«Әйел және қоғам: теңдікке бастар жол»
Бүгінгі таңда қоғамдағы әйелдің рөлі мен теңдігі — ең өзекті тақырыптардың бірі. «Әйелдердің еркіндігі мен мүмкіндіктері шексіз болуы тиіс» деген пікірлер қазіргі кезде жиі айтылуда. Шынында да, бұл мәселенің жиі талқылануының басты себебі-қоғамдағы негізгі акторлардың бірі ретінде әйелдің маңыздылығының арта түсуінде.Қазіргі заманда әйелдің рөлі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда кеңейіп, қоғамның дамуына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың біріне айналды. Өткен ғасырларда әйел адамның мүмкіндіктері шектеулі болып, оның өмірі көбіне отбасы төңірегінде ғана қарастырылса, бүгінгі күнде бұл түсінік түбегейлі өзгерді. Әйелдер білім алып, кәсіби салада өзін дамытудың жаңа деңгейіне шықты. Олар ғылымда да, саясатта да, спортта да, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, елдің, мәдени, экономикалық өркендеуіне үлкен үлес қосып отыр. Дегенмен әйелге қойылатын талап әлі де жоғары: ол бір уақытта білімді маман, жанашыр ана, қоғам белсендісі болуы тиіс. Осындай көпқырлы міндеттерді атқара отырып, әйел адамның табандылығы мен еңбегін аңғаруға болады.
Қазақстанда да түрлі салаларда жетістікке жеткен әйелдер аз емес. Олар еліміздің дамуы үшін маңызды бастамалар көтеріп, жаңа жобаларды жүзеге асырып, жастарға жол көрсетіп жүр. Әйелдердің жаңа деңгейдегі белсенділігі олардың тек қосалқы рөлде емес, шынайы шешім қабылдаушы күшке айналғанын дәлелдейді. Қоғам да біртіндеп әйел дауысының маңызын түсініп, олардың пікіріне құлақ асатын болды. Бұл — гендерлік теңдіктің біртіндеп қалыптасып келе жатқанының көрсеткіші.Әйел рөлінің кеңеюінде білімнің орны ерекше.Білім,адамға сенімділік береді,соның арқасында кез-келген ортада өз пікірі мен ойын ашық жеткізе алады. Әйелдердің дамуын қолдау — қоғамның болашағына жасалған инвестиция.Мәселен, Elsevier компаниясының гендерлік теңдік бойынша зерттеуі әйелдердің зерттеу жұмыстарына қатысуының соңғы 20 жылда артқанын көрсетеді.2001 жылы әлемдегі белсенді зерттеушілердің тек 28%-ы әйел болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 41%-ға дейін өсті. Бұл зерттеу нәтижесінде,әйелдердің қабілеттілігін,және кәсіби мүмкіндіктерінің жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.
Халқымыз әйел затын ерекше сыйлап,қыз балаға төрден орын берген.Ежелден бастау алған ұстанымды біз ұмытпасақ екен деймін.Сонымен қатар,әйел затына ауыр міндеттерді артып,оларды қоғамның қатаң қағидаларына күштеп бағындырудан алшақ болайық.Себебі,әйел адамның онсыз да рөлі мен жұмысы өте ауқымды.Олардың бойындағы мейірімділік пен нәзіктіктің арқасында,мына әлем түрлі түске боялады.Сондықтан,әйел адамдар бүкіл әлемнің жүрегі.
Қорытындылай келе,әйел — тек отбасының тірегі ғана емес, қоғамның рухани күші, мәдениетті қалыптастырушы, жаңа ойларға жол ашушы екенін атап өткім келіп тұр. Бүгінде әйел адамның мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдейтін мысалдар өте көп. Сондықтан әйелдің рөлін қолдау — тек бір топтың мүддесі емес, тұтас қоғамның дамуына әсер ететін маңызды қадам.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Әйел және қоғам: теңдікке бастар жол»
«Әйел және қоғам: теңдікке бастар жол»
Бүгінгі таңда қоғамдағы әйелдің рөлі мен теңдігі — ең өзекті тақырыптардың бірі. «Әйелдердің еркіндігі мен мүмкіндіктері шексіз болуы тиіс» деген пікірлер қазіргі кезде жиі айтылуда. Шынында да, бұл мәселенің жиі талқылануының басты себебі-қоғамдағы негізгі акторлардың бірі ретінде әйелдің маңыздылығының арта түсуінде.Қазіргі заманда әйелдің рөлі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда кеңейіп, қоғамның дамуына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың біріне айналды. Өткен ғасырларда әйел адамның мүмкіндіктері шектеулі болып, оның өмірі көбіне отбасы төңірегінде ғана қарастырылса, бүгінгі күнде бұл түсінік түбегейлі өзгерді. Әйелдер білім алып, кәсіби салада өзін дамытудың жаңа деңгейіне шықты. Олар ғылымда да, саясатта да, спортта да, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, елдің, мәдени, экономикалық өркендеуіне үлкен үлес қосып отыр. Дегенмен әйелге қойылатын талап әлі де жоғары: ол бір уақытта білімді маман, жанашыр ана, қоғам белсендісі болуы тиіс. Осындай көпқырлы міндеттерді атқара отырып, әйел адамның табандылығы мен еңбегін аңғаруға болады.
Қазақстанда да түрлі салаларда жетістікке жеткен әйелдер аз емес. Олар еліміздің дамуы үшін маңызды бастамалар көтеріп, жаңа жобаларды жүзеге асырып, жастарға жол көрсетіп жүр. Әйелдердің жаңа деңгейдегі белсенділігі олардың тек қосалқы рөлде емес, шынайы шешім қабылдаушы күшке айналғанын дәлелдейді. Қоғам да біртіндеп әйел дауысының маңызын түсініп, олардың пікіріне құлақ асатын болды. Бұл — гендерлік теңдіктің біртіндеп қалыптасып келе жатқанының көрсеткіші.Әйел рөлінің кеңеюінде білімнің орны ерекше.Білім,адамға сенімділік береді,соның арқасында кез-келген ортада өз пікірі мен ойын ашық жеткізе алады. Әйелдердің дамуын қолдау — қоғамның болашағына жасалған инвестиция.Мәселен, Elsevier компаниясының гендерлік теңдік бойынша зерттеуі әйелдердің зерттеу жұмыстарына қатысуының соңғы 20 жылда артқанын көрсетеді.2001 жылы әлемдегі белсенді зерттеушілердің тек 28%-ы әйел болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 41%-ға дейін өсті. Бұл зерттеу нәтижесінде,әйелдердің қабілеттілігін,және кәсіби мүмкіндіктерінің жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.
Халқымыз әйел затын ерекше сыйлап,қыз балаға төрден орын берген.Ежелден бастау алған ұстанымды біз ұмытпасақ екен деймін.Сонымен қатар,әйел затына ауыр міндеттерді артып,оларды қоғамның қатаң қағидаларына күштеп бағындырудан алшақ болайық.Себебі,әйел адамның онсыз да рөлі мен жұмысы өте ауқымды.Олардың бойындағы мейірімділік пен нәзіктіктің арқасында,мына әлем түрлі түске боялады.Сондықтан,әйел адамдар бүкіл әлемнің жүрегі.
Қорытындылай келе,әйел — тек отбасының тірегі ғана емес, қоғамның рухани күші, мәдениетті қалыптастырушы, жаңа ойларға жол ашушы екенін атап өткім келіп тұр. Бүгінде әйел адамның мүмкіндігі шексіз екенін дәлелдейтін мысалдар өте көп. Сондықтан әйелдің рөлін қолдау — тек бір топтың мүддесі емес, тұтас қоғамның дамуына әсер ететін маңызды қадам.
шағым қалдыра аласыз


