СЕМЕЙ
ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН
№ 22 МЕКТЕП – ЛИЦЕЙ
СЕРІКПАЙ
АБЫЛАЙХАН
6
Ә СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
АҒЫЛШЫН
ТІЛІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазақстанымыздың
тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа
бағыттар, цифрландыруға ену, ағылшын
тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың
ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру
міндеттерін жүзеге асыруды аса маңызды
этап деп міндетті түрде талап етуде.
Ағылшын
тілі - халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп
тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық
саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл.
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің
бірі болып саналады. Ағылшын тілі —
дүние жүзіне ең кең таралған тіл.
Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа
Зеландияның мемлекеттік тілі болып
табылады. Оған қоса көптеген мемлекеттердің
ресми тілі болып саналады.
Ағылшын
тілінің қазіргі уақыттағы пайдасы өте
зор десем де болады. Менің анам ағылшын
тілінің мұғалімі, ағылшынша еркін сөйлеу
арқылы әлемдік жаңалықтарды көре аламыз,
біздің ағам екеуміздің де ағылшыншаға
деген қызығушылығымыз ерекше.
Менің
тілді үйрену барысындағы ұстанымдарым:
Ағылшын
тілдегі әдебиет оқу өте пайдалы.
Әлемдік әдебиеттің танымал туындыларының
орыс, қазақ тіліне аудармасын оқып, оның
негізіндегі түпнұсқасын ағылшын тілінде
оқу. Өз мектебімдегі жаңалықтардан
қалмай, ағылшын тіліндегі барлық
мәліметтермен уақытылы танысып отыру
үшін маған ағылшын тілін білу маңызды.
Арнайы бір салаға маманданған сайттар
да көбінде ағылшынша екені шындық. Демек
ағылшын тілін білу арқылы қажет ақпаратты
ала аламын.
Ағылшынша
көбірек сөйлесу. Менің
ойымша, ағылшынша жетік сөйлей алатын
танысың, досың болғаны абзал, онымен
күнделікті ағылшынша сөйлесу арқылы
тілімді дамыта аламын деп ойлаймын.
Ағылшынша
бағдарламалар көру. Бағдарламадағы
мәтіндерді, екі адам арасындағы сөздерді
ағылшынша естіп, құлаққа сіңіре білу
арқылы есте сақтауға болады деп
есептеймін.
Ағылшын
тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл.
Бұл тілде әлемнің көптеген елінде
сөйлейді. Қазіргі заманауи мектептерде
ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде
оқытылады. Тіпті ағылшынша сыныптар
көбірек жұмысын жасауда.
Тіл
үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше
пайдасы ерекше дер едім. Туған
тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің
дер едім.
Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің
дәрежесінің биік екенін мойындату үшін,
жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді
деп ойлаймын.