400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ахмет Йассауидің авторлық тұлғасы

Материал туралы қысқаша түсінік
йцукен фывапро ячсмит ролдж укенг паролд пролдж смитьб шщзх ролдж итьбю
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы

Ахмет Йассауидің авторлық тұлғасы

Концепт

Мәдениет

Сабақ концептісі

Мәдениет және тұлға

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж4. Шығарма үзінділерімен жұмыс;

А/И2. Автор бейнесі;

Сабақтың мақсаттары

  • Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану;

  • Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Бағалау критерийлері

  • Автор бейнесін анықтай алады;

  • Автор бейнесін көрсететін тілдік бірліктерді талдай алады;

  • Хикметтен үзінділер келтіре отырып, өз көзқарасын дәлелдей алады;

Дифференциация

Барлығы: Автор бейнесіне қатысты ақпараттарды жинақтап, қорытындылай алады;

Көпшілігі: Автор бейнесіне өз көзқарасы тұрғысынан баға бере алады;

Кейбіреуі: Авторға берген бағасын көркем түрде әсерлі жеткізе алады;

Құндылықтарды

дарыту

«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:

  • Тіл мен мәдениет

НЗМ құндылығы:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • Ынтымақтастық;

  • Жауапты азаматтық позиция;

  • Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;

  • Өмір бойы білім алу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Тілдік мақсаттар

Оқушыларға Ахмет Йассауи хикметтерінің тілдік ерекшелігі, соның ішінде автор қолданға түркі, араб сөздерін меңгерту.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар Ахмет Йассауи туралы кейбір ақпараттарға ие.

Ахмет Йассауидің 1-6 хикметтерімен танысқан.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер


Сабақтың басы

8 мин

І. Қызығушылықты ояту кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Тақырыпты болжау: Сынып галереясы

Мұғалім сынып қабырғасына Қожа Ахмет Йассауиге байланысты әртүрлі суреттер, пікірлер іліп қояды. Оқушылар галереяны аралау арқылы сабақ мазмұнын болжайды. Алған ақпараттарымен бөліседі.


Топқа бөлу: «Орнын тап»

Оқушылар бір сөзді таңдайды, сол сөзді пайдаланып, бір сипаттаманы құрастыруға қатысады, топтарға бірігеді.

І топ: Ахмет Йассауи – сопылық әдебиеттің ірі өкілі

ІІ топ: Ахмет Йассауи – түркі әдебиетінің негізін қалаушы

ІІІ топ: Ахмет Йассауи – «Диуани хикмет» еңбегінің авторы

ІV топ: Ахмет Йассауи – ұлы ойшыл, гуманист ақын

Сабақ мақсаты, бағалау критерийлерімен танысу.



Сабақтың ортасы






Дайындық - 10 мин























Қорғау – 12 мин










5 мин

ІІ Мағынаны тану кезеңі

1-әрекет. «Тұлғаны таны»

Мұғалім оқушыларға бейнеролик көрсетеді, ақпарттық ресурстар, ноутбук, Ахмет Йассауидің хикметтерін ұсынады.

Берілген ресурстарды пайдаланып, әр топ критерийлер бойынша өз тұжырымдарын дәлелдеп, тұлға бейнесін ашуға жұмыс жасайды, ізденеді, жұмыстарын қорғайды.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Автор бейнесін аша алады

Автор бейнесіне қатысты бейнеролик, ғаламтордан ақпараттарды жинақтайды

Автор өз бейнесін танытуда қолданған нақты тілдік бірліктерді көрсетеді

Автордың қасиеттеріне қатысты өз көзқарасын білдіреді

Хикметтерден үзінділер келтіреді

Қызықты формада қорғайды


2-әрекет. «Ой картасы»

Бір топ жұмысты қорғағанда тыңдаушы топтар дәптерге негізгі фактілерді жазып, «Ой картасын» жасайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтар бір-бірін критерийлер негізінде бағалайды.

Мұғалім топқа, жекелеген оқушыларға кері байланыс береді.

ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі

Жазылым: «Оймақтай ой»

Саралау тапсырмасы:

А) Ахмет Йассауи туралы алған ақпараттарыңызды қорытындылап жазыңыз.

В) Ахмет Йассауиді өз көзқарасыңыз тұрғысынан бағалап, 5 сөйлемнен тұратын көркем пікір жазыңыз.

С) Ахмет Йассауи туралы қорытынды ойыңызды 4 жол өлең түрінде жеткізіңіз.

https://youtu.be/aH16sRkctS0

(00:04.30 минутқа дейін)

Ахмет Йассауи хикметтері

http://infoportal.kz/ru/content/1-hikmet


















Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: SWOT талдау

Оқушылар сабақтағы өз іс-әрекеттерін бағалайды.

Мұғалім қорытынды кері байланыс береді.

Үй тапсырмасы: А. Йассауи бейнесін танытатын бір хикметті жаттау





 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі