400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ахмет Йассауи «Даналық кітабын» өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ өту барысында қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дананың сөзі – ақылдың көзі

Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Йассауи «Даналық кітабын» өңдеу

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А/И4 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп, креативті жазу.

Сабақ мақсаты:

Шығарма үзінділерін қайта өңдеп, шығармашылық жұмыстар жүргізу

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

-Тіл мен мәдениет;

-Өмір бойы білім алу;

-Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну;

-Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықпен жұмыс жасау.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі,дене шынықтыру

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта, электронды оқулық

Бағалау критерийлері:

Шығарма үзінділерін өңдеп, креативті ойлап, жазу дағдысы қалыптасады.

Тілдік мақсаттар:

Сопылық поэзия, адамгершілік, имандылық, инабаттылық, әдептілік, креатив

Дифференциация

Оқушылардың барлығы: хикметтің мәнін,ғибратты ойларын біледі.

Оқушылардың көбісі: көтерілген идеясын саралай алады және шығарманы өңдеп,өзіндік ой қосады.

Оқушылардың кейбірі: Дәлелді ой қосып, өзгеше туынды жасайды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Ахмет Йассауи «Даналық кітабы», идеясы


Сабақ барысы


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурс


Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту

Психологиялық ахуал орнату

«Жүректен жүрекке»

Үй жұмысын сұрау

Топқа бөлу


Сабақтың ортасы











Берілетін тапсырмалар:

«Кубизм» әдісі

Талдаңдар: Хикметтің тақырыбын,идеясын,ғибратты ойларын талдаңдар. Ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігін талдаңдар.

Салыстырыңдар: Туған жерге байланысты жазылған шығармалармен салыстырыңдар.

Қолданыңдар: Бұл шығарманы қалай және қай жерде қолданасыңдар? Дәлелмен қорғаңдар.

Жинақтау: Хикметтегі түйінді ойды жинақтап, «Имандылық – адам бойындағы ең ізгі қасиет» тақырыбына ойтолғау жазу.


Креативті жазу

Оқушылар шығармадан негізгі оқиғаны немесе бір-екі шумағын алып, XXІ ғасырға сәйкес етіп қайтадан жазады.

Үздік жұмыс сыныпта оқылады және баға береді.


Қалыптастырушы бағалау: өзара бағалау

https://bilim

land.kz/kk#les

son7906

Сабақтың соңы


Рефлексия

Жағымды пікір: (Не ұнады?)

Сындарлы сын: (Не нәрсені жақсарту керек?)

Келешекке арналған пікір: (Маған ұнады,бірақ...)


Үйге тапсырма беру





Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дананың сөзі – ақылдың көзі

Сабақтың тақырыбы:

Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/Ж1-әдеби шығарманың жанрына байланысты мазмұнына талдау жасау


Сабақ мақсаты:

Шығарманың сюжеттік желісіне, жанрына талдау жасату

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

-Тіл мен мәдениет;

-Өмір бойы білім алу;

-Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну;

-Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықпен жұмыс жасау.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, денешынықтыру

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта, электронды оқулық

Бағалау критерийлері:

Өлеңнің жанрын, сюжеттік желісін анықтайды және талдайды.

Тілдік мақсаттар:

Жырау, жанр, сюжет, ақын арманы, толғау

Дифференциация

Оқушылардың барлығы: жырдың мазмұнын біледі.

Оқушылардың көбісі:жырдың жанрлық ерекшелігіне,сюжеттік желісіне талдау жасайды.

Оқушылардың кейбірі: Өлеңнің мазмұнына өзіндік баға береді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Ахмет Йассауи «Даналық кітабын» өңдеу


Сабақ барысы


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурс


Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу

2. Сергіту сәті

«Мен бүгін өзімді ... санаймын, себебі ...» өздерін жақсы көретін жеміске теңеу.

3. Топқа бөлу

Адасқан буындар арқылы топқа бөлу

4. Үй тапсырмасын сұрау


Сабақтың ортасы







Ой қозғау

Б.Тілеухановтың орындауындағы Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын тыңдату. Толғау не туралы екені жайында ой қозғау.


«Ривин» әдісі

1. Толғауды үзінділерге бөліп оқу;

2. Үзінділерге жоспар құрады;

3. Сөздікпен жұмыс (үзінді ішінде кездесетін қиын,түсініксіз сөздермен жұмыс) жасайды;

4. Үзіндінің негізгі ойын табады(негізгі ой қай сөзде,қай сөйлемде);

5. Үзіндіге тақырып қояды.


Қалыптастырушы бағалау: өзара бағалау


«Ойлан-жұптас-бөліс»

Ақтамберді жырау туралы не білемін? Алдымен дәптерге 1 минут уақыттың ішінде өзі жазады. Оны жұбымен бөліседі (1 минут). Топта талқылайды (1 минут).


https://bilim

land.kz/kk#les

son=8001








Сабақтың соңы


«3-2-1»

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.


Үйге тапсырма беру.




Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дананың сөзі – ақылдың көзі

Сабақтың тақырыбы:

Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» өлеңіне менің көзқарасым

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Т/Ж4 - көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

Сабақ мақсаты:

Толғаудың әсер еткен үзінділеріне өзіндік көзқарастарын дәлелді түрде білдірту.

Құндылықтарды игерту:

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

-Тіл мен мәдениет;

-Өмір бойы білім алу;

-Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну;

-Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықпен жұмыс жасау

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі ,дене шынықтыру

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Электронды оқулық,интерактивті тақта

Бағалау критерийлері:

Толғаудың мазмұнына пікірін,көзқарасын білдіре алады.

Тілдік мақсаттар:

Менің ойымша..., жыр мазмұнына сүйенсем..., менің пікірімше...

Дифференциация

Оқушылардың барлығы: толғаудың мазмұнын біледі.

Оқушылардың көбісі:толғаудың үзінділеріне өзіндік көзқарастарын білдіреді.

Оқушылардың кейбірі: пікірлерін білдіреді және өмірде қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» өлеңі


Сабақ барысы


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурс


Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал. Мотивация кезеңі

«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтып,достық сезімдерін білдіреді


СPicture 2 абақтың ортасы











«Миға шабуыл»

1. Ақтамберді туралы білетіндерін тірек сызбамен көрсетіңдер.

2. Жырау шығармашылығына тән ерекшеліктерін атаңдар.

Тапсырма: Топтастыру

Толғаудағы жырау арманын топтастыру.

Shape1

Shape3 Shape2

Shape4

Shape5 Shape7 Shape6




«Қазына іздеу» жаттығуын жүргізу

Тапсырма: Толғаудың ұлттық мақтаныш,ел намыс,халық арманына толы жарқын тұстарын тауып, «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтастырып, өз көзқарасыңды білдір.


Дескриптор:

-әр оқушыға шумақты бөліп беру.

-сол шумақты бір ғана нақыл сөзбен немесе тірек сөзбен жеткізу керек.

-сол үзіндіге өз көзқарамын білдіреді.

-үзінділерді жатқа оқиды.

Эссе жазу. «Жырау арманы орындалды ма?»

Дескриптор:

-толғаудағы қозғалған ақын арманы халық арманы екенін дәлелді жеткізу;

-ой әсерлі болу қажет;

- «Мәңгілік Ел» идеясына толғаудың тақырыбын байланыстыра жазу.



«Алдаспан» жыр жинағы

















Сабақтың соңы


Кері байланыс

«ҚҚҚ кестесі»


Маған қызық болған 2 нәрсе

Маған қиын болған 2 нәрсе

Маған құнды болған 2 нәрсе








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1816
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі