Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әжем айтқан ертегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұлттық мәдениетті таныстыру. Әжелер мен балалар арасындағы қарым-қатынасты ертегілер арқылы әңгіме айтып, рухани байланыс орнату. Әже тәрбиесінің маңыздылығын насихаттау. Міндеті: Әжелер мен балалардың шығармашылығын қолдау – ертегі бойынша көріністер қою, ертегілерді сахналау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Әжем айтқан ертегі» (әжелермен кездесу)

Мақсаты: Балаларға ұлттық мәдениетті таныстыру. Әжелер мен балалар арасындағы қарым-қатынасты ертегілер арқылы әңгіме айтып, рухани байланыс орнату. Әже тәрбиесінің маңыздылығын насихаттау.

Міндеті: Әжелер мен балалардың шығармашылығын қолдау – ертегі бойынша көріністер қою, ертегілерді сахналау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Тақырып мазмұнына сай безендірілген. Ортада әжелер мен балалар отырады.


Тәрбиеші кіріспе сөзі:

Қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Өкінішке орай, кәзіргі кезде ғаламтордан, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер, анимациялық фильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады. Қазақ ертегілерінің тақырыптары сан алуан.Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні зор, бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегі құдіретті нәрсе, ұйқыға батқызады, қызықтырады, тыныштандырады, көңілдендіреді, қолдайды, үйретеді, сендіреді. Ертегілер ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі ертегілердің туындауына көп әсер еткен. Ертегілер халқымыздың тарихын, дүниетанымын, тұрмысы мен салтын, әдет-ғұрпын, нанымы мен сенімін білдіреді. Қазіргі заманның жетістіктерін көре отырып, ертегі оқиғаларындағы халық арманының іске асқанын байқаймыз. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды және онда халықтың тұрмыс- салты, іс-әрекеті басты орын алады. Ертегі балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсерленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегіде ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрды ғажайыптың бейнелеуші құрал ретінде қолданылады. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан. Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы еңбекші халық бақыт туралы, еркін өмір жайлы, мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық оқиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесін тудырған. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде «ертек» деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны «ертекші», «ертегіші» дейді. Осы атау көп ертегінің басында әдейі айтылып отырады. Қазақ ертекшісі де көптен көп ертегісін: «ертеде бір бай болыпты», «ертеде бір ханым болыпты», «ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп бастайды. Немесе «ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеді» деген сияқты көп ертектерге ортақ ерекше өлең бастауымен келеді.
Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар. Қандай ертегіні алсақта,ол белгілі бір сюжетке құралады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табуымен аяқталады.


Слайд-презентация


Тәрбиеші: - Балалар, біздің төрімізде кімдер отыр? Дұрыс айтасыздар, әже – бұл даналықтың, мейірімділіктің, тәрбие мен білімнің символы. Әжелерге қандай теңеу теңесекте жарасады. Бірақ, бізде бүгін қонақтағы әжелерімізді өмір кітабы деген теңеуге теңер едім. Себебі, әжелеріміздің бізге айтары бар екен.


Әжелер балаларға ертегі туралы түсінік және ертегілерін айтып береді.


Тәрбиеші: - Әжеміз жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен отыр екен. Әжеге жүнді түтіліп, жібектей болуына көмектесеміз бе?


Ырғақты-қимылды би: «Күй күмбірі»


Ойын: «Бұл қай ертегі?» (Кітапханашының ұйымдастыруымен)

Шарты: Суреттер бойынша ертегі кейіпкерлерін тақтаға рет-ретімен орналастырып, қай ертегі екенін табу.


Ертегі қойылым: «Сәулетті үйшік»

Автор: Ерте, ерте, ертеде орманда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді.
Тышқан: Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Автор: Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп,  осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын.
Тышқан:-Кел, бірге тұрайық.
Автор: - Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: -Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян: -Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі: -Кел, бірге тұрайық.
Автор: -  Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге  өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені  қағады.
Түлкі: - Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: -Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?
Түлкі: -Мен қу түлкімін.
Үшеуі: - Кел, бірге  тұрайық.
Автор: - Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған даусымен: 
Қасқыр: Бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: -Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: -Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: - Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
Қасқыр: -Мен сұр қасқырмын!
Бәрі: - Кел, бірге тұрайық.
Автор: -Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді.  Әйтседе кіп-кішкентай үйшікке бесеуіде  сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол  үйшікке жақын келіп, бар даусымен:
Аю: Сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?!
Тышқан: -Мен тықырлауық  тышқанмын!
Бақа: -Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: -Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: -Мен қу түлкімін!
Қасқыр: -Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю:  - Мен қорбаңбай аюмын!   
Бәрі: -Кел, бірге тұрайық.
Автор: - Аю ары-бері тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
Аю:-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Бәрі: - Жоқ, қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Аю: -Қорықпаңдар түкте болмайды.
Автор: Аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта, барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп ,  жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жаңа үйшік тұрғызып алады.


Хор: «Әжем айтқан ертегі»


Қорытынды


































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.05.2025
192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12