Материалдар / Әке - асқар тау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әке - асқар тау

Материал туралы қысқаша түсінік
«Әке- асқар тау» Мақсаты: 1. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау жасай алуға тәрбиелеу; 2. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкелерді қосымша білім беру ұйымымен тығыз байланыста болуға шақыру; 3. Оқушылардың әкеге деген бала махаббатын ояту,ата-ана қадірін түсіне білуге баулу, отбасы құндылықтарын насихаттау Көрнекілігі: әке туралы нақыл сөздер, шарлар, тренингтер, тақырыпқа сай әндер мен билер т.б. Сабақ түрі: аралас. Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2024
144
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Әке- асқар тау»

Мақсаты:

1. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балаларын басқа да қырларынан тани отырып болашақта неге икемдеу керек екенін бақылау жасай алуға тәрбиелеу;

2. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екенін ұғындыру, әкелерді қосымша білім беру ұйымымен тығыз байланыста болуға шақыру;

3. Оқушылардың әкеге деген бала махаббатын ояту,ата-ана қадірін

түсіне білуге баулу, отбасы құндылықтарын насихаттау

Көрнекілігі: әке туралы нақыл сөздер, шарлар, тренингтер, тақырыпқа сай әндер мен билер т.б.

Сабақ түрі: аралас.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Үйірме жетекшісі: - Армысыздар құрметті ата-аналар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен бірлесе отырып «Әке - асқар тау» атты тәрбие сағатымызды өткізбекшіміз.Ата-ана баласының қашанда жақсы адам, білімді маман, бір сөзбен айтқанда, өмірден өз орындарын тапқанын қалайды. Осы мақсаттан шығу үшін ата-аналарың барлық өмірін, балалар, сендерге арнайды. Олай болса әр бала ата-ананың еңбегін бағалай білуі тиіс. Сендер деп түн ұйқысын төрт бөлген аналарың, жанын салып аянбай табанынан таусылып еңбек етіп жүрген әкелеріңді құрметтеу әр баланың өмірлік ұстанымы болуы тиіс. Мына жауқазындай өсіп келе жатырған қыздарым мен ер жетіп келе жатқан ұлдарым! Сендер келешек ата-аналарыңның орнын басатын тәуелсіз елдің азаматтарысыңдар!

Олай болса ел болашағы, сендердің қолдарыңда. Сендердің әрбір табысың, жақсылығың, білімді, саналы болуың-ата-ана үшін биік мәртебе, үлкен қуаныш.

Ендеше, біз бүгін ардақты да асыл әкелерімізді, қазына қария- аталарымызды дәріптейміз, бүгінгі кешімізді өздеріңізге арнаймыз.

1-оқушы: Осынау іс-шараға, келіпсіздер жиылып.

Сәлем бердік сіздерге, біз де міне иіліп.

2-оқушы: Ұлың өсіп келеді, ата-ананың үміті.

Тәрбиелеп келесіз, ел қорғайтын жігітті!

3-оқушы: Қыз бой жетіп келеді, шуақ шашып әр үйге.

Гүлдей жайнап өссінші, сыйлы болып бәріне!

4-оқушы: Ата-ананың жүрегі, «бала» деп қана соғады.

Баласы жақсы адамның, басына бақыт қонады.

Әке, әке, әке! Осы бір үш әріп мейірімді, әрі естір құлаққа жағымды.Әке әрқашан мейірімді, сабырлы. Алақанымен аялап, әрқашан шуағын шашып күлімдеп, жаман қылық жасасаң ақырын ғана ақыл айтатын-осы әке. Бала

қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке-асқар тау» деп бекер айтылмаған.

5-оқушы: Жыр арнап, ой қозғадық кең көлемде, балаларың бейім ғой әр өнерге.

Бас иіп ата-анаға алғыс айтып, қосамыз біз сіздерді енді өлеңге.

ӘбділдаТәжібаев «Әке». Оқитындар: «Жас тілші» үйірмесінің мүшелері.

Әкем біреу, анам да біреу менің, мен жығылсам сүйенер тіреулерім.

Олар барда мереке, көрген емен, қабақтарын шытқанын,түнергенін.

Менің досым әкесін жек көреді,

«Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді.

Жамандайды сыртынан, тістенеді,

бір-біріне бітпейді өкпелері.

Дос тапса адамдар, таппаса да,

әке-жалғыз, табылмас ақшаға да.

Жамандасаң әкеңді саған әкеп,

жақсы әкесін бере ме басқа бала?!

Әке-білек, саусағы балалары,

қан тамырмен жалғасқан аралары.

Ана-тамыр, бойымен бәріне де,

тіршіліктің жылуы таралады.\


Хор: «Әке туралы жыр».(Әкелермен бірге қосылып айту)

ІІ- бөлім. Кеш қонақтарын ортаға шақырамыз. Әкелер, аталарды таныстыру. Келесі кезекті әкелер мен балалардың тапқырлығын байқау үшін сұрақтарға береміз береміз. Доп лақтыру.

Мақал- мәтелдер, жұмбақтар, салт-дәстүрлер туралы сұрақтарға жауап беру.


6-оқушы: Нағыз әке ақылгөй де асқар жан. Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Ал, әкелер өздеріңе арналған, Бүгінгі кеш, қуаныш пен мереке.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын, болсын солай әрбір күнің, әр айың.

7-оқушы: Сәулелі сөз сөне ме, орны бөлек батаның.

Бізге тәлім, өнеге-ақ тілеуі әкенің.

8-оқушы: Әр сөзінің ақырын, жақсылыққа тірейді.

Қадап айтып ақылын, көпке бақыт тілейді.

9-оқушы: Атамның ән-күйі ғажайып, әжемнің әлдиі ғажайып.

Анамның мейірімі ғажайып, әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып, қалмасын ешқашан азайып.

1-оқушы: Рамазан Абдрахманов. Құрманғазы күйі «Адайды» орындайды.

ІІІ бөлім. «Балаңыз туралы не білесіз?» ойын

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Доп беру арқылы ата-ана қойылған сұрақтарға ойланбастан жауап береді.

1.Балаңыздың ең жақын досы кім?

2.Балаңыздың сүйікті асы қандай?

3.Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады.

4.Балаңыздың тәрбиешісі кім?

5.Балаңыз қай мектеп оқиды?

6.Балаңызға бір күнде қанша уақыт бөлесіз?

7.Балаңыз кімді үлгі тұтады?

8.Балаңыздың аяқ киім өлшемі қанша?

ІҮ бөлім. Көрініс. Ертеде бір қария қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:

-Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:

- Балам, анау не?-деп сұрапты.

- Ол түйе,-деп жауап беріпті.Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Баласы әлгі жауабын тағы қайталапты. Әкесі үшінші рет сұрағанда баласы:

-Ол түйе, түйе! Өзім шаршап келе жатқанда қайта-қайта неге сұрай бересің?-деп ренжіпті. Сонда әкесі:

-Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір»,-деген екен.

Ү бөлім. Әке, аталар туралы балалар шығармаларын оқиды.

3-оқушы:Аңсаймын жылы сөзіңді, ақылшым болған кезіңді.

Есімде әке сақтаймын,асқар биік өзіңді.

4-оқушы: Арманым едің аңсаған, әкелсем бақыт мен саған.

Ұрпағың болып жалғадым, қуаншы, әке, сен маған.

5-оқушы: Теңіздей шалқып жүремін, сүйенер сенсің тірегім.

Барсам да қайда жан әке, ұзақ болсын ғұмырың.

6-оқушы: Көкке өрмелеп көңілің, нұрға толсын өмірің.

Бақытты бол, жан әке, ұзақ болсын ғұмырың.

2-жүргізуші: Би. «Томирис – рухты қыз» биі. Жаным Жанғали орындайды.

Мұғалім: -Қадірлі ата-аналар, отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болып,балаға бірдей талап қойса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Ата-аналарға жадынама үлестіру.

1.Баланы кемсітпеңіз.

2.Әдепке үйрете адамсынбаңыз

3.Барлық жағынан оған беделді болыңыз.

4.Баланы әрқашан мұқият тыңдаңыз.

5.Онымен араласуда оның бойында жағымсыздық пен жек көрушілікті тудыратын сөздерден аулақ болыңыз.

6.Уәделерді қорқытумен алмаңыз.

7.Бетінен қақпаңыз.

8.Балаға тұлға ретінде қараңыз

9.Қатал және мейірімді бола біліңіз,

себебі, «Әкенің қаталдығы-тамаша дәрі: онда ащыдан гөрі тәттісі көбірек »

Әкелерге өсиет» жадына масы. Еркін пікір,алған әсерлермен бөлісіп ,өз ойларын ортаға салады.

Әкімшілікке сөз кезегін беру.

Әкелер тілегін тыңдау. Ата бата береді.

Қорытынды. Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезеді. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы-осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше, бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деген тілекпен бүгінгі шарамызды аяқтаймыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!