Айбарлы, асқар елді асқақтатар – Ата Заң

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айбарлы, асқар елді асқақтатар – Ата Заң

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата Заң туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғылыми мақала

Айбарлы, асқар елді асқақтатар – Ата Заң


Айбарлы, асқар елді асқақтатар – Ата Заң екені хақ. «Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой...» - деп қазақтың азаттығы үшін күрескен қайраткер Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекет болып қалыптасқан уақытта Заңда тұрғындардың тұрақталығына бағытталып жазылады. Кез келген тәуелсіз мемлекеттің өз құнын жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан заңдар жинағы бар. Міне, осындай заңдар жинағы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде де бар. Конституция билік пен қоғам арасындағы байланыс десек те қате айтпағанымыз. Конституция бұл мемлекеттің шын мәніндегі тұрақты, біртұтас қоғамға айналуының бірден бір нышаны. Мұнда мемлекет пен бұқаралық биліктің ұштасуы бар. Еліміздің ата Заңы мемлекеттік биліктің бастауы. Ата Заң - біздің өткеніміз бен қазіргі заманды ұштастырып тұрған алтын арқау деуге де болады. Кез келген зайырлы мемлекеттің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты Ата Заңы болып табылады. Қазақстан Республикасы алға қойған мақсаттарына жету барысында осы Ата Заң жинақтарын енгізіп, іргетасы мықты демакратикалық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екенін танытты. Сөйтіп, 1995 жылы 30 тамызда референдумда Қазақстан Республикасының Ата Заңы дүниеге келген болатын. Тоғыз бөліммен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата Заңның І бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы: адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары”. Міне, осыдан мемлекетімізде адам және оның өмірі, құндылықтары мен бостандықтары қандай жоғары дәрежеде бағаланатынын көруге болады.

«Әділ Заң – тірегің» - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, Ата Заңды дербес мемлекет болуды арамандаған ел болуға ұмтылған және Қазақстан мемлекетін бүкіл әлемге паш еткен құжат деп білемін. Өйткені, осы Ата Заң арқылы Қазақстан Республикасы бүкіл өзінің егемендік құқығын барша әлемге танытып, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты дамып келе жатқан демократиялық мемлекет екендігін көрсетті. Осы Ата Заң арқылы адамның құқықтары, тіліміз бен дініміздің жақсы дамуына және әр түрлі жағынан мемлкетіміздің жақсы дамуына мүмкіндік берді. Татулықпен бейбітшіліктің мекені болып табылатын елімізде әр түрлі мемлекет өкілдері өмір сүреді. Осы мемлекет өкілдерінің арқасында достық жоғары көтеріліп, Қазақстан Республикасының дамуына орасан зор үлестерін қосып отыр. Ата Заңымыздың орындалу барысында Отанымыздың бірлігі нығайып, елімізде татулық пен тұрақтылық орнықты. Жаңа Конституцияны қабылдау нәтижесінде Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.

Ойымды саралай келе, Ата Заңымыз - Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркендеп дамуымыздың кепілі деп сенім білдіремін. Мен елімнің жас ұланы ретінде Ата Заңыма бағынамын. Қазақстан азаматтары мен тұрып жатқан өзге ұлт-өкілдері мемлекеттік нышандарымызды құрметтеп, тұғырын биік көтеруге міндетті. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, осы рефендумда қабылданған Ата Заңымызды құрметтеуіміз керек және бағалау ол біздің парызымыз деп білемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.00.2023
265
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі