Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ахмет Байтұрсынұлы Аққу, Шортан һәм Шаян

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 22.10.18

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы Аққу, Шортан һәм Шаян

Сілтеме

Әдебиеттік оқу оқулығы 4-сынып. Алматы «Атамұра»2015ж

Жалпы мақсаты

Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, мысал жанры туралы түсінік беру. Оқушылар мысал арқылы ынтымақ, бірлік болмай –тірлік бітпейтінін түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасай алады. Мысалды оқып, сыни ойлай отырып талдайды.Жұппен жұмыс жасайды.Өз ойын еркін жеткізеді. Тапсырманы талдап қорытынды жасайды.

Негізгі идеялар

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Жылжымалы тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А3форматтағы қағаздар, маркер.

Тапсырмалар

1. Үй тапсырмасын сұрау «Диафильм жасау»

2. Топтық жұмыс.

3. «3 ағайынды» ойыны

4. «Ашық микрофон» әдісі

5. Рефлексия


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

(мұғалім және оқушы немен айналысады)


I.Ұйымдастыру(1 мин)

1. Оқушыларға қолайлы орта туғызу (Шаттық шеңбері)

2. Топтарға біріктіру Балалар бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз.I топ,II топ III топ, IV топ болып бірігеміз. (Топбасшыларын сайлап, топқа ат қоюды.)(1 мин)

Балалар адам бойындағы керемет қасиеттерді атап шығайықшы.


1-топ Достық

2-топ Татулық

3-топ Бірлік

4-топ Ынтымақ


II. Үй тапсырмасын сұрау:(5 мин)

«Қауын мен қарбыз» ертегісі

«Галерияға саяхат» әдісі арқылы балалар дифильмдерін тақтаға іледі.

Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.

Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.


III негізгі бөлім(5мин)

1.Ой қозғау

Балалар мысал дегеніміз не?

Мысал деп -адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.

Иван Андреевич Крылов





драматург мысалшы (1769-1844) - орыс жазушысы

Крылов есімі орыс жұртшылығына күлдіргі-сықақ жанрдағы шығармалары мен мысалдары арқылы белгілі болды.. Крыловтың көптеген мысалдары бар. Атап айтсақ: Түлкі мен қарға,Әншілер,Піл мен Қанден,шегіртке мен құмырсқа т.б.

Ахмет Байтұрсынұлы

Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері .Туған жері - қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы.
1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.

Орыс ақыны И.А Крыловтың мысалдарын Ахмет Байтұрсынұлы аударып, «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарған.
1873 жылы қазіргі ғалым, ақын «Тіл құралы», Торғай өңірінде «Қырық мысал» атты кітаптары дүниеге келген. Тұңғыш әліппені жазған.




2.Қосымша мәлімет(1мин)

Видео көрсетіледі

  • Ендеше бүгін біз «Аққу, Шортан һәм Шаян» өлеңімен танысамыз.



3. Дәптермен жұмыс:( 1мин)

  • Күннің реті,сабақтың тақырыбы жазылады.


4.Оқулықпен жұмыс(9 мин)

Оқушылар мысалды іштей оқиды.


Сұрақтар қою арқылы өлеңді талқылау.

Сөздік жұмыс:

Һәм-және

Ғибрат –үлгі

5. Топтық жұмыс (Өлеңді талқылау) (12 мин)

Шаян - қысқа құйрықты, басы кішкентай, мұрттары қысқа. 4000-нан астам түрлері бар. Олар теңіз, тұщы су қоймаларында және құрғақта өмір сүреді. Олар өлексе және омыртқасыздармен қоректенеді.

Аққу – сұлу, нәзік, өте сезімтал, сақ құс. Ол көлде сырғып жүзеді. Аққу қамыстың ішіне ұя салады. Оның өзгеше сұңқылдаған дауысы бар.


Шортан - ірі жыртқыш балық. Қазақстанның барлық табиғи су айдындарында кездеседі. Дене пішіні жебе тәрізді, басы жалпақ, түсі тіршілік ететін ортасына байланысты құбылып отырады


Топтарда өлең оқылып талқыланады.

1 топқа – Мысалды сахналау

2 топқа –Мысалдағы кейіпкерлерге мінездеме беру (Осыған ұқсас мінезді балаларға қандай кеңес айтамыз)

3 топқа –Мақал-мәтелдер жазады. (Ынтымақ,бірлік тақырыбына байланысты)

4-топқа «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» тақырыбында сюжетті фильм құрастыру.

(Шынайы өмірмен байланысты)

Топ жұмыстарын қорғайды.




6.«Үш ағайынды» ойыны (2 мин)

Ойынның шарты: Балалар ағылшын және орыс тілдегі сөздерді табады.

Аққу, шортан, шаян.




7.Жұптық жұмыс.(1мин)


Мына пікірлерге «Ия» немесе «Жоқ» деп жауап бер.


1)А. Байтұрсынұлы « Қырық мысал» деген кітап жазған.----------------------------

2)Жүкті аққу аспанға, шаян жерге, шортан суға тартады.--------------------------------

3)Аямай бар күшін салып тартқанда, жүк орнынан қозғалып кетеді.------------------

4)Бірінің айтқанына бірі көнеді.---------------------------------------

5)Мысалда адамдардың арасында кездесетін алауыздық сыналады.-------------------




IY. Қорытынды бөлім. (2 мин)

«Ашық микрофон» әдісі бойынша әртоптан кез келген оқушыны тұрғызып бүгінгі сабақтан не білгенін не үйренгенін сұрау.



V. Рефлексия

1 минуттық эссе ( 1 мин)

Маған ... түсінікті болды

Маған ... қиын болды

Маған ... ұнады

Маған ... оңай болды

Кейінгі тапсырмалар

Жұмбақ құрастыру.

Кейінгі оқу

Өлеңді жаттау.















Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицей











Shape1

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Аққу, Шортан һәм Шаян»

Сынып жетекшісі: Ахмет Анель

Сыныбы: 4 «М»

Пәні: Әдебиеттік оқу






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
552
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12