Қазақстан Республикасының Ата Заңының 22 жылдығына арналған
В-15-3 тобының оқушыларымен «Айбыны күшті - ата заң!» тақырыбында өткізілетін ашық тәрбие сағатының бағдарламасы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру. Мемлекеттік мереке азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі –ел Ата Заңының 22 жылдығына орай Конституция бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Слайдтар, Ата Заң туралы қанатты сөздер.
Барысы:
Ата заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз.
Н.Ә.Назарбаев.
«Тәртіпке бас иген құл
болмайды» Б.Момышұлы
«Балам бол, басқа бол –
бәрінде заң біреу – ақ»
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»
Ж.Баласағұни
Жүргізуші:
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 3-ветеринария тобының Ата Заңымыздың 22 жылдығына орай дайындаған «Айбыны күшті - ата заң!» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Жүргізуші:
Халқымыздың ғасырлар бойы аса
зарыға күтіп, құдайдан жалбарына тілеп, ақсарбас атап жүрген
арманына да ақыры жетті.
ҚР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылдың 16 желтоқсан күні қазақ мемлекетінің
тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Қазақ ұлты да енді өз
билігі өзінде болатын қабырғалы елге, дербес мемлекетке айналды.
1995 жылы 30 тамызда Ата заңымыз қабылданды. Ата заң бізге –
адамдық қадір қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің
дамуына, ар ождан бостандығы құқығын қорғауға адал еңбегімізбен
тапқан мүлкіміз бен меншігімізге сақтауға кепілдік
береді.
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата Заңым қабылданып.
Мемлекеттік гимн орындалады.
Жүргізуші:
Әр елдің, мемлекеттің өз
азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.
Айбыны асқақ, атағы әлемге әйгілі, күн санап өсіп - өркендеп келе
жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Тәуелсіздігіне 26 жыл, Ата
Заңымызға 22 жыл толып отыр. “Конституция”- латын тілінен
аударғанда “құрылыс” деген ұғымды білдіреді. Қазақша мағынасы- ел,
мемлекет болудың тетігі деген сөз. Онда маңызды үш мәселе
–мемлекеттік және қоғамдық құрЫлыс, адамның немесе азаматтың
құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі
қамтылған.
Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
«Айбыны күшті - ата заң!» атты баяндаманы оқитын 3-ветеринария тобының жетекшісі Сейдахметов Батыр ағай.
Жүргізуші:
Ата Заңда
барлық қазақстандықтарға ортақ құндылықтар бекітілген. Дәстүрлі
түрде 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні Отанымыздың
игілігі жолында алға қойылған барлық мақсаттарға қол жететіндігіне
сенімімізді арттыра түседі.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата -
бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол»,
«Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда
тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім,
21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның
талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты.
Ал 1995
жылы 30 тамызда Қазақстанның Ата Заңы қабылданды.
Жүргізуші:
Ата Заңым, алтын заңым –ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз
Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.
Ата Заңда парасатым, пайымым,
Ата Заңда – күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.
Сахнаға оқушылар шығады:
1-оқушы: ______________________
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
2-оқушы: ______________________
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.
3-оқушы: ______________________
Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!
4-оқушы: ______________________
Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!
Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!
5-оқушы: ______________________
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!
Жүргізуші:
Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі межеге биыл 20 жыл толып отыр.
Ролик: Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл.
Жүргізуші:
Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргел ел, жоралы жұрт, салиқалы салтын сақтап қалғаны – оның еркіндіксүйгіш жігерінің , асқақ рухының арқасы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бұл далада халқымыз үш ғасырдай бостандық пен еркіндік жолында соғысты. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашан да бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Дүние жүзіндегі халықтардың ортақ ойы, арманы- бостандық пен тәуелсіздік! Әрине қазақпен бірге оның заңдары да бірге өмір сүріп келеді. Бірақ, қазақ даласының ешқашан өзгермейтін өз заңдары бар.
Жүргізуші:
Қазақстан Республикасының
Коснтитуциясын оның мазмұндық құрылымын көз алдымызға тағы бір
елестетер болсақ, 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш
конституциясының негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30
тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай
толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.Қазіргі Ата Заң 98
баптан, 9 бөлімнен тұрады. Толығырақ бейне баянға назар
аударайық.
Ролик: Ата заңымыздың құрылымы мен тарихы.
Жүргізуші:
Еркін елдің Ата заңы ардақты
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты
Адам құқы, бостандығы теңдігі
Барлығын да қарастырған жан – жақты
Құрметті оқушылар, енді сіздердің заңды қаншалықты білетіндеріңізді байқау үшін сұрақ жауап өткізбекшіміз.
1.
Егемендік
алғаннан кейін ҚР Конститутциясы қанша рет қабылданды( 2 рет 1993
жыл1995 жыл)
2.
Республикадағы заң шығарушы орган
(парламент)
3.
ҚР
Конститутциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады (9 бөлім 98
бап)
4.
ҚР валюта
қашан қолданысқа енгізілді (1993 жыл 15 қараша)
5. Баланың азаматтық құқығы қай
кезден басталады (бала туған кезден басталады)
6. Неше жасқа толмаған адам бала
болып есептеледі (18)
7.
Әр
адамның жеке басының куәландыратын құжат
(төлқұжат)
8.
Бала неше
жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады
(16)
Жүргізуші:
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Орындайтын:____________________________________________
Оқушылар шығады:
1-оқушы: ______________________
Оқы да білім ал деген,
От бол да мәңгі жан деген.
Ата Заңым менің!
Еңбек ет, еркін жүр деген,
Асыр сап, ойнап-күл деген.
Ата Заңым менің!
2-оқушы: ______________________
Қорғаған аспан, күнімді,
Қолдаған бостандығымды.
Ата Заңым менің!
Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын.
Ата Заңым менің!
3-оқушы: ______________________
Тәуелсіз, еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім –
Ата Заңым менің!
Санама құйған таң нұрын
Бақытым, бағым, тағдырым –
Ата Заңым менің!
4-оқушы: ______________________
Міндетімді білемін
Тәртіп сақтап жүремін
Ата Заңым тұрғанда,
Алаңсыз өмір сүремін.
Алса адамның мазасын
Бұзақы тартар жазасын,
Әрі сыйлы, әрі әділ,
Ата Заңым жасасын!
Жүргізуші:
Отан –деген
атамекен
Отан –деген туған
жер
Отан ана, Отан
пана
Қазақстан туған ел!
Біз жас ұлан Отан ана
өркені
Үміт артқан болашағы
ертеңі
Еліміздің даңқын көкке
өрлетіп
Гүлге бөлеп жайнатамыз
өлкені.
ХОР. «Атамекен» 1-ветеринария тобы.
Жүргізуші:
Біз құқылы мемлекеттің азаматтарымыз, сондықтан әр бір ұжымның, оқу орнының, ішкі міндеттері мен құқықтары, ережелері бар.
І. Оқушылардың
құқықтары:
— Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын
құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне,
өзіндік ой-пікірін білдіруге;
— Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы колледж атынан
сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б шараларға
қатысуға;
ІІ.
Оқушылардың міндеттері:
— Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын
кеңейтуге ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі түрде дайындау,
сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
— Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың
заңды талаптарын орындау.
ІІІ. Жалпы
талаптар.
— Әр оқушы колледж мүлкіне, өз
класындағы және дәліз бойындағы өсімдіктерге сонымен қатар өз
нәрселерімен жолдастарының нәрселеріне мұқият, жауапкершілікпен
қарауға тиіс.
— Колледге ұялы телефон
әкелуге және қолдануға болмайды. Жоғалған жағдайда колледж жауапкершілігіне
алмайды.
Жүргізуші:
Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.
Құрлықтың жалпақ жарты бөлшегіндей,
Өр өскен жемістердің бүрлеріндей.
Жомарттың қазынасындай жермен жарық,
Байлық пен сұлулықтың бөлшегіндей.
Оқушылар шығады:
1-оқушы: ______________________
Ақыныңмын арманы асқақ, үкілі,
Керек бізге кемел елдің бүтіні.
Өзің барда Ата заңым
Осы елдің түзу ұшпақ түтіні.
Әділеттің сенсің болат алмасы,
Адам жайлы, қоғам жайлы толғашы.
Қасым хан мен Есім хандар енші еткен
Ата заңым Жеті жарғы жалғасы.
2-оқушы: ______________________
Биігінен ертеңім мен бүгіннің,
Кең байтағың шолар қыран қырымның.
Тап өзіңсің Ата заңым, аяулым,
Еркіндікті сен арқылы ұғындым.
Ей, жас ұрпақ, ертеңің зор, аянба,
Ата заңым болашағың баянды.
Өзгелермен теңестіріп иықты
Еңбек етем, тең боп өтем саяңда.
3-оқушы: ______________________
Әдемі ұл мен қыз оқып,
Әдепті жас атанар.
Әр елдің Бас құжаты
Аталады Ата заң!
Ата заң – ол атасы
Барлық заң мен жарлықтың.
Ал атаның батасы
Ақ тілек қой ең мықты.
4-оқушы: ______________________
Бәріне ол жауапты
Білгір әке тәрізді.
Обал менен Сауапты,
Ойлайды әрі Парызды!
Мәпелесе сая, бақ,
Мәуелі өнім піседі.
Анаң сынды аялап,
Асты-үстіңе түседі.
5-оқушы: ______________________
Тау, далаға, орманға
Таң шуағын шашсын ақ!
Қиянаттан қорғауға
Қашанда әзір Бас құжат!
Айдарлы қыз, ұлы әлі
Азамат та аттанар.
Оқы, таны, біл оны,
Осы біздің Ата Заң!
Жүргізуші:
Нұр шашқан жас ұрпақтың
ұғымына,
Тікелей өсер еткен
ғұмырына
Айналды Ата Заңым
мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің
тұғырына!
Тәуелсіздігімізге 20 жыл толлып отырған еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі –Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын, - дей отырып, қазақ жастары болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі «Айбыны күшті – ата заң» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Қош - сау болыңыздар.!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Айбыны күшті - Ата заң»

шағым қалдыра аласыз