жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ахмет Байтұрсынұлының емле ұстанымы, орфограммалау тәсілдері
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
СӨЖ
«А. Байтұрсынұлының емле ұстанымы, орфограммалау тәсілдері»
Орындаған: Нодар С
Алматы, 2023 жыл
А. Байтұрсынұлы әліпбиінде 24 әріп болды. Ал дыбыстың саны, ғалымның өзі айтқандай, - 43. Графеманың бесеуі (а, о, ұ, ы, е) дауыстының, 17-і (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н) дауыссыздың, 2-і (й, у) жарты дауыстының таңбасы. Ал фонеманың 9-ы дауысты, 34-і дауыссыз. Сөйтіп, ғалым тіл дыбыстарын бір жарым есе аз әріп таңбаға сыйдырып, өз кезеңінде ең үнемді әліпби түрін жасады. Әліпби теориясында әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген жазу сипатын көрсетеді деген қағиданы қалыптастырған А. Байтұрсынұлының төте жазуы деп білеміз. Ғалым ерін үндесіміне қарағанда қазақ тілінде тіл үндесімі жетекші қызметте екенін пайымдап, лингвальды сингорманизмге жазуда доминанттық сипат береді. Сөйтіп, өзге түркі тілдері ішіндегі қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін анықтап, орнын айқындайды. Сөздің бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылатыны басқа дыбыстық заңдылықтарға қарағанда жаппай қамтитын құбылыс екенін пайымдайды. Және ол жуан-жіңішкелікке «жетекшілік» ететін саны аз дауысты дыбыстар болатынын біледі. Осы белгілерді байқай отырып, ғалым 43 дыбысты мүмкіндігінше аз әріпке сыйдыруды қарастырады: «Дауысты дыбыстар сөздің жаны есебінде, дауыссыз дыбыстар һәм жарты дауысты дыбыстар сөздің тәні есебінде. Тәнді жан қандай билесе, дауысты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай билейді; яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да солай айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, басқа дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылатындығы да айрылғаны. Дауысты дыбыстар а, о ,ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады, мысалы: аз, оз, ұр, сары. Бұлардың жіңішке айтылатын орнын айыратын белгі аламыз ()-ні дәйекше. Бұл белгі сөздің алдында дәйекшіге тұрып, ол сөздің жіңішке оқылмағын хабарландырады, яғни бұл белгі тұрған соң сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, олардың қатарындағы басқа дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар да жіңішке айтылады, мысалы: арман-әрмен, тор-төр, тұр-түр, жоны-жөні. Жіңішкелік үшін жалғыз ғана белгі алып, 43 түрлі дыбысты 25 белгімен дұрыстап жазуға болады» [7, 325б]. Мысалы: ̔пале (пәле), ̔ыш (іш) т.б [2, 119-120б.]
Қазақ жазуы кезеңдерінен <ұ>, <ү>, <у> дыбыстарының фонемалық мәртебесін анықтау қиынға соққаны белгілі. Бұған араб графикасындағы ұ, ү, у, о, ө дыбыстарына бір таңба арналуы себеп болды. Дыбыстардың еріндік, қысаң интегралауын белгілерінен бөтен, өзара жуанн-жіңішкелік (ұ-ү, о-ө) дифференциалды белгісі және еріндік реңкі күшті, әлсіз, орта, орталау белгілері бар. Сондықтан олар сөзайырымдық, сөзтанымдық қасиетке ие фонема деңгейінде қарала алатынын айқындаған А. Байтұрсынұлы бұл бес фонемаға үш таңба арнайды. Олар жуан-жіңішке белгісі арқылы ажырайды. [2, 120б.]
Бұл мәселеге ол «Жазу мәселесі» мақаласында тоқталады. Ол 1913 жылы «Қазақтың» 34-35-нші номерлерінде жарияланған. Мұда әліпбиге байланысты пікір таласу, яғни Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған әліпбиді жақтаушылар мен жақтамаушылар арасындағы даулы әңгіме. А.Байтұрсынұлы бұл мақалада Ғ. Муси деген мырзаның қос дауыстыларға берілген ноқатпен келіспеуі оның дұрыс түсінбеуінен «у» мен «ұ»-ны, «ү»-ні, «ы» мен «і»-ні, «о» мен «ө»-ні бір-бірінен ажырату үшін оларға берілген таңбаны «дәйекше», «үтірлермен» сүйеу арқылы дыбысталуындағы ерекшеліктерді айыру оқушыға керек екенін дәлелдейді. Қазақ пен ноғай арасындағы дыбыстың айтылу ерекшеліктеріне мысалдар келтіріп, өз ойының дұрыстығын, түзулігін нақты деректермен түсіндірген. [5, 311б.]
Ғалым: «о мен ұ екуіне зор ілтипат керек. Бұлардың жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес. Қой (мал) деген сөзбен құй (шай құй) деген сөздердің мағыналары қандай басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. Ұ көмескі айтылса да, қалдырмай жазу керек, Ұ тұр, жұрт, құм деген сөздерде т-ның, ж-ның, қ-ның соңынан қандай дыбыс естіледі, сол дыбыстың белгісі. Бұл дыбыстың қарпін о-дан айыру үшін, үстіне () қоямыз. Ұ-ны оқығанда һәм оқытқанда сол естілген қалыпта айтарға тиіс» деген. Бірақ сонда да <ұ>, <у>-дың арасын айыру қиындығы болғанға ұқсайды: «у – азу, қару, жабу деген сөздерде з-ның р –дың, б-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі. У,Ұ –сөздің бас буынында қысқа һәм көмескі естіледі. Құрау, құлақ, құрғақ деген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын, һәм анық айтылады. У-дан ұ-ны айыру керек. Қысқасы сөздің басқы буынында у ұзын һәм анық естілсе, екі әріппен жазарға тұура, тұумас, буұн, бұуаз дегендей. (у)-ды (ұ)-дан айыру үшін үстіне () қоямыз. Себебі, (у) менен (ұ)-ның жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес» [7, 383б.]. Проф. М. Жүсіпов А. Байтұрсынұлы ілімінде қысаң езуліктің төрт түрі (ы, і, ый, ій), қысаң еріндіктің төрт түрлі (ұ, ү, ұу, үу) варианты бар деген. Оған А. Байтұрсынұлының «Сіздер у бар дерсіз, жоқ. Ол уауға сакін болады» дегені дәлел. «Ал сөз ортасында, я басында анық һәм ұзын естілетін жерлерде екі /ұ/ жазуға тиіс. Мысалы, тура, туыс деген сөздерде. Басқа түркі тілінде екінші ұ орнына ғ келеді. Мысалы, тұғра, туғыш» [4, 383б.] деп ұу, үу тіркесін ұұ, үү арқылы беру керек деп топшылайды. Сөз басында айтылса, екі таңба сөз аяғында қалай естілсе де, жағыз /у/ әрпімен беруді ұсынады [.]. Мысалы, ашу, ашулану, тату, татулық, татуласу. Бұдан А. Байтұрсынұлының объектіні бір деңгейде, объективті түрде сипаттайтынын көреміз. Мысалы, ашулану деген сөздегі бірінші /у/ әрпі ортаңғы буын болғанмен, ол ашу сөзінде соңғы буында тұр деген сияқты [2, 121б.].
Ал <ы>, <і> фонемаларының орфограммасы туралы ғалымның өз сөзін тыңдағанымыз жөн: «ы-жаны, малы, тары деген сөздерде н-ның, л-дың, р-дың соңынан естілетін дыбыстың белгісі. Сөздің басында, ортасында ы-ны қысқы һәм көмескі естіп, бар-жоғы еленбейтін орындарда жазбаймыз. Мысалы қн, қр, қрн, жлм, жлтр деген сөздердің ішінде <ы>-ның барлығы аз естіледі, хатта сезілмейд деп те айтуға болады. Бұл сөздерді /ы/-ны жазғанда да, жазбағанда да осылай оқимыз. Жазбағанда оқылуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. Қаны, жаны, малы деген сөздерді ы-ны жазбай, солай оқи алмаймыз, сондықтан сөздің аяғында ы жазу қажет. Сөз басында өзі жазылмаса да, сүйеніш харпі алиф жазылады. Мысалы: ықтын, ынтық, ырғақ» [2, 121б.].
Ғалым фонемалық мәні болғанымен, жазылған сөзді оқуға зияны тимесе, үнемдеп жазу приниципін осы дауысты таңбасына қатысты айтқан. [2, 121б.].
Ал жарты дауысты <й> фонемасы туралы, зерттеуші «жарты дауысты тек дауыстылардың жанында ғана айтылады. Қай жерде /й/ тұрса, оның алдында [ы],[і]-нің біреуі болады» деді. Сондай-ақ /й/-дің алды, артынан ы естілсе, алдыңғысы жазылмайды да. соңғысы жазылатынын көрсетті, мысалы: қиын, тиын,киім, киік [2, 122б.].
А.Байтұрсынұлы «е жазылады сөздің бас буынында. Мысалы ер, ерік, еркін, мен, менің, менікі, ерке, серке, келеке. Қосылмайтын харіфтердің соңынан () орнына () жазылады. Мысалы, кіре, тізе, керек, кедей сияқты жазылған сөздердің алдында дәйекше () қойылмайды. Себебі бұл дыбыс ол болмаса да жіңішке айтылатын дыбыс» деді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы әліпбиінде /е/ графемасының үш мәні бар болып шығады:
<йе> йер,йерік,йеркін.
<э> есэк, шелэк, кемэ, төбэ, келэке.
<е> кіре, кедей, керек.
Жалпы, ғалым дауыстылар жүйесінің таңбалануын былай бөлген. Бірінші, <ы> дыбысына қатысты жазу үнемділігін жасаған. Екінші, <е> дыбысының таңбасын үнемі бейнелеп отыру керек, өйткені сөз мағынасына әсер етеді. <о>,<ө> қысаң еріндіктердің таңбасы сөз аяғында ресми түрі е-мен ауыстыру. Үшінші, и дыбысына екі таңба алу [2, 122б.].
А.Байтұрсынұлы әліпбиінде <қ>,<к>,<ғ><г> фонемаларының арнайы таңбалары бар. Ғалым оның себебін «қ, ғ әрдайым жуан айтылады, жіңішке айтуға келмейді. <к> һәм <г> дәйім жіңішке айтылады, жуан айтуға келмейді. Қ мен ғ жазылған сөздердің алдында дәйекші қойылмайды, оны қойғанмен бұл хәріптер жіңішке айтылмайды. К мен г алдында дәйекші қойылмайды, оны қоймаса да айтылатын болған соң» деп анықтайды [2, 122б.].
Төте жазу орфографиясының бір өзгешелігі <ш> орнына ч әрпінің қолданылуы. Оның себебі А.Байтұрсынұлы былай ашады: « <ш> дыбысы <с>дан гөрі <ж>-ға жақын, олай болғанда ш әрпінің түрі де (ж-ға) жақын болғаны ұнамдырақ көрінеді. Осы айтылған оймен қазақ тілінде /ш/ хәрпі алынбай /ч/ харпі алынады. Мұны алғаннан кемшілік аз, ұнамы көп. Мысалы, екінші, үшінші, бесінші һәм басқа сондай /ш/ келетін сөздерді екінчі, үшінчі, бесінчі деп жазсақ, бастапқылары ұнамдырақ көрінеді. Себебі, менің ойыша, мынау боларға: ш араб тілінде с-ға жақын дыбыс боларға керек, сондықтан басқа түркі тілінде біздің с орнына жұмсалады. Мысалы: бас-баш, тас-таш, қас-қаш деген сөздерде». Сонда ғалымның ойынша, араб тілі мен қазақ тіліндегі ш~с сәйкестігінен, <ш> дыбысын ч әрпімен таңбалап айыруға болады. « Әлбетте, хәріп тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса, хәріпі жоқ деп, тілдегі дыбысты жоғалту емес, ол дыбысқа жоқ харіпті іздеп табарға керек. Ол жалғыз бізде емес, өзге жұртта да болған, харіпке бола тілді бұзбайды. Тілге бола харіпті бұзып өзгертеді». Бұл Һ дыбысы одағайларда ғана естілетін дыбыс болса да, әріп арналу керек деген пікіріне келеді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген