жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
9 желтоқсан |
Қарақия ауданы, «Құрық ауылының №6 орта мектебі» КММ |
|||||||||||||||||
|
5 - сынып |
Калиева Алмагул Джаксликовна |
|||||||||||||||||
|
Қазақ әдебиеті Адамгершілік –асыл қасиет |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» мысалы. Әке өсиеті |
|||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
(5 Т/Ж3)Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
|
|||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтіннің мазмұнын түсінеді,тапсырмаларды орындайды Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тірек сөздер арқылы шығарма кейіпкерлерін сипаттайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашып ,өмірмен байланыстырады |
|||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: Мәтіннің мазмұнын түсінеді.Кейіпкерлерге талдау жасайды Пәнге қатысты сөздік қор мен терминология: егінші, бала, бижай, дәнге толу, бүгілу, кекірею, иілу, қалпы Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша... Себебі... Қорытындылай келе...
Талқылауға арналған сұрақтар: Не себепті деп ойлайсыз? Әке не себепті бидайды адаммен байланыстырды? «Елде көп бұл бидайдай адам дейді, Тәкаппар халық оны жаман дейді. Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның ,Тұтынба бұл мінезі балам дейді», деген әке өсиетінің қазіргі уақытта өзектілігі қаншалықты? Ишара: мақұлдау,қолдау |
|||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
1.Тірек сөздер арқылы шығарма кейіпкерлерін сипаттайды. 2. Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы образын ашады. 3. Кейіпкерлерге өмірде ұқсайтын адамдар кездесетінін зерттейді. |
|||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы |
|||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
«Қазақ тілі» пәні, «Өзін-өзі тану» пәндері |
|||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
«Аққу,шортан,Һәм шаян» мысалы |
|||||||||||||||||
|
ЖОСПАР |
||||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Дереккөздер |
||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сыныптың жағымды ахуалын қалыптастыруда «Әке, ана, бала» сөздері жазылған қима қағаздары арқылы топтасады. «Еркін микрофон» әдісі бойынша үлкендердің айтқан өсиет сөзін келешек өмірде ұстану маңызды/маңызды емес? Әке өсиеті дегенді қалай түсінесіңдер? Сауалдарына жауап алу. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.Мәтінмен танысу. |
|
||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 10 минут
10 минут
5 минут
|
Жұптық жұмыс «… қатысты 10 сөзді атаңыз» әдісі бойынша «Егіннің бастары» мысалындағы кейіпкерлерге қатысты 10 сөз айтады. Жұптық жұмыс: Өздері атаған 10 тірек сөздер арқылы мысалдағы басты кейіпкерлерді тауып, сипаттап беру тапсырылады.
Сөз маржан (сөздік жұмыс) 1.Пісім-егіннің толық піскен кезі 2.Тағзым-ізет,құрмет,қошемет 3.Қожа-қожа сөзінің мағынасы көп.Бұл жерде егесі,иесі мағынасында 4.Кекірею-бәлсіну,тәккаппарлану 5.Қалып-қал-жайы,кейпі,түрі деген мағынада
Топтық жұмыс: «Қабырғадағы рөл» әдісі бойынша сұлбаға кейіпкер туралы білгенін және білгісі келетінін шығармадағы іс-әрекеті арқылы жазу тапсырылады. 1-топ: Әке образы. 2-топ: Бидай образы. 3-топ: Бала образы
Топтар бір-бірін бағалайды .
RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен басы дәнге толы бидаймын. Менің халқыма тигізер пайдам мол.Мен әрбір үйде дастарханның басынан табыламын... |
Қазақ әдебиеті «Атамұра»2017 Ақтанова А. Жүндібаева А.
|
||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5минут Кері байланыс 5минут |
«Шеңбер уақыты» шеңберде «Елде көп бұл бидайдай адам дейді, Тәкәппар халық оны жаман дейді. Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның ,Тұтынба бұл мінезі балам дейді», деген әке өсиетінің қазіргі уақытта өзектілігі қаншалықты?» сұрағына оқушылар жауап беруде белгіленген затты ұстап тұрып ойын білдіреді.
Сабақтан алған әсерім 1. Не үйрендім? 2. Мен үшін маңыздысы не болды? 3. Ұсыныс, пікір |
|
||||||||||||||||
|
ҚОСЫМША АҚПАРАТ |
||||||||||||||||||
|
Саралау - сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||
|
Сабақ барысында саралау жұмыстарын жүргіздім. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет етті. Оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қойдым. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады |
Жеке,жұптық,топтық жұмыстарды критерий, дескрипторлар қою арқылы оқушы деңгейін тексеремін
|
АКТ-ні тиімді пайдалану |
||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақта SMART мақсат қою арқылы оқу мақсаты кейіпкерлердің образын ашу барысында әдіс-тәсілдер мен жұмыс түрлері қолжетімді болды .Сабақта саралау жұмыстары тиімді жүргізе отырып,сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландым. |
||||||||||||||||||
|
ЖАЛПЫ БАҒАЛАУ Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. «Қабырғадағы рөл» әдісімен өткен топтық жұмыс сәтті өтті. 2. Сабақтың соңындағы «Шеңбер уақыты» бағалау бөлімі тапсырмасы сәтті өтті.
Сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Деңгейлік тапсырма беру,басқа мысалдармен салыстыра өткіземін. 2. Рөлдік ойындар жүргізгенде сабақтың жақсы өтуіне ықпал етеді. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім. |
||||||||||||||||||






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген