400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» өлеңі 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» өлеңі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:


Бөлім:


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:

Қатысқандардың саны

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» өлеңі

Оқу жоспарына сай оқу мақсаты:

5.1.2.1. әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

5.2.3.1. шығармадағы тілдік бейнелеу,суреттеу құралдарының (теңеу,эпитет,ауыспалы мағынада,ы сөздер,қайталау, өлең құралысы) мағынасын анықтау

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың идеясын анықтау;

шығармадағы тілдік бейнелеу,суреттеу құралдарының мағынасын анықтау


Құндылықтар және оның мақсаттары

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

Өзгені тыңдау, түсіну және диалог жүргізе алу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы

5 минут












Өткен сабақты пысықтау

5 минут




















Сабақтың ортасы

20 минут









































































































Сергіту сәті

2 минут



















Сабақты қорыту

8мин























Кері байланыс

5 минут



Амандасады

Психологиялық ахуал қалыптастыру



Үй тапсырмасын пысықтау:

«Күн сәулесі» әдісі

  1. Сарытүбек ауылында дүниеге келген қазақ арысы? (Ахмет Байтұрсынұлы)

  2. Ахмет Байтұрсынұлы қай жылы дүниеге келді? (1873)

  3. Байтұрсынұлы аударған «Алтын әтеш» әңгімесі қай ақындікі? (А.С.Пушкин)

  4. Байтұрсынұлы қай ел әріптерінің негізінде қазақ әліппиін жасады? (араб)

  5. Аллегория деген не? (Астарлы, тұспалдау, меңзеу арқылы суреттеуді аллегория дейді.)

  6. Мысал дегеніміз деген не? (Мысал – адамға сабақ болар өсиеті бар шағын аллегориялық шығарма)

  7. «Қырық мысал» әңгімесін кімнен аударды? (Крылов)

Жарайсыңдар!


Балалар, бүгін біз Ахмет БАйтұрсынұлының шығармашылығымен танысуды жалғастырамыз;

Ақынның біз білмейтін қандай қырлары бар екен, бірге қарайық

(AR/VR жасанды интеллект)




Сабақтың мақсаты:


Әдеби шығарманың тақырыбы идеясын анықтау;

шығармадағы тілдік бейнелеу,суреттеу құралдарының мағынасын анықтау


1 – тапсырма

«Болжау» стартегиясы

Функционалдық сауаттылыққа берліген тапсырма

Саралау - диалог

Әдістің мақсаты: оқушыларды креативті ойлауға, жаңа идеяларды тудыруға бағытталған.

Әдістің орындалуы:

Мысалдың 1-шумағын мұғалім оқиды, әрі қарай не болатынын оқушылар болжайды. Дұрыс нұсқасын мұғалім оқиды, әрі қарай оқушылар тағы болжайды. Осы ретте мәтін жалғасын болжату арқылы оқушылар әңгімені аяғына дейін болжам жасаумен болады. Мұғалім оқитын үзінді мен оқушылардың болжайтын тұсы төменде көрсетілген. Оқушылар деңгейлеріне сай болжам жасайды.

Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.


Әрі қарай жалғастырыңыз!


Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»


Әрі қарай жалғастырыңыз!


«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына:


Әрі қарай жалғастырыңыз!


«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.


Әкесінің баласына қандай ақыл берді?


«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді


Шығарманы бір оқушыға мәнерлеп оқытып, тақырыбы мен идеясын анықтату.



2 – тапсырма (жазба жұмысы)

Мысал өлеңнің жоспарын құрыңдар;

Құрылған жоспар бойынша сюжетін әңгімелеңдер;




3 – тапсырма (жұптық жұмыс)

  • Диалогты табыңдар;

  • Әке ме баланың диалогын кезектесіп оқыңдар;



СЕРГІТУ СӘТІ



4 – тапсырма (топтық жұмыс)

1 – топ

Бидайдың сипаты арқылы берілген мінез – құлқын қарасөзбен жазыңдар;


2 – топ

Өлең жолдарынан көріктеу құралдарын тауып, оны теріп жазыңдар;


3 – топ

Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді анықтап, олардан арылу жолдарын қарастырыңдар;



5 – тапсырма

«Асықтар» әдісі

  1. Ақын көкке қараған бидай арқылы қандай адамға мінездеме берді? (тәкаппар)

  2. Басы толы бидайдың ерекшелігі бар ма?

  3. Әке балаға қандай өсиет қалдырды деп ойлайсың?

  4. Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттер туралы айта аласың?

  5. Адам бойындағы қандай жаман қасиеттер туралы айта аласың?

  6. Бидай қауашағының бостығы арқылы ақын не айтқысы келді?

  7. «Адамдық диқаншысы» мен «Егіннің бастары» әңгімесінің ұқсастығы мен айырмашылығы?

  8. «Тәкаппар» сөзіне синонимдер айт;

  9. «Қолы емес, тәкәппарлық данышпанның...» деген сөздерден не түсіндің?


Тамаша!


Үйге: «Егіннің бастары» жаттау


«Білім шыңы» әдісі арқылы кері байланыс береді




Амандасады

Психологиялық ахуалға қатысады









Үй тапсырмасын пысықтайды

















Жасанды иетеллект арқылы Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысады







Сабақ мақсатымен танысады

















Өлең жолдарын мәнерлеп оқиды








































































Мысал өлеңнің жоспарын құрайды






Диалогты тауып оқиды



Сергіту сәтіне қатысады







Топтық жүмыстарды орындайды














Асық артына жасырылған сұрақтарды оқып жауап береді

















Үйге тапсырма алады

Кері байланыс береді

Оқушылар алған ұпайларын бағалау парағына жазады












Дескриптор:

Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

ҚБ:

Тамаша!




























Дескриптор:

Өлеңді мәнерлеп оқиды – 1 б

Әр шумақта оқу арқылы оқиғаның өрбуін болжайды - 1 б

Шығарманығ тақырыбы мен идеясын анықтайды – 1 б

Жалпы – 3 б

ҚБ: Тамаша!























































Дескриптор:

Мысал өлеңнің жоспарын құрайды – 1 б

Құрылған жоспар бойынша сюжетін әңгімелейді – 1б

Жалпы – 2 б

ҚБ: Керемет!





Дескриитор:

Диалогты табады – 1 б

Әке мен бала диалогын кезектесіп оқиды – 1 б

Жалпы – 2 б









Дескриптор:

Әр топ өз тапсырмаарын дұрыс орындайды - 1 б

Өз ойларын дәлелдейді - 1 б

Жалпы - 2 б

ҚБ: Өте жақсы!










Дескриптор:

Сұрақтарға дұрыс жауап береді - 1 б

ҚБ: Керемет!

Слайд











Презентациялық ойын































Оқулық

























































Слайд



















































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
648
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі