15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Айтыс- халық мұрасы
Сабақтың тақырыбы:
Айтыс – халық мұрасы
Сабақтың мақсаты:
а) Айтыс-халық мұрасы туралы іс –шара өткізу арқылы, оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,
жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға
дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, қосымша материалдар, видео
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың
тазалығына көңіл бөлу.
Суреттер арқылы топқа бөлу домбыра, сырнай
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.[1] Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан.
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады.
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған.
Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен.
Айтыс түркі елдерінде көне дәуірден белгілі. Махмұд Қашқаридің “Диуани-лұғат-ат түрк” атты еңбегіндегі “Жаз бен Қыстың айтысы”, Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметіндегі” Жұмақ пен Дозақтың айтысы” бұл жанрдың ғасырлар қойнауына жол тартатынын аңғартады.
«Айтыс өлеңдері», жазушының зерттеу еңбегі. 1948 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» (1-том, 237-267-беттер) арнап жазған. Кейін Әуезовтің «Әр жылдар ойлары» атты (1959, 318-359-беттер), 12 томдық (11-том, 1969, 421-471-беттер), 20 томдық (17-том, 1985, 279-336-беттер) шығармалар жинағына енген. Ал 1960 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына (1-том, 1-кітап, 671-714-беттер) енген нұсқасында айтыс өлендерінің жиналып, зерттелуі жайлы және басқа аздаған толықтырулар қосылған. 1948 жылы нұсқадағы «Совет ақындарының айтысы» атты тарауы «Қазақ әдебиетінің тарихы» 1-том, 2-кітабына (1964, 194-240-беттер) «Айтыс» деген атаумен еніп, оны О. Нұрмағамбетова жалғастырып, толықтырған. Айтыс өлеңдері туралы Әуезов алғаш рет 1927 жылы шыққан «Әдебиет тарихы» кітабында және 1939-1940 жылдары Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» («Эпос и фольклор казахского народа») атты еңбегінде қысқаша тоқталған. Әуезов кейінгі зерттеуінде айтыс өлеңдерінің жиналып, зерттелу тарихына және басқа халықтардың ауыз әдебиетінде кездесетін кейбір ұқсас жанрларына қысқаша шолу жасап, қазақ айтыс өлеңдерінің өзіндік әр алуан ерекшелік, өзгешеліктерін ашып айқындайды.
І. Слайд айтыс туралы
ІІ . Оқушыларға сұрақ
ІІІ. Айтыс туралы видео
-
Алаш дегеніміз кімдер
-
Демократия дегеніміз не?
-
Қайрат кім?
-
Қазақ хандығына
-
Тамирас дегеніміз кім?
-
Ләззат, Сәбира дегеніміз кімдер?
-
Әлия мен Мәншүк кімдер?
-
Бірлікті аңсаған Шешен кім?
-
Күлтегін кім?
-
Алихан, Ахмет,
-
Шәмшінің қандай әні?
Жамбыл мен Құлмамбет айтысы - дәстүрлі ақындар айтысының озық үлгілерінің бірі. 1897 ж. ұлы жүз Албан руының жайлауында Шәрипа деген қыздың ұзатылу тойында өтеді. Осы тойда Қулмамбет Жетісу мен Ыстықкөлден келген 9 ақынды түгел жеңіп шығады. Жамбылмен айтысқа түскенде құлмамбет оны бірден абыржытып алу үшін кемсітіп, кедейлігін бетке басады, ал Жамбыл Албан елінің бір-неше бай-шонжарларын атап, сол мақтаулы байлардың кедейлердің табанақы, мандай терін жеп жүрген құлқын құмарлығын өшкерелейді. Ел қорғаған ерлігімен, кедей кепшікке қорған болған әділдігімен танылған халық батырлары — Қарасай, Сарыбай, Сұраншы, Сынатай, Саурықты дәріптейді.
Біржан мен Сара айтысы видео 3/40
Саламат:
Ау, Ассалаумағалейкум момын достар
Көк атым, аламанға жарап тұрған
Алты жастан мінгізген ашамайға
Әкеміз он жасымна оқ атқызған
Қарсыласым Әсемгүлге сәлем бердім
Тест алғанда шпаргалкасын беріп тұрған
Әй бірақ, сені мақтап не ғылайын
Бақыт мұғалім бұғанда екі қойған
Ал енді сен маған мынаны айтшы
Мектебімде талай сайыс өтіп жатқан
Дайындығың сенің қалай
Бестіктер бәйгесіне санап жатқан .
Әй біріақ сенде жеңіп шығасың ғой
Жұлдыз мұғалім сені қолдап жатса
Мен бірақ жеңед дегенге күмәнім бар
Өткені ол екпінділер қатарына түсіп қалған
Сен маған енді мынаны айтшы
Тәуелсіздікке қандай қосқан үлесің бар.
Әсемгүл:
Бісміллә сөзді бастадым
Талғамды терең баппенен
Армысың менің ұлы елім
Алласын сүйіп хақ деген
Байсалды бауыр жұртым-ай
Ниеті таза ақ келген
Жанына жақса жарасқан
Туысқан көпке жат пен ел
Қазақтай батыр жоқ шығар
Баласы түркі сақпенен
Бейбарыс секілді патшалар
Қапа жалын күйдіріп
Дұшпанның басын идіріп
Көз көрмей құлақ естіген
Ерлерге жеткен атпенен
Әсемгүліңді қолдасаң
Махамбет оқуларынан
Елбасын мақтан етемін атты сайыста
Жеңімпаз атанып келгенмін.
Бұйыртса «Бестік бәйгесін»
Жүлдесін жеңіп алармын
Қоқиып қарап отырған
Екі алдың деп мені сынаған
Ойпырмай мынау кім екен
Өзі бір екі алмайтын
Саламат деген қу екен
Екілік бәйгесін жарияласа
Жүлдені қағып алатын
Сыныптас досымның өзі екен.
Айтысқа жаным қош келдің
Талабыңа нұр жаусын
Халқымнаың асқар ұлы бол
Қажымұқан спорт мектебіне түсіп
Асудан асып герой бол!
ІҮ . Айтыс өнері

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген