Материалдар / Әже туралы тәрбие сағатының қмжсы

Әже туралы тәрбие сағатының қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әже
Авторы:
21 Ақпан 2025
102
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

Әжелер сөзі- ақылдың көзі.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға әжелерден қалған асыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсіндіру.

Ұлттық құндылықтарды насихаттау, әже тәрбиесінің маңыздылығын көрсету.

Оқушылардың қарияларға құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Сабақтың мақсатын таныстыру.

«Жылы жүрек» әдісі:

Оқушылар әжелеріне арнап бір жылы сөз немесе тілек айтады.

- Қонақтарды (әжелерді) таныстыру. Қонаққа келген әр әжені жеке таныстыру.



- Мұғаліммен амандасады.

- Сабаққа дайындалады.

- Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Компьютер





Сабақ басы (10 мин)













1. «Әже» деген сөзді естігенде қандай ойлар келеді?

2.«Сіз өз әжеңізден қандай ақыл-кеңес алдыңыз?»

3.«Қазақ қыздары мен ұлдарының тәрбиесінде әженің орны қандай?»


«Әже» деген сөзді естігенде бәрімізге мейірім, жылулық сезімі келеді.

Әжелер – отбасының берекесі, ұрпақ тәрбиешісі. Олардың өмірден түйген ақылы, айтқан сөздері – біз үшін үлкен қазына. Бүгін біз әжелерімізді қонаққа шақырып, олардың даналық сөздерін тыңдаймыз. Әжелер – өмірдің сан қилы кезеңдерінен өткен, тағылымы мол, ақылы кемел жандар. Олардың айтқан сөздері – тек өмірлік тәжірибеден өткен, терең мағынаға ие даналық қазынасы.




-оқушылар сұрақтарға жауап береді.







-оқушылар тыңдайды











Ортасы (30 мин)


1.Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу


Қыз бала тәрбиесі:

«Қыз өссе – елдің көркі.» (Қыз баланың әдемілігі мен тәрбиесі – қоғамның көрінісі.)

«Қызға қырық үйден тыйым.» (Қыз балаға көп тәрбие беріліп, сақтық ескертіледі.)

«Қызым, үйде – қылығыңмен, түзде – ақылыңмен көрікті.» (Қыз балаға тәрбие мен әдеп маңызды.)


Ұл бала тәрбиесі:

«Ер – елдің қорғаны.» (Ер бала – болашақта елін қорғайтын азамат.)

«Батыр туса – ел ырысы.» (Жақсы ұл – халықтың қуанышы.)

«Атадан ұл тумай ма, ата жолын қумай ма?» (Ұл бала әке жолын жалғастыруы керек.)


2.«Әже тәрбиесі – мәңгілік мұра» (Сұхбат бөлімі)


3. «Ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында постер жасау. Әжелер мен оқушылар шағын топтарға бөлініп, тақырып бойынша сурет, нақыл сөздер, өсиеттер жазып, постер дайындау

4. Оқушылардың әжелеріне деген жүрек жарды тілектері арнау, өлеңдерін айту.



















1.Оқушылар мақал

- мәтелдердің мағынасын ашады.


2.«Әже тәрбиесі – мәңгілік мұра» (Сұхбат бөлімі)

Оқушылардың әжелерге қоятын сұрақтары:


1. «Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?»

2. «Қазіргі жастардың бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?»

3. «Өміріңіздегі ең үлкен сабақ қандай болды?»

4. «Әже тәрбиесінің ата-ана тәрбиесінен айырмашылығы бар ма?»

5. «Қыз бала мен ұл баланың тәрбиесінде қандай ерекшеліктер бар?»

6. «Сіз үшін әже болу қандай сезім?»

7. Бақытты отбасы болудың құпиясы неде?

8. Қазіргі жастарға қандай кеңес бересіз?

9. «Қызға қырық үйден тыйым» деген сөздің мәні қандай?

10. Бұрынғы қазақ отбасыларында қандай тәрбиелік дәстүрлер бар еді?

11. Қазіргі заман жастарының бойында қандай ұлттық құндылықтар болуы керек?

12. Адам өмірінде бақытты болу үшін не істеу керек?

(Әжелер өз ойларымен бөліседі, оқушылар сұхбат барысында пікір алмасады.)

3. «Ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында постер әжелермен постер дайындайды.

4. Оқушылар әжелеріне деген жүрек жарды тілектері арнау, өлеңдерін айтады.










Соңы


(2 мин)




Ән-шашу:

«Әже туралы жыр» немесе басқа халық әндері орындалады.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігіне қарай мадақтау.

Әжелерге алғыс білдіру, сыйлықтар табыстау.


«Әже туралы жыр» немесе басқа халық әндері орындалады.




презентация
















































Көрініс: «Әженің өсиеті»

Кейіпкерлер:


Әже – мейірімді, дана, өмірлік тәжірибесі мол.

Айжан – әженің немересі, тәрбиелі, зерек қыз.

Ерасыл – әженің немересі, алғыр, ұқыпты бала.

Достары – Айжан мен Ерасылдың құрдастары.

Көрініс басталады.


? Сахнада: Үйдің ішкі көрінісі, ошақ басында отырған әже. Қолында домбыра немесе кесте тігіп отыруы мүмкін. Немерелері ойнап жүр.


I көрініс: Әженің ақылы

Айжан: (жүгіріп келеді) Әже, әже! Бүгін мектепте «Ұлттық тәрбие» сабағы болды. Біз салт-дәстүр жайлы көп нәрсе білдік! Сізден де бір нәрсе сұрасақ бола ма?


Әже: Әрине, құлындарым! Қандай сұрақ болса да қоя беріңдер.


Ерасыл: Әже, сіз «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» дегенді жиі айтасыз. Осы сөздің мәнін түсіндіріп бересіз бе?


Әже: Балаларым, қазақта үлкенді сыйлау – ең маңызды қасиеттердің бірі. Жасы үлкен кісілерді құрметтеу – біздің ата дәстүріміз. Бұрындары жас жігіттер қарияларды көргенде аттан түсіп, қол алысып амандасқан. Ал қыз балалар үлкендерге иіліп сәлем берген. Осы дәстүрді ұмытпай, әрқашан үлкендерге құрмет көрсетіңдер.


Айжан: Дұрыс айтасыз, әже! Мен әрқашан сізге көмектесіп, құрмет көрсетемін!




II көрініс: Әженің өсиеті

(Ерасыл мен Айжанның достары келеді.)


Достары: Сәлеметсіз бе, әже!


Әже: Амансыңдар ма, қарақтарым! Қандай жақсы балалар!


Достары: Әже, бізге де бір өсиет айтып беріңізші.


Әже: Жарайды, қарақтарым. Сендер білесіңдер ме, бұрынғы ата-бабаларымыз қандай өсиет сөздер қалдырған?


Адал адам – арымен,

Батыр жігіт – намыспен,

Ақылды қыз – ұятымен,

Қонақжай халық – пейілімен көрікті.

Қазақтың қыздары ибалы, ұлдары қайсар болған. Сендер де осындай болыңдар!


Достары: Рахмет, әже! Біз бұл өсиетті ұмытпаймыз!

Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі