Тақырып бойынша 11 материал табылды

Айтыс

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Айтыс – құдіретті өнер.

 
Сабақтың мақсаты: Айтыс туралы ойларын тереңдету. Оқушыларды ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа деген ынталарын арттырып, білімдерін кеңейту. 
Дамытушылық оқушылардың айтыс туралы білімдерін шығармашылыққа жинақтап, ойлау қабілеттері мен тіл байлықтарын молайту. 
Тәрбиелік- оқушыларға айтыстың ерекшеліктерін таныта отырып, шешен сөйлей білуге, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу. 


Сабақтың түрі: қорытынды,жарыс сабақ.

Сабақтың әдісі: саяхат сабақ, топтастыру, жинақтау, салыстыру, сематикалық карта, ой қозғау. 

Сабақтың көрнекілігі: қосымша оқулықтар, плакаттар, парақшалар,суреттер. 

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 
а\ Әуенмен амандасу 
ә\ Сабаққа қатысымын текс

І-Қызығушылық ояту .(Топтастыру) 2-3 минут

(1слайд) Қазақ музыка жанрларын атайық?



DrawObject3 DrawObject1 DrawObject2

DrawObject4 DrawObject5

DrawObject6 DrawObject7 DrawObject8 DrawObject9

DrawObject10



DrawObject11





Жаңа сабаққа байланысты кіріспе: 

  • Балалар,біз сендермен айтыс өнері деген үлкен тақырыпты аяқтадық.Бүгін біз сендермен сол тақырыпты қорытындылау мақсатында «Айтыс-құдіретті өнер » атты жарыс сабағымызды бастаймыз.

Ой қозғау «Айтыс дегеніміз не?» (топтастыру әдісі)
Әр түрлі тақырыпты қамтиды. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі 
Ұлттық өнер. Екі ақынның өлеңмен
 тартысы
Халық өмірінің көрінісі. Өнер жарысы
. Сөз жарысы


Айтыстың мақсаты не? (өз ойын дұрыс жеткізуге,ойлау қабілетін дамыту, ұйқастыру, суырып салмалықты дамыту). 


Айтыс-қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері. Айтыс өлеңдері – қазақ ауыз әдебиетіндегі ең мол жанрдың бірі. «Айтыс» деген атауы – айтысу, тартысу, дауласу немесе жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. Бұрын үлкенді-кішілі кезінде шешендер айтысы болған. Ақындар айтысы өлеңмен айтыс. Анығында өлең жарысы, өнер жарысы есебінде қолданылады. 
Ақындар айтысы – көпшілік алдында, тыңдаушы, сыншы жұрттың көз алдында туып, орындалады. Әнменен немесе әр ақынның арнаулы сарынымен домбырамен немесе т.б. музыкалық аспаппен айтылады. Ақындардың осылай кезектесіп, жауаптасатын суырып салма өлеңдері, екі жақты айтыс болады.
«Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінмен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі басты себеп болды.


(4слайд) Айтыс өнерінің бірнеше түрлері бар.

(5слайд)Ең ежелгі, көне түрі «Бәдік» айтысы. Белгілі бір аурудан малды емдеу үшін, айтылатын арбау өлең.

(6слайд) «Жар-жар»айтысы –қыз бен жігіттің үйлену тойы кезінде орындалады.

(7слайд) «Ақындар» айтысы –атақты белгілі ақындар арасындағы айтыс.

(8слайд) «Қыз бен жігіт» айтысы көбінесе ойын-тойларда айтылады.

DrawObject12

DrawObject14 DrawObject15 DrawObject13

DrawObject16

DrawObject18 DrawObject17 DrawObject19 DrawObject20







(Оқушылар айтыс шаһарының ауылдарына саяхат жасайды)


Бірінші:Бәдік ауылы

-Бәдік айтысының мазмұны қандай?

Бұл ауылға саяхатымызды бәдікті сөзбен арбап, қорқытып, үркітіп,қашыру мақсатында

сұрақтарға тез-тез жауап береміз.


- Ақындардың жеңімпазын кімдер анықтаған

- Қайым айтыс дегеніміз не?

- Қайым айтыспен кімдер айтысқан?

- Түре айтыс дегеніміз не?

- Суырыпсалма ақын қандай адам болуы тиіс?

- Жас ақындарды айтысқа төселдіретін түрі?

- Ұйқас сөздер дегеніміз не?

-“Көш-көш”деп қандай жағдайда айтылады?


Екінші: :Жар-жар ауылы

-Жар-жар айтысының ауылында біз жыраулардың ізімен өлең құраймыз.

- Өлеңнің қандай түрлері бар?

-Айтыс ақындарының өлеңдері неше буынды болып келеді?


-Жыраулардың хан-сұлтандардың алдында атқарған қызметі қандай?

-«Биік тауға жарасар» атты өсиет қай жыраудың сөзінде?

Бұқар жыраудың ізімен көп нүктенің орнына өз ойыңды жаз.


Үшінші. Ақындар ауылы.

- Қазіргі уақытта айтыстың қай түрі кеңірек дамыған?

-Өзің білетің ақындарды ата?

Бүгінгі айтыс түрлі кезең, асулардан өтіп кемелденіп келеді. Мұның ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның еңбегі қай тұрғыдан алсақ та құптауға тұрарлық.

- Оқушылар, сендер қазір күйтаспа арқылы ақындар айтысысынан үзінді тыңдайсыздар. Осы кезде: айтыскер ақындардың кім екеніне, мазмұнына, сөзінің мәніне, ақындардың ұлттық киім киісіне, әннің әуені көңілді ме , көңілсіз бе, екпіні қандай екеніне назар аударып отырыңыздар. 
Күйтаспа тыңдалып болған соң мұғалім оқушылардан жоғарыдағы тапсымалар бойынша жауап алады.
 


Төртінші:Қыз бен жігіт ауылы

-Бұл айтыс түрі туралы не білесіңдер?

Ой ашар. Бұл ауылда біз оқушылардың суырып салма айтысын көрсетеміз.Басталмастан бұрын айтысқа әзірлік жасайық, тақтаға қараңдар,мағынасына қарай сөздерді орнына қойып өлең құрайсыңдар.


Қыздар. Ән айтады мақтап

Біздерді ................

Біз жүреміз әлі

Бірге сан ............

........ білім қуып

Өсіп ...................

Атанармыз әлі

......... ұл мен қыз.

Керек сөздер. ұлдар, өнер, бәріміз, жылдар, ақын.


Ұлдар. Қарап тұрсақ .........

Қырдың .................

................бейне

Бұлбұл үніндей

Алғандары ............

Тек қана ................

Бантиктері ............

Қызығып кеттік.

Керек сөздер. гүліндей,қыздар,бағалары,дауыстары,бестік,сәнді.


Мұғалім ортаға өлеңмен екі оқушыны шақырады: 


Айтыс деген халқымның ата салты, еркем-ай
 
Құрмет тұтқан айтысты қазақ халқы,еркем-ай
 
Сол дәстүрді дәл қазір жаңғыртайық, еркем-ай
 
Тез келіңдер ортаға, ал бастайық, еркем- ай
 
Оқушылар өнерін көрсетіп болған соң, мұғалім: 
Соныменен айтысты доғарайық, еркем –ай
 
Рахмет айтып сендерге, қол соғайық, еркем-ай.
 

ІІІ Толғаныс.Енді сұрақтарға жауап берейік, бір-бірімізді тыңдап, қайталамай толықтырып отырамыз.

1.Қазақ музыка жанрларын ата

2.Айтыс деген не?

3. “Көш-көш”деп қандай жағдайда айтылады?

4.Айтыстың түрлерін ата?

5. Қазіргі уақытта айтыстың қай түрі кеңірек дамыған?

6.Өзің білетің ақындарды ата

7.Батыс өңірінің айтыскерлерін ата

8. Айтыскерлер нені жырлайды, қандай тақырыптарды қамтиды?

9. “Біржан мен Сара айтысы”қандай айтысқа жатады?

(9слайд)Ендеше осы жауаптар арқылы төмендегі кестені толықтырайық.(Сематикалық карта)

Тақырыбы

Жанры

Орындау мақсаты

Орындау ерекшелігі

Кейіпкері

«Бәдік»





«Жар-жар»





«Ақындар»





«Қызбен жігіт»







Үйге тапсырма: «Айтыс – киелі өнер» тақырыбында шығарма жазу 

Бағалау: сабаққа жақсы қатысып жауап қайтара отырған оқушыларды бағалау

(10слайд) Айтыс деген өлеңнің майданындай,

Сынға тілді болмайды найза қылмай.

Берекесіз көп сөздің жұғымы жоқ,

Іріген салақ әйел айранындай.

Нәрлі сөзің нұрланып бой балқытсын,

Азанғы қой сүтінің айранындай-деп сабағымызды аяқтағым келеді.











Тегісшіл жалпы білім беретін негізгі мектебі.



















«Айтыс-құдіретті өнер»



\ашық сабақ\




















Э.А.Мұратова.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
814
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11