Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Айбынымызды айғақтаған ұлттық белгілер"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Аудандық «Оқушылар Сарайы»ММ
«Айбынымызды айғақтаған ұлттық белгілер»
Аминова Айгерим Юсуповна
«Жас өнерпаз» драма үйірмесінің жетекшісі
2018-2019 оқу жылы
Күні:
Тақырыбы: «Айбынымызды айғақтаған ұлттық
белгілер»
Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан -
жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың
өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны
құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының
патриоты етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының
барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу
Мұғалім: Егеменді еліміз жер бетіндегі
басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып,
1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран
бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 -
маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер
күні» болып белгіленді.
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9
- бөлім, 98 - баптан тұрады. 9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері -
Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі
конституциялық заңмен бекітілген. 34 - бапта әркім республиканың
мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.
Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл
болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс
мұраттарын білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны
қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туын, Әнұран -
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер,- деп тәрбие сағатымызды ары қарай
жалғастырамыз.
Гүлхан:
Ту
Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.
Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.
Елтаңба
Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,
Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап.
Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып.
Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.
Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай.
Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.
Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,
Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай.
Шаңырақ тұр арқау болып, бар жүгінді арқалап,
Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.
Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны,
Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.
Көк кілемдей желде ескен қанатты бар пырағы,
Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.
Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,
Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.
Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,
Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.
Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,
Әлі талай сақталады бүкіл әлем
есінде
Бейне ролик көрсетіледі
«Елтаңба»
Әбілмансұр: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық
эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып
түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.
Жеңістерге қолбасыдай, ерліктердің жолдасындай
Еліміздің әнұраны жүректерде жаңғырады.
Жаршысындай даңқымыздың, жан серігі
халқымыздың.
Әнұраным
Әйгілісің әуеніңмен
әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.
Жүрегінен орын алып елімнің,
Шартараптан шарықтаумен көріндің.
Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,
Белгісісің кең жазира жерімнің.
Әрлі әуенің шартарапты шайқады,
Күштілігін бүкіл халық байқады.
Шабыт берген Әнұранды әрқашан
Маңғаз елім мақтанумен айтады.
Сұрақ –
жауап
Мұғалім: Мемлекеттік
туымыздың авторы кім?
Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. ҚР
Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер
қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.
1938 жылы 12 - қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград
жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас
суретшісі.
Мұғалім: Қазақстан дейтін
Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?
Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының
авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда
облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген.
Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін
бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының
қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас
сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
Шотаман Ыдырысұлы
Уәлихан.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген
сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері.
1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет
ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ
қала құрылысын жобалау» институтының
қызметкері.
Мұғалім: Ал Әнұранымыз
қалай өмірге келді? Авторлары
кім?
Шәмші Қалдаяқов.-
әнін жазған. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда
аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным»
әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып
өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте
қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының
жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған
ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі
сақталады.
Жұмекен
Нәжімеденов.- сөзін жазған. 1960 жылдардың бері қазақ
поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты
қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау
облысы, Теңіз ауданы, Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың
Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас
досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған.
Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін
ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып
келеді.
Нұрсұлтан
Назарбаев.-
сөзін жазған. Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік
ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған,
еліміздің президенті. Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке
ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің
төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің
басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып
келеді.
Молдахмет Ақмаржан - Ж. Нәжімеденов «Менің елім»
Бейне ролик көрсетіледі (Отанға деген сүйіспеншілік)
Оқушылармен түрлі тапсырмалар орындалады
1 - айналым.
«Сіз білесіз
бе?».
-Бұл айналымда рәміздерге байланысты сұрақтар
қойылады. Сұрақтарға нақты жауап
бересіздер.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздеріне нелер жатады.(Ту,
Елтаңба,Гимн)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туында қандай түстер кездеседі.(Көк,
сары)
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет
ауысты.(Екі рет)
4.Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан
денесі (Жұлдыз)
5.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздері қабылданған жыл (1992
жыл)
6. Мемлекеттік рәміздер күні (4
маусым)
7. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті
білдіретін құс (Қыран
бүркіт)
8. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар
(Қанатты пырақ)
9. Мемлекеттік Әнұранның
авторлары?
- Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен
Нәжмеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев
10.Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш
рет қандай жиында орындалды
-«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006
жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде
орындалды.
Әнұраным –жан
ұраным
Айтар әнім, сөйлер
сөзім
Туған жерім
сағынарым
Бақыт-бірлік күн
талабы.
Тоқтамайды дабыр
әні
Мәңгі бақи
шырқалады
Республикам
Әнұраны!
11.Тудың авторы ? -Суретшісі Шәкен Оңдасынұлы
Ниязбеков.
12. Елтаңбаның авторлары ? -Ж Мәлібеков,
Ш.Уәлиханов.
2 - айналым. «Мақал-мәтелдер айтып
көрейік».
«Отан» жайлы
:
1. Отан отбасынан
(басталады)
2. Отан үшін отқа түс,
(күймейсің)
3. Отан - елдің анасы, (Ел - ердің
анасы)
4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел
болмас).
5. Отанды сүю-
(отбасынан басталады)
6. Отан оттан
да (ыстық)
7. Отансыз адам
- (ормансыз бұлбұл)
8. Ел іші -
(алтын бесік)
3
- айналым. «Сиқырлы сөздер».
Мына сөздерден
басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ
Әнұран
Ел Бай
Ән
Таңба ай
Ұр
Таң қар
Ұн
Аң ар
нан
4 - айналым.
«Кім зерек?» -Мемлекеттік
рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы
екенін анықтайды.
1. Төлқұжатта,
туу туралы куәлікте, құжаттарда бейнеленген
(Елтаңба)
2. Президент,
Үкімет үйінде ілулі тұрады, барлық мекемелерде бар
(Ту)
3.
Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанаттарда
(Әнұран)
5 - айналым.
« Білімдінің көзі ашық»
-ҚР тәуелсіз
мемлекет пе?
-Еліміздің бас
қаласы
-ҚР
президенті
6 - айналым.
«Сырлы суреттер»
Тудың суретін
салу керек.
Мемлекеттік
рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті
борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты,
әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып
табылады.
Қазақстан:
Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен-
Еңселі
Әнұранымен
айбатты ел!
Бірге:-Елімнің
Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап
қастерлейміз.
Абдулла Нұрсаят -
«Тәуелсіздік» Қалқаман
Сарин
Қорытынды.
Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті
болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің
күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет. Отан сендерге зор
үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық
сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен
басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін
ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді. Туымыз,
Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып
тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел - жұртын жұдырықтай жүрегіне
сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін,
татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы
дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ
елін бүгінде әлем таниды.
Бейне ролик «Көк тудың желбірегені»
Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы» ММ-нің «Сазды өнер» бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес «Айбынымызды айғақтаған ұлттық белгілер»
атты тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының
Анықтамасы
24 қазанда Оқушылар сарайының «Сазды өнер» бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Айбынымызды айғақтаған ұлттық белгілер» атты тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:
1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан -
жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың
өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны
құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының
патриоты етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының
барысы:
Мұғалім кіріспе сөзімен тәрбие сағатын бастап, оқушылар жалғастырып кетті.
Оқушылар берілген өлең шумақтарын айтты. Оқушыларға түрлі тапсырмалар беріліп, сұрақтарға жауап алынды.
Сұрақ –
жауап
Молдахмет Ақмаржан - Ж.
Нәжімеденов «Менің елім»
Бейне ролик көрсетіледі (Отанға деген сүйіспеншілік)
Оқушылармен түрлі тапсырмалар орындалады
1 - айналым.
«Сіз білесіз
бе?». 2 - айналым. «Мақал-мәтелдер айтып
көрейік».
3 - айналым. «Сиқырлы сөздер».4 - айналым.
«Кім зерек?» -Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы
айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін
анықтайды.5 - айналым. « Білімдінің көзі
ашық» 6 - айналым. «Сырлы
суреттер»Тудың суретін салу
керек.
Бірге:-Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап
қастерлейміз.
Абдулла Нұрсаят -
«Тәуелсіздік» Қалқаман
Сарин
Қорытынды.
Бейне ролик «Көк тудың желбірегені»
Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – деген жылы лебізімен тәрбие сағатымызды аяқтайдық
Анықтама жазған: Аминова Айгерим Юсуповна
«Айбынымызды айғақтаған ұлттық белгілер» атты тақырыбындағы ашық тәрбие сағатынан көрініс