400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбы аясында кітапханада әдеби кеш ұйымдастырылды. 1 курс студенттерімен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арқалық медицина колледжінде 24 ақпан күні

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбы

аясында кітапханада әдеби кеш ұйымдастырылды.

Кітапханашы Ахатова Айсулу Серікқызы.



Мақсаты:

1.Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми

еңбектері туралы мағлұмат беру.

2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.


Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет

Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында

ұйымдастырылған әдеби кешке 11фкб тобының студенттері қатысты.

Қатысушыларымыз 3 топқа бөлініп Ахмет атамыздың өмірбаяның,

қызмет жолын, шығармашылығын,өлеңдерін айту.



Әділ қазылар алқасы:

Колледжіміздің әдіскері Әбдірахманова Алтынай Ерханқызы

Арнайы пәндер оқытушысы Сейтешева Ботагөз Жүрсінқызы


Picture 14




1 топ: Өмірбаяны мен өлеңдері.

- 1872 жылы 5 қыркүйек;

- Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы;

- Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі;

- Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебі;

- 1937 жылы 8 желтоқсан;

- Қуғын-сүргінге ілігу;

- Ату жазасына кесілу.


Picture 13


2 топ: Қызмет жолы мен өлеңдері.

- 1895-1909 ж.ж., Қарқаралы, орыс-қазақ мектебі, оқытушы.

- 1921–1925 жылы Орынборда, 1926–1928 жылы Ташкенттегі, Халық

ағарту институттарында, қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімдік қызметі.

- 1913–1918 жылы, қазақ зиялыларымен бірігіп, «Қазақ» газеті.

- Алаш партиясының негізін қалаушылардың бірі.









Picture 22


3 топ: Шығармашылығы мен өлеңдері.

- Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ әліпбиінің алғашқы авторы.

- "Қырық мысал" , аударма жинағы, 1909 ж. Санкт-Петербургте

- 1911 жылы, "Маса " өлеңдер жинағы

- «Оқу құралы», «Тіл – құрал», "Әдебиет танытқыш" - Әлі күнге дейін

қолданыста, маңызын жоғалтпаған

- оқу құралдары.


Picture 15





Миға шабуыл

Неліктен Ахмет Байтұрсынұлының екінші кітабы «Маса» деп аталған?

- Себебі ұйықтап жатқан қазақ халқын маса секілді ызыңдап ояту,

білімге, оқуға шақыру.

Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» аударма жинағы.

- орыс халқының ақыны Крылов Иван Андреевичтің мысалдары

негізінде аударған

- Үлгі аларлық ғибратқа толы мысалдар

- Татулыққа

- Бірлікке

- Ынтымаққа шақыру.


Picture 3


«Аққу, шортан һәм шаян» мысалының желісі:

Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн

Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін,

Тартады: ақку көкке, шаян кейін,

Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.

Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас.

Əуелі бірлік керек болса жолдас,

Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас!





Бұл мысал арқылы елді бірлікке, ынтымаққа, татулыққа шақырып

отыр.

Бір-бірін тыңдамай, әркім өзімдікі дұрыс деген істе береке болмайды

дейді.


Осы мысал төңірегінде қандай мақал-мәтелдер еске түседі?

- Бірлік болмай, тірлік болмас.

- Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

- Алтау ала болса, ауыздағы кетеді

- Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.


Picture 4


Ахмет Байтұрсынұлы «Оқуға шақыру» өлеңі:

Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап! Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

Шақырды тауық мана әлдеқашан, Қарап тұр терезеден күн жылтырап.

Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір

жан да: Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, Барады аралар да ұшып

балға.

- Оқып шығып, мән-мағынасына тоқталу, жеткізілмек болған ойды

анықтау.



Picture 23







Picture 2








Ендігі кезекте әділ қазыларға сөз берсек.




Picture 17 Picture 18

Picture 19 Picture 21

















Әдеби кештен алған әсерлерімізді стикерлерге жазып, білім ағашына апарып ілеміз.


Picture 12 Picture 10

Picture 9 Picture 16



Қорытынды

- Осымен әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Ахмет Байтұрсынұлының

«Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе

де келістіріп істейді.» деген нақыл сөзімен аяқтасақ. Білім алудан,

үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпаңдар. Білімді ұрпақ, бәсекеге

қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.03.2022
805
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі