Қазақ
әдебиетінен сабақ жоспары 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ахмет
Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм
Шаян»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Ахмет
Байтұрсынұлы туралы кең көлемде мағлұмат беріп, оқушылардың
білімдерін толықтыру.Жаңа сөздермен таныстырып, мәтін мазмұнын
еркін түсінуге жағдай жасау.
Дамытушылық: Мәтін мазмұны
бойынша берілген сұрақтарға жауап алу арқылы оқушылардың алған
білімдерін толықтырып тиянақтау, сөздік қорын молайту, тілін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды
адалдыққа, адамгершілікке, бір-бірін сыйлай білуге, ауызбіршілікке
тәрбиелеу. Мәтінді меңгерте отырып, оқушыларды ізденімпаздыққа,
білімділікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа
сабақ
Сабақтың әдісі: сөздікпен
жұмыс, тақырыпты түсіндіру, сызбамен жұмыс, мәтінмен жұмыс,
сұрақ-жауап, сұхбаттасу
. Сабақтың
көрнекілігі: тақырыпқа байланысты
тіректі сызба, суреттер.
Сабақтың барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі. 1. Қазақстан
Республикасының әнұранын айту.
2.
Сәлемдесу.
3.Оқушыларды түгелдеу.
II.
Үй тапсырмасын сұрау
І
жартыжылдықта өтілген тақырыптар бойынша жалпы қайталау жасап,
тақырыптарды пысықтау, білімдерін толықтыру.
II. Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс Меңгерілетін сөздер мен сөз тіркестері: ықпал ету,
тұтастық, тойымсыздық,ақиқат, ,қуғын-сүргін, қайнар
топтастық, тіл білімі , беделді ,намысшыл , парыз, мақтаныш, қайраткер, дара тұлға , іргесін қалаушы,
аққу, шортан, шаян.
Тақырыпты сызба бойынша
түсіндіру
Қазақ
халқының атақты ақыны, дарынды журналисі, қазақ тіл білімінің атасы
1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай ауылдық, болыстық және
екі сыныптық училищеде бала оқытты
И.А.Крыловтың мысалдарын аударды
1909 жылы «Қырық мысал» деген кітабы
шықты
1873 -1937ж.ж.

Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді, намысшыл, әділетті адам болған
Туған жері бұрынғы
Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде


1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық
мектепте оқыды
1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқыды
Сауатын ауыл молдасынан ашқан
Мәтінмен жұмыс
Ахмет Байтұрсынұлы
Мәтінді мәнеріне келтіре
оқу.
Аударма
жасау.
Қосымша мағлұматтармен
толықтыру.
Тапсырмалар
орындау.
Сұрақтар
мен тапсырмалар:
-
А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына
арналған тірек сызба жасаңдар, оны жауаптарыңда пайдаланыңдар.
-
Блиц-турнир сұрақтарына жауап
беріңдер:
*А.Байтұрсынұлы - ...,
..., , ...
*Ол туған.
*Әкесі .., ...
,
*1886-1891 жылдары
*1909 жылы
*1911 жылы
*1937 жылы
* ... , ... , ... аударған.
* ... ... мысалдарын ... ... ...
Мысал туралы
Мысал — қызықты
да қысқа шығарма.
Мысал өлеңмен де, қара сөзбен де
жазылады. Мысал кейіпкері болып
тек адамдар ғана емес,
сонымен қатар аңдар да,
жәндіктер де, хайуанаттар да әрекет жасайды.
Мысалда автор
жануарларды, құстарды, өсімдіктерді суреттегенде
оларға адамға тән қасиеттерді дарытады, себебі сол арқылы
адамдардағы жаман қылықтарды, кемшіліктерді сынайды.
«Аққу, Шортан һәм Шаян» мысал
өлең
Өлеңді мәнеріне келтіре оқып беру.
Оқушыларға оқыту.
Мысал мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.
Мазмұны бойынша сұхбаттасу.
IY. Сабақты
қорытындылау
Кім
туралы білдік? Не туралы білдік? Нені үйрендік?
Y. Оқушылардың білімін
бағалау
YI. Үйге тапсырма
беру
1. Мәтін
мазмұнын әңгімелеуге дайындалу. Мысал өлеңді жаттау.
2. Сөздікті жатқа білу.