жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
А.Иассауи "Даналық кітабы"
Күні: |
|
||||||||
Сыныбы: |
9а-сынып |
||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
А.Иассауи «Даналық кітабы» |
||||||||
Жалпы мақсаты: |
Қожа Ахмет Иассауи туралы білімдерін кеңейту, оның шығармасын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету. |
||||||||
Жұмыс нәтижесі: |
Иассауи шығармаларымен танысу арқылы ақынның жан дүниесімен, заманның ерекшелігін түсінеді. |
||||||||
Негізгі идеялар: |
Шындық, еліне адал, таза, рухы биік адам болу. |
||||||||
Қолданылатын әдістер: |
Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау: қол шапалақтау, бас бармақпен бағалау; АКТ-ны қолдану; Топтық жұмыс. |
||||||||
Ресустар: |
Компьютер, интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, маркер, түрлі түсті қағаз,доп. |
||||||||
Дерек көздері: |
Интернет желісінен алынған материалдар, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары т.б |
||||||||
Блум бойынша жіктеу |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||||||
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасы Білу
Түсіну Дәптермен жұмыс
Кітаппен жұмыс
Қолдану
Талдау
Қорыту Жинақтау
Үйге тапсырма
Кері байланыс
Бағалау |
Амандасу,түгендеу. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Оқушыларды «Баяндаушылар», «Зерттеушілер», «Ақындар» деп үш топқа бөлу. Топ басшыларына бағалау парағы үлестіріліп беріледі.
Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз ақын, ойшыл, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым А.Иассауидің «Даналық кітабы» кітабының тәрбиелік мәнін ашуға арналған іздендіру сабағы. Сондықтан ең әуелі сендердің өз беттеріңмен іздену нәтижесінде тапқан материалдарыңмен танысып көрейік.
Интерактивті тақтадан көрсету Сөзмаржанды оқып түсініксіз сөздермен таныстыру Сөздікпен жұмыс. Қылует – (араб сөзі) оңашалану Пір – (парсы сөзі) жетекші, бастаушы Сопылық – мұсылман дінінің суфизм деп аталған ағымы. Зікір – Құдайды мадақтап айтылатын өлеңдер Шариғат – ислам заңдары мен әдет-ғұрып жинағы Мағрифат – дін жолын танып,оқып білу Тариқат – сопылық идеясы Хақиқат – Құдай және оған жақындау Ғазиз – өте үстем Ғафил – бейқам Аят – Құран кәрім сүресіндегі ақ жол өлеңдер Хадис – Мұхаммед пайғамбар жайлы әңгімелер Тақуа-діндар, діншіл. Ақырет- о,дүние, машхар Тамұқ- діни ұғым бойынша, күнәһар адамға о дүниеде азап көрсететін жер, тозақ. Нақақ- бостан-бос, жазықсыз.
«Даналық кітабы» шығармасын 2-3 оқушыға оқыту. Сабақ барысында оқушыларға берілетін іздендіру сұрақ:
«Екі жақты түсініктеме» күнделігі 3-топқа 3 өлең шумағы беріледі.
Постер қорғау 1-топ А.Иассауи 2-топ А.Құнанбайұлы 3-топ Ш.Құдайбердіұлы шығармаларындағы ортақ тақырыпты табыңдар. Сонымен, А.Иассауидың «Даналық кітабында» болашақ ұрпаққа айтар насихаты не екен?
Демек, Иманды адам күн секілді. Күн бойынан жылу мен жарық бөліп, жер бетін нұрландырып, жан бітіреді. Кемеңгер бабамыз өз заманының шындығымен қоса, өз өмірінің бүкіл болмысын, ғұмырлық тәжірибесін, ізденістері мен құлшыныстарын, Алланың ақ жолын Ақиқат жолын табу мен тану үшін не істеу керек екендігін өлеңдік өрнекпен, ғұламалық тереңдікпен, шын мұсылмандық ұғыммен айтып отырған. «Диуани Хикмет» атты кітабы діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махаббатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттайды.Түркістандық ғұламаның «Даналық кітабын» тек әдеби шығарма деу аздық етеді. «Миға шабуыл» әдісі бойынша сабақты қорытындылау. -А. Иассауи туралы не білдің? Ғалымдардың Иассауиге берген пікірімен қорыту.
Ахмет Иасауидің хикметтерін оқу, талдау. «Имандылық – адам бойындағы ең үлкен қасиет» тақырыбында ойтолғау жазу.
Стикерлерге сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазғызу
Формативті бағалау
|
Амандасады.
3топқа бөлінеді
Үйге берілген тапсырма бойынша топтан көшбасшы жауап береді
Түсініксіз сөздермен танысады
Өлеңді мәнерлеп оқиды. Сұрақтарға топпен жауап іздейді.
Өлеңге талдау жасайды.
Постер қорғайды.
Иманды адамның қандай болатынын айтады.
Қолына допты алған оқушы тез-тез жауап береді.
Күнделікке жазып алады.
Стикерге жазып, «Табыс қоржынына» салады. Спикерлер бағалау парағы бойынша сөйлейді.
|
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген