400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ахмет Байтұрсынұлы «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдері» 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ахмет Байтұрсынұлы «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдері» тақырыбына арналған сабақ жоспары 6 сыныпта сабақ беретін ұстаздарға арналады. Сабақ жоспарын тақырыпты өткенде сабақтың өту барысын жоспарлағанда көмекші құрал ретінде қолдануға болады деп ойлаймын. Еңбек жолын енды бастаған ұстаздар үшін қажет деп ойлаймын. Осы сабақ жоспарын пайдаланған ұстаздарға сәттілік, жұмыстарына шығармашылық табыс тілеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып: 6

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырып: Ахмет Байтұрсынұлы «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдері

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға А.Байтұрсыновтың – тілші ,әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. «Қара бұлт», «Анама хат» өлеңдерінің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу, кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ойлау қабілетін дамытып, әдебиет ғылымына қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.

Сабақ түрі: Қалыпты сабақ.

Әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекілігі: ақын портреті, көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бағалау, қорытындылау.


САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру.

1. Сәлемдесу.

2. Кезекші мәлімдемесі.

3. Журнал бойынша түгелдеу.

4. Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.

2. Қалаған өлеңін жатқа сұраймын.

3. Қосымша сұрақтар қою аркылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.

4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы, «Қара бұлт», «Анама хат» өлеңдері жайлы түсіндіремін.

Ақынның өмірбаянын, еңбектерін, ғылыми зерттеулерімен шығармашылығын әңгімелеймін.

Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдері өте көп. Мысал дегеніміз не?

Мысалшы дегеніміз кім? Мысал дегеніміз - жан-жануарлар арқылы адамның іс-әрекетін бейнелеу. Мысал аудару Ыбырай, Абай тәжірибесінен басталады. Бір мысалдың өзі әрқайсысының аудармасына ілікті. Бұл әдебиетте нәзирагөйлік тәсіл деп аталады. Ахмет Крыловтан аударса, Крыловтың өзі грек мысалшысы Эзоп, Рим мысалшысы Федрден аударған. Ғалымдардың пікірінше Крыловтың 33 туындысы аударма екен. Біздің Ахмет атамыз да Крыловтан мысалдар аудару арқылы мысал жанрына үлкен үлес қосты. Соның бірі «Қара бұлт» мысал өлеңі.


Мысал өлеңді балаларға оқытып, оның мазмұнын сұраймын.

Бұлт пен таудың астарында қандай адамдар жатыр?

Бұлтқа ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?

Тауға ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?

Бұлт қандай бейне?

Тау қандай бейне?

Өмірде осындай адамдар кездесе ме?

Тау секілді әділ адамдардан біз кімдерді білеміз?

Қайырымдылық сөзін калай түсінесіңдер?

Абай атамыз айтқандай адам бойындағы бес асыл іс пен бес дұшпанды қане, кім атап береді?


«Венн диаграммасы»


Shape1 БҰЛТ адам ТАУ

ойындағы қасиеттер


Shape2


Shape3






«Сөздік жұмысы»

Аптап- ыстық

Пәрменінше- бар күшімен

Қайран қалу- таңғалу

Қайыр- пайда

«Мәтінмен жұмыс»

Текстен синоним, антонимдерді табу

Синоним - тамбау, жаумау; пайда, қайыр ;

Антоним - жаумай- құя салу;

«Қара бұлт» мысалындағы ғибрат алатын шумақты табыңыз.

«Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,

Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге.

Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,

Қандай зор тиер еді пайдаң елге».

Бұлт сияқты қолынан келетін істі пайдаға жұмсамайтын адамдар қазіргі өмірде кездесе ме?

Осы сұрақтарға оқушылар өз пікірлерін айтып, "Қайырымдылық" тақырыбына шағын шығарма жазады.

Оқушыларды екі топка бөліп, мақал сайысын өткіземін. Бірінші топтағы оқушы эділдік, қайырымдылык туралы мақалды қазақ тілінде айтса, екінші топ оқушысы сол мақалға түсініктеме береді. осылайша сөздікпен жүмыс жүргізіледі.


Анама хат

Әдебиет жанрының анықтамасы дәптерге көшіріледі, өлеңге талдау жасалады. Ақынның бұл мысалынан алатын тәрбиені айта келіп сабақты қорытындылаймын.


Семантикалық картаны толтырады.

Өлеңдері

Мысалдары

Аудармалары

Ғылыми еңбектері

Мақалалары







Сабақтың қорытындысы:

1. Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

3. Үйге тапсырма: Өлеңдердің қалағанын жаттап келу.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1287
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі