Әжелер мектебі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әжелер мектебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әжелер сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы

«Еңбек орта мектебі-Өрнек бастауыш мектебімен»КММ



Бекітемін

Мектеп директоры

А.Р.Есенбаева ---------------



Сыныптан тыс іс-шара

Әжелер мектебі



Тақырыбы: « Әжелер сөзі – тәрбие көзі !»



Пән мұғалімдері: А.А.Камалиева

Э.С. Букаева

Күні : 05.03.2025 жыл









Ақтоғай ауылы





Тақырыбы: «Әжелер сөзі – тәрбие көзі»


Мақсаты: Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету, әр олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Бесік жырын құлаққа сіңір өскен бала болашақта өз баласына да махаббатын бере алады.
Сайысқа қатысушылар: әже мен немерелері.


Жүргізуші:

Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! «Әжелер сөзі - тәрбие көзі» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. Әже әрқашанда балалық балдәуреннің басы- қасында болатын ақылшы, тәрбиелеуші. Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі –бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін тәрбие құралы.. Әженің әңгімесі мен ертегісін тыңдау, өнегесін үйрену, ақылын жадында тоқу-ұрпақ міндеті. Ол киелі, қасиетті, ардақты жан,

Әжелеріміздің қадамы құт, мәртебесі биік болсын деген ниетпен, әжелерімізді немерелерімен ортаға ду қол шапалақпен шақырамыз.

 1 әжеміз
1.Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді –деп Индираның әжесін Науат гүл әжені шақырамыз.

2 әжеміз

2.Немересінің  қамын ойлай жүретін балажан әжесі Руфизаның  күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі  Шакизада  әжейді ортаға шақырамыз!

3 әжеміз

3.Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді. Айзаттың әжесі Зәуре әжейді қошеметпен қарсы алайық!


4 әжеміз

4. Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін Айзере оқушымыздың асыл әжесі  Өкей Гүлсия әжейді қарсы алыңыздар!


5әжеміз

5.Әже біздің күніміз

Әжемнің біз гүліміз

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып Аяжанның  әжесі   Нурмангүл  әжейді ортаға шақырамыз.



Жүргізуші:
Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелеріміздің әділ бағасын беру үшін әділ қазылар алқасын сайлап алуымыз керек.


Мектеп директоры Есенбаева А.Р.

Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жанаева Б.Н.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бакиева Н.О.

Бастауыш сынып мұғалімі Камыспаева М.О.

Сіздер әжелерімізге әділ бағаларыңызды береді деген ойдамыз.


Олай болса сайыстың өту тәртібімен танысайық.

1.Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген»- өзін таныстырады.
2. «Көтерейік көңілді ән-жырменен»-өнер сайысы. Өз өнерін көрсетеді
3.«Сиқырлы қоржын» (Сұрақ - жауап) Әдеп-ғұрып, ырымдар ,тыйым сөздерге байланысты сұрақтарға жауап береді.

4. « Оюлар сыр шертеді...» алдарына дайын маталар мен керек құралдар беріледі, сол арқылы өз шапшаңдықтарын танытып, халқымыздың ата дәстүрін жаңғыртып, ою ояды

5. «Салт-дәстүрім қазынам»-атты бесікке салу рәсімі. Бесік жыры. Тұсау кесу , баланы қырқынан шығару,шашу шашу дәстүрін көрсетеді
7.«Білгенге маржан». (Әділқазылардан конвертті алып ондағы мақал - мәтелді жалғастыру).


Жүргізуші:

Ал, олай болса, әжелер, бүгінгі сайысымызды бастауға дайынбыз ба? Ендеше, бірінші кезеңімізге кезек берейік!



Әжем болса қасымда

Көтеріңкі көңілім

Алтын әжем тілекші

Немерелер өмірін.


Iкезең « Мен әжемін, ұрпағын әлдилеген»- таныстыру.

Бұл кезеңде өздеріңізді таныстырып өтесіздер


Таныстыру
Индираның әжесі Науатгүл Асқар әжеге сөз берейік.

Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,

Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.

Аман-есен жүрмісіздер жалпыңыз.

Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз.

Сұрасаңыз есімім Накуат Гүл Асқар


Руфизаның әжесі Шакизада әже

«Сөз анасы – сәлем» дер дана халқым,

Өмір бойы сыйлап өскен ата салтын.

Сәлем бердім баршаңа,

Деніңіз сау, жүзіңізболсын жарқын!


Айзаттың әжесі Зәуре әже

Сүрінбей сыннан өтейін.

Мақсатыма жетейін.

Армысыздар, әділқазы алқалары,

Бұл сайыста сыналмақ менің өнер-бағым.

Таныстырып өтейін мен өзімді.

Тегім (АТЫ- ЖӨНІН АЙТАДЫ)

Ұлтым қазақ, руым жаныс.


Айзеренің Әжесі Өкей Гүлсия

Көп айтып өз жайымды не қылайын,

Өнеріммен одан да таңқалдырайын!

Кішіге үлгі, үлкенге өнеге болып,

Сахнаның төрінде сән құрайын!


Аяжанның әжесі Нурмангүл

Иіліп сәлем берейін,

Бағымды сынап көрейін.

Жиылған жұртқа өзімді,

Таныстырып өтейін.

Әлім атты руданмын.(өз руын айтады)

Өнер жолын қуғанмын.

Гүлжахан мен Жарылқап деген (ата анасының есімін айтады)

Ата-анадан туғанмын.


Аяулы әжелерімізге арнап «Әже» әнін орындайтын 4а сынып оқушысы Ынтымақ Аяжан


Жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты?

Толғанта ән салдырып, билетіп

Жасына қарамастан бұл ортада,

Қай әже таң қалдырар, бұл халықты -деп «Өнер сайысын» тамашалайық.


ІІ кезең. Өнер сайысы (өз өнерін көрсету)

1. Науатгул әже «Әке» туралы ән

2.Шакизада әже немересі Руфизамен «Камажай» биі

3.Зәуре әже Тілек өлең оқу

4. Гулсия әже Туған ел ән Құлжа өсіп өнген жнрі туралы ән айтып береді

5. Нурмангүл әже М.Мақатаев Әкеге арнау Өлең оқу


Жүргізуші:

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді ол кісі

Қандай ғажап күлкісі -деп

 III Кезең «Сиқырлы қоржын» (Сұрақ - жауап)


1 - сұрақ: Жаңа туған нәрестенің бас жағына ырымдап қандай заттарды қоямыз? Және не себепті? (Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы қояды немесе үкінің тұяғын, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады. Мұндайда шайтан, жылан, жәндік, тышұан келмейді деп жорыған).


2 - сұрақ: Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады? («Ақ мол болсын»,
«Төрт түлік ақты болсын», «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын» т. б.)



3 - сұрақ: Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері? (балаға ат қою,
шілдехана, бесік тойы, сүндетке отырғызу тойы, атқа мінер, тілашар т. б.)


4- сұрақ: «Базарлық», «Сарқыт», «Сыбаға», «Ерулік» беру салттарының мәнісін түсіндіріп беріңіз? (Базарлық – алыс сапардан келген жолаушының туыстарына әкелетін сыйы, байғазы – жаңа сатып алынған дүниеге берілетін ақы немесе сый, сарқыт – мереке тойлардан әкелінетін тағам, сыбаға - жақын - жуыққа, құрметті қонаққа арнап сақталған кәделі ет мүшелері асу, ерулік – жаңа көшіп келген көршіге танысу мақсатында дастархан жаю)


5 – сұрақ Жасау» және «Енші» салттарының мағынасын түсіндіру.

Жауабы: 

Жасау – ұзатылатын қызға берілетін ата-анасының дүние мүлкі.

Енші – балалары ер жетіп, жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние, мүлік мал береді. Бұны енші деп атайды.


Жүргізуші:

Көп жасаған қария.

Ақылы теңіз дария.

Қолдарымен өнерді

Текемет, киіз, құрақ көрпе жасаған-деп


IV Кезең-« Оюлар сыр шертеді...» алдарына дайын маталар мен керек құралдар беріледі, сол арқылы өз шапшаңдықтарын танытып, халқымыздың ата дәстүрін жаңғыртып, ою оясыздар. 


Ал әзірше әжелеріміз ою ойғанша,келесі кезекті биге берейік


Қазақша би орындайтын 1а сынып оқушысы Аңсар Индира


V кезең Салт-дәстүр көріністері (қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, шашу)

Жүргізуші: келесі сайысымыз қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсету. Әрбір Әже қазақтың салт-дәстүрінен бір-бір көрініс көрсетеді (қырқынан шығару, бесікке салу, тұсау кесу, шашу)


Жүргізуші Бірінші ортаға Шакизада әжейді шақырамыз. Сіз қандай салт-дәстүрді көрсетесіз?


  1. «Қырқынаншығару».

Туғанына қырық күн толғанда баланы қырқынан шығарады. Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге, сақина салған суға шомылдырады. Әйелдердің үлкені «Отыз омыртқаң жылдам бекісін, қырық қабырғаң жылдам қатсың» деп баланың үстіне қырық қасық су құяды. Сақиналарды баланы шомылдыруғ ақатысқан «әйелдер бөліседі. Келесі кезекте баланың шашын, тырнағын алады. Шашын шүберекке түйіп, киімінің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Бала қырқынан шыққанға дейін киген ит көйлекк етәттілерді түйіп, иттің мойнын абайлап қоя береді..Итті балалар қуып жетіп, ит көйлект ішешіп алып, тәттілерін бөліп жейді. Көйлект ібаласы жоқ келіншектер ырым етіп қалап алады.



ЖүргізушіЕкінші ортаға Аяжан қызымыздың әжесі Нурмангүл әжені шақырамыз. Сіз қандай салт-дәстүрді көрсетесіз? Қазақтың бесікке салу салт - дәстүрі туралы не айтасыз? (Бізге Ырымды жасап көрсетіңіз )

«Бесікке салу».Нурмангүл әже

Бесік тәрбиесі-бүкіл ұлттық тәрбиенің негізгі арқауы. Халқымыздың атадан әкеге, әкеден балаға мұра болып кел ежатқан қасиетті бұйымдарының бірі – бесік. Бесікті киелі деп есептеген.

Бесік – қасиетті, құттымүлік. Жаңа туылған баланы бесікке салу елеулі дәстүрлердің бірі. Бесікке салу үшінүлкен, тәрбиелі, өнегелі әжелерге тапсырылады. Бесікті адыраспандап, аластап алады.

Алас, алас, алас, иесі келді пәлеқаш

Алас, алас, бәледеналас.

Көзі жаманның көзінен алас,

Тіл іжаманның тілінен алас, - деп аластайды. Бесікті аластап болғансоң, «тыштырма» ырымын жасап бесікке салады. Осындай қуанышты күнде «бесік жыры» айтылады.



Бесік жыры барлық әжелер орындайық. 

Әлди-әлди, ақбөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпкет ағып берейін.
Әй-әйбөпем, әйбөпем. Ән айтайын,бал бөпем.

Жүргізуші: үшінші ортаға Айзере қызымыздың әжесі Гүлсия әжені шақырамыз. Сіз қандай салт-дәстүрді көрсетесіз?

1.«Тұсаукесу».

Тұсаукесу – сәби қаз тұрғаннан кейін, тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Ала жіппен тұсау кесу баланың келешекте ешкімнің ала жібін аттамай, адал болып өссін деген ниеттен туған.

Әже: Жолын болсын деселік,

Жолына нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,

Тұсауыңды кесейік,

Күрмеуіңді шешейік – деп сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.


Жүргізуші: төртінші ортаға Айзаттың әжесі Зәуре әжемізді шақырамыз. Сіз қандай салт-дәстүрді көрсетесіз?


Ән ??????


«Шашу». Зәуре тәте

Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын, өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскен, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде, тойда зор қауанышты күндерде әйелдер кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашқан. Шашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларын аапарып берген. Шашуды әйелдер ғана шашқан.

Зауре : Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке бұл тойда,

Керек рәсім жасайық.


«Білгенге маржан». (Әділқазылардан конвертті алып ондағы мақал - мәтелді жалғастыру).

Мақал - мәтелдер


1.Ананың сүті бал,

Баланың тілі бал.


2.Ананың ізін қыз басар,

Атаның ізін ұл басар.


3.Анаңа ауыр сөз айтпа

Атаңа ауыр жүк артып.


4.Анасын көріп, қызын ал

Аяғын көріп асын іш.


5.Айдың ізін ай басар,

Аттың ізін тай басар.


6.Бала, баланың ісі шала.


7.Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін.



8.Бала жетіге жеткенше, жерден таяқ жейді


9.Қолыңмен істегенді,
Мойныңмен көтер.

10 Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

11. Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда қазан жаңа


12. Заманына қарай заңы,
Тоғайына қарай аңы.



Жүргізуші: 
«Батасыз құл жарымас, баталы құл арымас»-деп әжелеріміздің осындай тамаша рәсімі жалғасын таба берсін деген ниетпен үлкендерімізден бата сұрайық. Әжелердің үлкені бата береді.
Индираның әжесі Науатгүл Асқар (Зауре???)
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата-анаға мейірлі болсын
Ағайын-туысқа пейілді болсын.
Өнеге-білімге зейінді болсын,
Он саусағы майысқан шебер болсын,
Ел қорғайтын батыр болсын
Шындықты айтар ақын болсын.
Халқым деген жүрегі болсын
Жұртының қамқор тірегі болсын.
Абыройы өрлесін
Ел алдында ерлесін
Жаманшылық көрмесін!Әумин.,


Әділқазылар сайыстың қорытындысын анықтағанға дейін әжелеріміздің орындауындағы «Беу беу айдай» әнін қарсы алыңыздар

Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті

7. ҚОРЫТЫНДЫ. МАРАПАТТАУ СӘТІ.
Ендігі сөзді төрешілерге берейік. ()


Әжелерге сөз берейік .Өскелең ұрпаққа, ұстаздарға өз тілектеріңізді білдірсеңіздер!


Құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы әжелер! Бүгінгі «Әжелер сөзі – тәрбие көзі!» атты сайысымызға қатысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз.Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ, береке тілейміз. Аман сау болыңыздар.

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.03.2025
356
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі