«А.Байтұрсынұлы- қазақ
әлңпбиінің атасы»
"Ш.Уәлиханов атындағы ЖОББМ
"КММ
Бастауыш сынып
мұғалімі:Ибрагимова Нуржамал
Азимхановна
Әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы,
публицист, педагог, аудармашы, қоғам және мемлекет қайраткері.
Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы
жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының
негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда
өкіметінің мүшесі. Қазақтың біртуар азаматы Ахмет
Байтұрсынұлы 1873 жылы 5 – қыркүйекте қазіргі
Қостанай облысы, Жангелдин ауданындағы Сартүбек елді мекенін де
дүниеге келген. Сүйегі – арғын, оның ішінде – үмбетей. Ал
әріден таратсақ, Ахаң тарихта есімі мәшһүр тұңғыш тархан
Жәнібекпен тусады. Жәнібек батыр Шақшақтың шобересі
болса, Ахмет – Шақшақ бабаның тоғызыншы тармақтағы ұрпағы.
Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еті тірі, сергек, намысқой адам
болған.
Байтұрсынұлы шығармашылық
жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін,
арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға,
білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті
көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің
қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық
ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның
алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж.
Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда
жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар
жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына
өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың
сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес
қосып отырған. Сонымен бірге А. Байтұрсынұлының ел арасына
кеңнен тараған бірнеше әндері де бар: «Аққұм», «Қаракөз», «»Екі
жирен»,
«Қараторғай»т.б. «Қырық
мысал» ұлы ағартушының түбірлі,
түбегейлі тәрбиелік мақсаты мен мұратынан туған өлеңді шығармалар
топтамасы. Кітапқа енген қырық мысал түгелдей атақты орыс ақыны
М.АКрыловтан аударылған:
Орыстың тәржіме еттім
мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы
барым.
Қанағат азға деген, жоққа
сабыр,
Қомсынып, қоңырайма,
құрбыларым,- дей тұрғанмен, осы қырық өлеңнің бәрі де
түгелімен тіпті аударма секілді
емес.
Байтұрсынұлының екінші кітабы
— «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық,
надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді
сынады. «Масада» өзінің өміріндегі ең басты мақсаты ұйқыдағы халқын
оятуға жұмсайды.
Ұйқысын азда болса бөлмес пе
екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса,
десе
Қазағым,
елім,
Қайқайған
белің,
Сынуға тұр
таянып,
Талауда
малың,
Қанауда
жаның,
Аш көзіңді
оянып,
Қанған жоқпа әлі
ұйқың
Ұйықтайтын бар не сиқың!- деп
қазақтарды тағы да «оянуға»
шақырады
«Егіннің бастары»
мысалында:
«Елде көп бұл бидайдай адам, —
дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, — дейді.
— Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», — дейді. — деп санасы таяз тәкәппар
надандардың болатынына қынжылып, сондай адамдардан бойын аулақ
ұстауға ақыл – кеңес береді.
«Маймыл мен көзілдірік»
мысалында:
Алғанға бұл кеңесте ғибрат
бар,
Маймылша іс ететін көп надандар.
Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,
Сөгетін пайдасыз деп жоқ па
адамдар?!
Ахмет Байтұрсынов ғылымның
жетістігін пайдалана алмағандықтарын, өздерінің білімсіздіктерін,
ебедейсіз, икемсіздіктерінен көрмей кінәні басқалардан
іздейтіндерді шебер суреттеген.
Бұл мысалда автор
тыңдаушылардың жетесіне қазақ «бөлінгенді бөрі жеді» деп бекер
айтпағандығын, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» болатындығын өсиет етіп
айтады.
Ат пен есек
Мысалдың соңында:
Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек?
Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек,
Көрерсің рақатын көлеңкелеп.
Қайырдың ең абзалы бұл
дүниеде
-Біреуге қысылғанда жәрдем
бермек
Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.
— деп аяқтайды. Мұнда не нәрсе болса да
ақылға салып, ой елегінен өткізіп сабырмен істе, өткен іске
өкінгенмен еш нәрсе өзгермейді деп бір ой тастаса, екіншіден біреу
сенен қиналып көмек сұрағанда көмектес, ондай күй сенің басыңа
түскенде тым кеш болып, «аһ» ұрарсың деп жанашырлыққа, жаныңдағы
жолдасыңның жайын ұғуға шақырады
Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының негізі идеясы
жастарды бүгінгі күнде құр сөз, «таусылмайтын» ақыл – кеңеспен
тәрбиелегеннен гөрі, жеке бастың өнегесіне, ғибраттылыққа, қоғамда
орын алып жатқан әр қилы құбылыстарға сын көзбен қарап, өзіндік
баға бере білуге баулу.
Менің түйген түйінім алға басып, жұрт қатарына
кіру керек. Басқадан кем болмау үшін біз білімді, күшті болуымыз
керек. А.Байтұрсынұлы аңсаған егемендіктің құны мен қадірін
бағалауымыз, ары қарай дамытуымыз керек! . Әсіресе, оқуымды
жақсы оқып, ата –анамның еңбегін ақтап, тәрбие
мен қоғамдық іс-шараларға белсене ат салысуды қалаймын.
Бұл да болса ата арманының орындалғаны, өзі аңсаған сауатты
ұрпақтың өсіп жатқанының куәсі болармын деп
ойлаймын.