

Can't say bo (boh, boo) to a goose

Қой

Қаз

Іштен шыққан шұбар жылан

A snake in the grass

Жылан

Жылан

Қой терісін жамылған қасқыр

Wolf in sheep's clothing

Қасқыр

Қасқыр

Қырқылжың түлкідей

As cunning as a fox

Түлкі

Түлкі

Бір оқпен екі қоянды атып алу

To kill two birds with one stone

Қоян

Құс

 Ешкінің құйрығы көкке жеткенде, түйенің құйрығы жерге жетеді

When pigs fly, when the cow comes home

Ешкі, түйе

Шошқа, сиыр

Ит өмір

A dog's life

Ит

Ит

Ит пен мысықтай

Lead a cat and dog life

Ит, мысық

Ит, мысық



Жоғарыда келтірілген кестеде екі тілдегі идиомалардың құрамындағы жануарларға қатысты сөздердің қолданылу ерекшелігің көрсетеміз. Мысалы қазақтардағы қой аузынан шөп алмас

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
07.09.2023
632
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі