|
Сабақтың басталуы
5 минут
Сабақтың ортасы
10 минут
5 минут
10 минут
10 минут
Сабақтың соңы
5 минут
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Психологиялық
ахуал
«Арқаға
сурет салу»
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты,
бағалау критерийі айтылады.
Ойтүрткі
Суретте кім бейнеленген деп ойлайсыңдар? Әке мен бала қайда
келді? Олар нені байқауы мүмкін?

Өлеңді мәнерлеп оқу
1-тапсырма
1.«Егіннің бастары» мысалында әкесі мен жас бала
қайда келеді? Олар нені көреді?
2. Жалғыз Бидай өзін қалай
ұстады?
3. Баласы әкесіне қандай сұрақ
қойды?
4.Әкесі қалай деп жауап берді?
Неліктен ақын:
«Елде көп бұл Бидайдай адам, –
дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, – дейді. Қалпы
емес тәкаппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», – дейді»,
–
деген жауапты келтіреді? Тәкаппарлық дегенді
қалай түсінесіңдер?
2-тапсырма
Өлеңге басқаша тақырып қойып,
себебін түсіндір.
3-тапсырма
Өлеңдегі дәнге толы
және дәні жоқ егіннің бастарын сипаттайтын жолдарды, өлеңнің
идеясын ашуға тірек болатын шумақты анықта.
|
Дәні жоқ егіннің басы
|
Дәнге толы егіннің басы
|
Идеяға қызмет ететін шумақ
|
Өзіндік тұжырымың
|
|
|
|
|
|
4-тапсырма
Өлеңнен ауыспалы мағынадағы кездесетін
тармақтарды табыңдар. Суреттеу құралының мағынасын
түсіндіріңдер.
Өлеңді құрылысына талдаңдар.
Үлгі:
|
Ауыспалы мағынадағы сөзі
|
Мағынасы
|
|
көзі түсіп,
|
Көріп, назар аударып.
|
|
көкке қарап
|
жоғары қарап,
|
|
кетті көңіл
|
ықыластанды
|
3 4
4
11Бір
адам/
жас
баласын /
жанына алды,
а
3 4
4
11Екеуі
/
сайран етіп / кетіп қалды.
а
3 4 4
11Қыдырып /әрлі-берлі /жүрді дағы,
б
3 4 4
11Егінші /егін
еккен /жерге барды.
а
11 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасына
құрылған.
Үйге: 10-тапсырма. Өлеңді
жаттап алыңдар.
Сатылым
рефлексиясы

|
Психологиялық ахуал
«Арқаға сурет салу»
Бұл
ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа
бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең
артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады
(мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б).
Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының
арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет
салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған
затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы
оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда
жазылғанмен салыстырады.
Сұрақтарға жауап
береді.
Өлеңге басқаша тақырып қойып, себебін
түсіндіреді.
Өлеңдегі дәнге толы және дәні жоқ егіннің
бастарын сипаттайтын жолдарды, өлеңнің идеясын ашуға тірек болатын
шумақты анықтайды.
Өлеңнен ауыспалы
мағынадағы кездесетін тармақтарды табады. Суреттеу құралының
мағынасын түсіндіреді.
Өлеңді құрылысына талдайды.
|
Талқылау кезінде
оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары
ауызша
мадақтау
арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде
белсенді қатысуына ынталандыра
ды
Жарайсың!
Керемет
шешім! Ойлы
шешім!
Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан
естімеппін!
Дескриптор:
Білім
алушы
-басқаша атау ұсынады;
-атауды ұсынудың себебін 2 сөйлеммен
түсіндіреді.
-өлең мазмұнынан егіннің бастарын сипаттайтын
жолдарды теріп жазады;
-өлеңнен идеяны ашуға негіз болып тұрған шумақты
анықтайды;
-анықталған шумақ негізінде өз пікірін бір
сөйлеммен білдіреді.
Дескриптор
Білім алушы
-шығармадағы ауыспалы
мағынада қолданылған сөз кездесетін
3 тармақты анықтайды;
-әр тармақтың құрамындағы
ауыспалы мағынадағы сөздің мағынасын өз сөзімен
түсіндіреді.
|
Оқулық
Қазақ әдебиеті
«Атамұра» баспасы
2018 ж
Қалыптас
тырушы бағалау тапсырма
лары
5-сынып
|