АХМЕТТАНУ

Тақырып бойынша 16 материал табылды

АХМЕТТАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының ХХ ғасырдың «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының мүшесі және ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі. Ол қоғам қайтаркері, түркітану, қазақ тілі, әдебиеттану ғылымдарының негізін салған ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы педагог, ақын, публицист ретінде танылған мемлекет қайраткері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АХМЕТТАНУ


орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ТҮСІНІК ХАТ


Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының ХХ ғасырдың «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының мүшесі және ұлт-азаттық көтерілісі жетекшілерінің бірі. Ол қоғам қайтаркері, түркітану, қазақ тілі, әдебиеттану ғылымдарының негізін салған ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы педагог, ақын, публицист ретінде танылған мемлекет қайраткері.

Қазақ данышпаны ұлы Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін өзіне нысана етіп ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл демократтық дәрежеге көтере алған қайтаркер тұлға. Қажырлы еңбегімен ел тағдырына алаңдаған ақын өзінің даналығымен, парасатымен халықтың рухани көсеміне айналды.

Қазақ рухани мәдениетінің көшбасшысы болған Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары жазба әдебиет әлемінде, ел ішінде, қазақ қоғамында үлкен орын алды. Алаш арысының «Қырық мысал», «Маса» өлеңдер жинағы, аудармалары, оқулықтары, қазақ тілінің жазуына қатысты теориялық еңбектері - « Тіл құралы», «Әдебиет танытқыш», «Әліпби», «Жаңа әліппе», «Баяншы» еңбектері – қазақ тіл ғылымының баға жетпес мұрасына айналды.

Жаһандану жағдайында «Ахметтану» авторлық бағдарламасы арқылы А.Байтұрсынұлының өзі құрмет тұтқан А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихановтар салған ағартушылық, демократтық бағытты ұстанғанын, тіл білімі, қазақ әдебиеті, аударма саласында баға жетпес мұра қалдырғанын, жасөспірімдердің рухани дамуына үлгі боларлық, ұлттық құндылықтарды сезініп, қабылдауына мүмкіндік туғызатын ұлы тұлға екендігін ұғындыру.

Ұсынылып отырған «Ахметтану» авторлық бағдарламасының мазмұны ақынның Алаш үкіметінің негізін қалаушы мемлекеттік тұлғасын, қазақ әдебиетінде қалдырған шығармаларымен, саяси-әлеуметтік тұрғыда жазылған мақалаларымен, тіл білімі саласындағы теориялық еңбектерімен таныстырады. Алаш арысы, халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың өмірі, тарихтағы орны, оның әлеуметтік-қоғамдық істері, шығармашылығы туралы оқыту мақсаты көзделіп отыр.

Мақсаты: Алаш арысы, қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру, ақын шығармаларын тереңдетіп оқыту. ХХ ғасырдың басындағы Алаш демократиялық партиясын құрудағы алаштық бағыты, қазақ жазба әдебиетін демократтық дәрежеге көтере алған ғалымдық және педагогикалық еңбектері туралы білім беру.


Міндеттері:

  • Қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясын құрушы мемлекет қайраткерлерінің бірі А.Байтұрсынұлының өмірімен, шығарма-шылығымен таныстыру.

  • Ақынның патшалық отаршылдық саясатқа қарсы шыққан қайраткерлігі туралы түсінік беру.

  • ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы мүшелерінің бірі және осы бағыттағы саяси-әлеуметтік еңбектері туралы оқыту.

  • Ғалымның сөз өнері, сөз өнері ғылымы, тіл қисыны туралы еңбектерімен таныстыру.

  • Қазақ тілі грамматикасын, қазақ тілі терминдерінің негізін қалаған ғалым ретінде оқыту.

  • Ахмет Байтұрсыновты көсемсөз шебері ретінде таныстыру.

  • Ғылыми мақалаларымен таныстыру.

  • Алаш арыстырына қатысты баспасөз материалдарын топтастыру.

  • Өлеңдерін жаттау, интерпретациялау.

  • Мысалдарын оқу, түсіну, мазмұнын талдау, пайымдама жасау, пікір алмасу.

  • Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын ақын шығармалары арқылы қабылдауға үйрету.

  • Алаштың біртуар адал азаматы ретінде үлгі тұту.

  • Ақын туындыларын тереңдетіп оқыту, қазақ қоғамының рухани көсемі ретінде таныту.

Күтілетін нәтиже:

  • Қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясын құрушы мемлекет қайраткерлерінің бірі А.Байтұрсынұлының өмір жолын біледі, шығармаларын оқиды, түсінеді.

  • Патшалық-отаршылдық саясатқа қарсы шыққан қайраткерлігі мен саяси көзқарасы туралы түсінік алады.

  • ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы мүшелері туралы да мәліметтер алады, баспасөз материалдарынан табуға үйренеді.

  • Қазақ тілі грамматикасын, қазақ тілі терминдерінің негізін қалаған ғалым ретінде біледі.

  • Сөз өнері ғылымы, тіл қисыны туралы теориялық еңбектері туралы мағлұматтар алады.

  • Ақынның «Қырық мысал», «Маса» еңбектерімен танысады, оқиды.

  • Қазақ қоғамының рухани көсемі ретінде танып-біледі.

  • Аудармаларымен танысады, интерпретациялай біледі, пайымдайды.

  • Педагог-ғалым, көсемсөз шебері ретінде таниды.

Өзектілігі: жаһандану жағдайында жасөспірімдерді өнер-білімге баулу, елін, жерін, ұлтын сүюге тәрбиелеуде педагог-ғалымның еңбектерімен, ұлттық-саяси көзқарасымен таныстыру өзекті болып табылады.

Қолданылатын технологиялар: АКТ, сыни тұрғыдан ойлау (СТО), Блум таксономиясы, кейс–стади (case - Study), жобалау.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: 6 неліктен, түсіндіру, балық қаңқасы, үш қадамды сұхбат, стоп-кадр, сұрақтар кестесі, үшбу хат, автор орындығы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, тарих.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ

(Барлығы -34 сағат, аптасына-1 сағат)

Кіріспе. 1 сағат. «Ахметтану» курсы туралы. А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы. Алаш қозғалысы туралы.

М.Әуезов. «Ақаңның елу жылдық тойы» мақаласы. 1 сағат ХХ ғасыр басындағы ұлт жұмысын арымен атқарған Алаш арысы А.Байтұрсыновтың елу жылдығына орай жазылған мақаланың мазмұны мен мақсаты. Ақынның шығармашылығы мен қайраткерлігі, қазақ қоғамындағы алатын орны туралы жазушының берген бағасы.

А.Байтұрсынов. «Қазақтың бас ақыны» мақаласы. 1 сағат. 1913 жылы «Қазақ» газетінде шыққан мақаланың әдебиеттану ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбегі екендігі. Ақын Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі орны туралы жазуы.

А.Байтұрсынов. «Тәні саудың - жаны сау» мақаласы. 1 сағат. Мақаланы жазудағы негізгі ойы мен мақсаты. Ел ішіндегі тазалық мәселесін көтеруі. Халықты тән мен жан сауатына шақыруы. Тән саулығы шарттарын көрсетуі.

А.Байтұрсынов. Қаз дауысты Қазыбек. Қызы Қамқаның жоқтауы. 1 сағат. Қазақ ауыз әдебиетіндегі және дәстүріндегі жоқтау жырлары мен жинақталған жоқтаулардың мазмұны туралы. Ел аузынан жинақталған жоқтаулардың мазмұны туралы. Жоқтаудағы Қазыбек бидің бейнесі, сипатталуы.

А.Байтұрсынов. Кенесары - Наурызбай. 1сағат. Халық қамын жоқтаған қазақ батырлары және саяси-әлеуметтік жағдайлары туралы түсінік. Жоқтаудағы Кенесары мен Наурызбай батырлардын бейнесі. Кене ханды халыққа үлгі етуі.

А.Байтұрсынов. «Қазақ салты» өлеңі. 1 сағат. Ақынның идеялық ұстанымы. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы. Елдің әлеуметтік жағдайы. Ел арасындағы алауыздықты, жалқаулықты сынауы. Ауызбірлікке, еңбекке шақыруы. Жұрттың қамын жейтін қазақ елі туралы.

А.Байтұрсынов. «Қазақ қалпы» өлеңі. 1 сағат. Ақынның идеялық ұстанымы. Отарлық езгіден құтылуға шақыру. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы. Өлеңдегі троп түрлері. Салыстыру.

А.Байтұрсынов. «Жазушының қанағаты», «Жұртыма» өлеңдері. 1 сағат. Өлеңдердің тақырыбы мен идеясы. Адам мінезі туралы. Өлеңдердің тәрбиелік мәні. Пайымдама жасау жұмыстары.

А.Байтұрсынов. «Анама хат» өлеңі. 1 сағат. Ақынның Семей түрмесінде жатқанда анасына жазған арнау өлеңі. Заманына орай қалыптасатын адам тағдыры. Ақынның өз мінезіне сипаттама беруі. Анасын құрметтеуі.

А.Байтұрсынов - аудармашы. 2 сағат. Аударма жанры туралы түсінік. Ақын ретінде аударма жасау арқылы танылуы. И.А.Крыловтың мысалдарын аударуы. Аудармаларының тілі және көркемдігі, көтерген мәселелері.

А.Байтұрсынов. «Ат пен есек» мысал өлеңі. 1 сағат. И.Крыловтан тәржіма. Аударманың тақырыбы мен көтерген мәселелері. Ат пен есектің бейнесін адам бейнесімен салыстырып беруі. Пайымдама жазу.

А. Байтұрсынов және ХХ ғасыр басындағы алаш қайраткерлері. 2 сағат. Алаш арыстары туралы түсінік. Алаш қайраткерлерініңі ХХ ғасыр басындағы қазақ жеріндегі отаршылдыққа наразылық жасауы. Оқу-ағарту мен ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстары.

Шығармашылық жұмыс. 1 сағат.

Эссе. 1 сағат.

А.Байтұрсынов мұражайы. 1 сағат. Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың мұражайымен таныстыру. ОН ЛАЙН саяхат.

А.Байтұрсынов туралы фильмдер. 2 сағат. «Ахмет - ұлт ұстазы» фильмі. Фильмді көру. Кейіпкерлері туралы интерпретациялау. Ахмет бейнесіне сипаттама жазу.

А.Байтұрсынов – мысалшы. 1 сағат. «Қырық мысал» жинағы туралы. «Егіннің бастары» мысалы. Тақырыбы, идеясы. Бидайдың масағындағы қауыздың толық және бос болуын адамдар арасындағы әрекетпен тұспалдап жеткізуі.

А.Байтұрсынов. «Қарға мен мен түлкі» мысал өлеңі. 1 сағат. Мысалдың идеясы мен көтерген мәселесі. Адам мінезіндегі мақтаншақтық пен екіжүзділік туралы. Қарға мен түлкі мінезіне сипаттама жазу.

А.Байтұрсынов. «Емен мен қамыс», «Шал мен жұмыскер» мысал өлеңдері. 1 сағат. Мысалдардың тақырыбы. Емен мен қамыс бейнесін сипаттауы. Дауылға қарсы тұру. Емен мен қамыстың айтысы. Мысалдарды интерпретациялау.

А.Байтұрсынов. «Қасқыр мен тырна», «Қасқыр мен мысық» мысал өлеңдері. 1 сағат. Кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау. Адам мінезін беруі. Қасқар, тырна, мысықтың мінезіне сипаттама жазу.

А.Байтұрсынов. «Иттің достығы», «Екі бөшке» мысал өлеңдері. 1 сағат. Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдау. Мысалдағы иттердің достығы туралы пікір алысу. Адам мінезін беруі.

Шығармашылық жұмыс. 1 сағат.

А.Байтұрсынов. «Маса» кітабы. «Жұбату» өлеңі. 1 сағат. Кітаптың шығу тарихы мен маңыздылығы. Халыққа арнау сипатындағы өлеңдері. Өлеңде көтерілген мәселелерге талдау жасау.

А.Байтұрсынов. «Жиған-терген» өлеңі. 2 сағат. Идеясы мен көтерген мәселесі. Халқына, еліне деген ой тұжырымдарын өлеңмен жеткізуі. Халық санасын оятуға ұмтылысы.

А.Байтұрсынов. «Тілек батам» өлеңі. 2 сағат. Бата туралы түсінік. Бата түрлері. «Тілек батам» өлеңінің идеясы мен көтерген мәселесі. Ақынның жастарға берген батасы. Пікір алмасу жұмыстары.

А.Байтұрсынов. «Г.Н.Потанинге тарту» арнау өлеңі. 1 сағат. Қазақ даласына жер аударылған этнограф, зерттеуші, саяхатшысы, демократ-ақын туралы мағлұматтар беру. Қазақ ғалымдарымен, ақындарымен достығы. Демократтық көзқарасы. Өлеңдегі ақын бейнесі.

Жоба қорғау. Қорытынды сабақ. 2 сағат. Жыл бойы өткен материалдарды қайталау. Ұсынылған тақырыптар бойынша жоба қорғау.


БАҒДАРЛАМАНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ


МАЗМҰНЫ

Сағат саны



Теория

Практика

Кіріспе


1

М.Әуезов. «Ақаңның елу жылдық тойы» мақаласы

1


А.Байтұрсынов. «Қазақтың бас ақыны» мақаласы

1


А.Байтұрсынов. «Тәні саудың - жаны сау» мақаласы

1


А.Байтұрсынов. Қаз дауысты Қазыбек. Қызы Қамқаның жоқтауы

1


А.Байтұрсынов. Кенесары – Наурызбай


1

А.Байтұрсынов. «Қазақ салты» өлеңі


1

А.Байтұрсынов. «Қазақ қалпы» өлеңі


1

А.Байтұрсынов. «Жазушының қанағаты», «Жұртыма» өлеңдері


1

А.Байтұрсынов. «Анама хат» өлеңі


1

А.Байтұрсынов - аудармашы. 2 сағат.

2


А.Байтұрсынов. «Ат пен есек» мысал өлеңі

1


А. Байтұрсынов және ХХ ғасыр басындағы алаш қайраткерлері. 2 сағат.

2


Шығармашылық жұмыс

1


Эссе


1

А.Байтұрсынов мұражайы


1

А.Байтұрсынов туралы фильмдер. 2 сағат


2

А.Байтұрсынов – мысалшы

1


А.Байтұрсынов. «Қарға мен мен түлкі» мысал өлеңі


1

А.Байтұрсынов. «Емен мен қамыс», «Шал мен жұмыскер» мысал өлеңдері

1


А.Байтұрсынов. «Қасқыр мен тырна», «Қасқыр мен мысық» мысал өлеңдері

1


А.Байтұрсынов. «Иттің достығы», «Екі бөшке» мысал өлеңдері


1

Шығармашылық жұмыс


1

А.Байтұрсынов. «Маса» кітабы. «Жұбату» өлеңі


1

А.Байтұрсынов. «Жиған-терген» өлеңі. 2 сағат.


2

А.Байтұрсынов. «Тілек батам» өлеңі. 2 сағат.

1

1

А.Байтұрсынов. «Г.Н.Потанинге тарту» арнау өлеңі


1

Жоба қорғау Қорытынды сабақ.


2



14

20


Барлығы

34


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Байтұрсынов А. Ақ жол. Құрастырған Р.Нұрғалиев. Алматы «Жалын», 2011 жыл

  2. Әбдиманұлы Ө. Ахметтану: Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 2015ж.

  3. Байтұрсынов А. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Құрастырған: Ғ.Әнес. Алматы «Абзал - Ай» баспасы, 2013 жыл

  4. Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы «Өлке» баспасы, 2013 жыл

  5. Нұрпейісов К. «Алаш һәм Алашорда». – Алматы: Атабек,1995. -82б.

  6. Сыздық Р. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлттық ғылымының көшбасшысы. Алматы, 1990.




11


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.04.2025
222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі