Материалдар / Әже мен немере сайыс
Аттестацияда (ПББ) келетін
сұрақтармен
тестке дайындалыңыз!
Ұлттық тестілеу орталығының тақырыптары бойынша жасалған

Әже мен немере сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Даналық мектебі бойынша Әже мен немерелерге арналған сайыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2024
384
1 рет жүктелген
338 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әже мен немере» сайысы

Мақсаты: халқымыздың ата-бабадан келе жатқан , бірақ кейінгі кезде елеусіз қалған ұлттық асыл мұрасын, отбасылық тұрмыс-салтын, жақсы үлгі өнегесін, ізгілікті сән-салтанатын, кіші мен үлкенді сыйлауды, мейірімділікті , парасаттылық сияқты тәрбиеге қатысты қағидаларды әжелерден үйрену, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу.


Армысыздар ардақты әжелер, аналар, сүйкімді балалар!

Асылдай әжелерім қартаймашы

Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы

Өздеріңізді мәңгілік аялаймыз

Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы.

Ардақты аналар, аяулы да қымбатты ақ жаулықты әжелер алда келе жатырған мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз!

Құрметті әжелер, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі 13-17 ақпан аралығында ұйымдастырылған «Отбасы мен мектеп бірлігі, болашақ ұрпақ тірлігі» атты ата-аналар апталығы аясында өткізілгелі отырған «Біз де ару болғанбыз» атты әже мен немерелерге арналған сайысымызға қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші: Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар,
Әже мен немере тойы басталмақшы,
Қызықтан тыс қалмаңыздар!

Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Әженің тәлім - тәрбиесін көріп, үйренбеген немере болмас! Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық.
Бойында мейірім ақ жүрек

Жақсылыққа толы ақ тілек.

Қаршыға әже келді міне,

Немересіне бақ тілеп. №1 Нұрайым Болар әжесімен қарсы алыңыздар!

Жанұясының тірегі

Тіршіліктің жүрегі

Әжесі бақыт ордасы

Мәпелеген жыр елі- деп ортаға №2 Сабинаны Айжамал әжесімен қарсы алыңыздар!

Сыздайтұғын жүрегі

Құлап қалса сүрініп.

Айымгүл әжей кеп отыр

Қамқор болған балаға №3 Күләш әжесімен қарсы алыңыздар!

Менің әжем – шежіре,

Көп ертегі біледі.

Сыртта жүрген кезінде,

Бізді ойлап жүреді №4 Жанботаны Айымгүл әжесімен қарсы алыңыздар!

Еміреніп «қозым» деп,

Мейіріммен қарайтын

«Немерем аман болсын деп»,

Ай мен күнге балайтын №5 Назеркені Қаршыға әжесімен қарсы алыңыздар!


Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділ қазы үздігі кім

Бақ сынап алдыңызда «немере мен әжелер»

Алысқан тұлпардайын тізгінімен- деп Әділ қазылар алқасымен танысайық:

1. Мектеп директоры __________________________________

2. Ұлағатты ұстаз Зарыкпанова Балкия Куспековна

3.


Мерекелік думанның беташар сөзін мектеп директоры _________________________________________береміз.



Біздің сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

Сайыстың шарты:

1. «Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген»- таныстыру

2. «Сыр сандық»-сұрақ-жауап сайысы

3. «Өнерлі саусақтар»-үй тапсырмасы (өз қалауымен қолөнер бұйымдарын әкелу керек)

4. «Дәм-Думан» қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу.

І бөлім. «Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген»- таныстыру.

Әжелер келіп жетті танысуға

Сыпырды томағасын осы дуға

Қызып келген қырандай керілтеді

Әдеппенен ізетпен танысуға, - дей келе әжелер мен немерелер өздерін таныстырады.

ІІ бөлім «Сыр сандық» деп аталатын. Яғни, «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп, көпті көрген әжелеріміз бен білімді балаларымызға сұрақ-жауап кезегін берсек. Ол үшін асық – жеребиесін таңдаймыз.

ІІІ бөлім «Өнерлі саусақтар»-үй тапсырмасы. Өз қолдарынан жасаған бұйымдарын таныстырып, қорғайды.

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата - баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан, - дей келе әжелеріміз өз қолдарынан жасаған бұйымдарын қорғайды.

Немере үшін ең мейірімді жан-әже. Ақ сүт берген аналардың анасы-әже. Жан жүрегім жарығым деп немересін, шөбересін жүрегіне теңейтін де әже. Олай болса қадірменді қауым әжелердің аңыз әңгімесін тыңдайық.

ІҮ бөлім. «Дәм-Думан» қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу.

ІҮ бөлім. «Жақсы сөз, жарым ырыс»-бата беру рәсімі. «Батасыз құл жарымас, баталы құл арымас»-деп әжелеріміздің осындай тамаша рәсімі жалғасын таба берсін деген ниетпен үлкендерімізден бата сұрайық .

Қорытынды

Ана жанын әже болсаң ұғарсың,

Алдыңда ол биік құзар шың.

Немере үшін кеуде керіп мақтанып,

Немере үшін биіктен де құларсың

Әже мерейі күн көзімен пара -пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Өмірімізге шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңыз, ақ ниетті әжелер,- дей отырып бүгінгі сайысымыздың да мәреге жеткенін байқап отырған шығарсыздар.

Бүгінгі сайысқа қатысқан барша әжелеріміз өздерінің үлгі- өнегелерін мына отырған ұрпақтарға көрсете білді ғой деп ойлаймын. Енді барлық сайыс кезеңінің қортындысымен танысайық. Әжелерімізге сыйлық, номинациялары беріледі. «Парасатты әже» ,«Асыл әже», «Сымбатты әже», «Шебер әже», «Дана әже»

Қайырымды қасиетті Ең ардақты ақ әжем

Әрбір сөзі өсиетті Баға жетпес, бал әжем

Аман – есен жүріңізші Бар тілегім сол әжем – дей отырып, әжелерімізге денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт тілейміз.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүттің

Кең шуағың аясындай гүл бақтың – дей отырып бүгінгі мерекелік сайысымызды аяқтаймыз.

































Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!