жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әжіміңнен айналдым, асыл Анам!
Әжіміңнен айналдым, асыл Анам! (эссе)
Ана... Бұл шағын ғана сөздің төркінінде ұшы-қиыры жоқ махаббат пен тұңғиықтай терең тылсым сүйіспеншілік сезімі жатқаны анық. Ана әрбір адам баласының ет жүрегін елжіретіп, жан дүниесін тебірентетін ерекше жан. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін. Ана- өмірімізге сән беретін, қара түнекке жарқырап сәуле шашатын күн нұры іспеттес мейірімді жан.
Кез- келген Ана түн ұйқысын төрт бөліп, сәбиіне арнап бесік жырын жырлап, баласының бойына ақ сүтімен бар жақсы қасиеттерді дарытуды, санасына сендіруді шын жүректен арман етеді.
Ақ сүтінен жаралған, ақ сүтінен нәр алған
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп, туған жердің үні деп
Анаға бас иеміз!-деген керемет өлең жандарын сөзге тиек етіп, әлемдегі барша Аналардың батыр екенін ойға салам. Себебі, Ана өзінің бауыр еті баласы үшін кез келген қиындыққа да, азапқа да төзуге дайын. Бұл Ана жүрегінің дархан екенін, пейілінің кең екенін айқындайды. Менің ойымша, Ана-әлемдегі бар мейірімділікті, ізгілікті, пәктікті бойына жинаған жан, оның жомарттығы мен кешірімділігінде шек жоқ.
Ана әрдайым саған сенім артады, еш уақытта күдерін, үмітін үзбейді, қандай қателікке бой алдырсаң да кешірім жасайды, сенен бар әлем, дүние теріс айналса да, сені жалғыз тастамайды. Себебі, Ана мен бала арасында көзге көрінбейтін, бір медетте берік те нәзік болатын тылсым байланыс бар. Қанша жерден мақтап, мадақтасақ та асқақ Анаға теңеу жетпейді.
Қол бастаған батыр да, ел басқарған хан да, дуалы ауыз шешен де, қара қылды қақ жарған әділ би мен асыл сөзді ақын да – бір Анадан туады. Ұлылардың ұлысы да Ананың алдында әрдайым бала болып қалмақ. Адам бойындағы жақсы қасиеттер күннің нұрынан, Ананың ақ сүтінен жаралған. Ананы шығармасына арқау етпеген, жырына қоспаған, талмаған ақын-жазушы жоғы хақ. Бәрі де осы жарық дүниені көргені үшін анаға қарыздар.
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды, - демекші, Ана зор құрметке лайық асылжан. Ол сені сәби кезінде қалай жылы құшағына саялатып, аялы алақанында бар мейірім-шапағатын төгіп өсірсе, сен де солай Анаңның жасы келгенде жанынан табылып, оның тірегі болып, барынша құрметтеу керек.
Ана-дана, Ана-дара... Менің анама айтар алғысым шексіз. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай сәби күнімнен мәпелеп өсірген Анам мен үшін үлгі тұтар Ұлы адам. Біз үшін аянбай еңбек етіп, тағдырдың соқпақтары салған шекеңдегі тарамдалған әжімдерің мен үшін еңбек пен адалдықтың символындай. . Сол бір орамалы желбіреген жүзі мейірімге толы, асыл адамға деген махаббатым мен сүйіспеншілігімнің ұшы-қиыры жоқ. Мен анама алдымен, мені жарық дүниеге әкелгені үшін, маған мына тылсым өмірдің қызықтарын көруге зор мүмкіндік сыйлағаны үшін, өнегелі тәлім-тәрбие беріп, бойыма жақсы әрі ізгі қасиеттерді дарытқаны үшін, қатарымның алды қылғаны үшін, менің арман-тілегімнің орындалуына, мақсатымның жүзеге асуына алғашқы қадам жасауыма зор ықпал көрсеткеніңді, қиын-қыстау сәтте және қуанышым қойныма симай бақытты болған күндерімде сізді есіме алып, барлық жақсылық үшін рахмет айтамын!
Пайғамбарымыз: «Анаңды үш рет Меккеге жаяу апарсаң да, оның алдындағы қарызыңды өтей алмайсың»,-деген. Сондықтан да, Ананы сыйлауды, жақсы көруді, құрметтеуді, аялауды, қуантуды үздіксіз жалағастыру керек. Алғысты алдымен анаңа, сосын барып әкеңе айт дейді. Бұл пікірден ананың кез-келген адам өмірінде бөлек екенін айрықша орынға ие екенін ұйғарамыз. Анамың орны мәңгілік жүрегімнің төрінде!Оның жүзіндегі әжімдер әлемдегі ең сұлу адам осы дейтіндей... Әжіміңнен айналдым асыл, Анам!...
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген