"Әке - шаңырақтың тірегі" тақырыбында эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әке - шаңырақтың тірегі" тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
"Әке - шаңырақтың тірегі" тақырыбында эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы


Әке – шаңырақтың тірегі


Әр перзенттің жүрегінде ана мен әкенің алатын орны ерекше. Себебі, әкенің берер тәлім-тәрбиесі, ананың аялы алақаны, сүйіспеншілігі, жылулығы перзенттің өмірдегі бар баұыты. Баланың жарық дүниегедегі ең жақын адамдары да осы кісілер. «Әке» деген сөздің өзінде қаншама жылулық жатыр. Әке – ол қамқоршы, қорғаушы, отбасының тірегі, барлық ауыртпалықты көтеріп, шаңырағының биік болуы үшін аянбай тер төгетін асқар тау. Әкені өнегесін, тәрбиесін көріп өскен баланың болашағы жарқын болады деп есептеймін. Өйткені, әкенің орнын ешкім баса алмайды.

Әкенің баласына деген ерекше мейірімін сөзбен жеткізе алмайсың. Ұл баланың бәйтерегі, қыз баланың қамқоршысы – әке. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаса керек. Себебі әке бала үшін, әсіресе ер бала үшін ең жақын дос, сырлас, әрі үлгі тұтар азамат. Ұл баланың басты тәрбие берушісі, басты тірегі - ол әке. Ұлының мықты, батыл, қайсар, ақылды, болашаққа деген мақсаты айқын, ер мінезді болып өсуінде әкенің тәрбиесі маңызды рөл атқарады. Ал әкенің қызына деген махаббаты мүлде бөлек, ерекше болып келеді. Қыз баласын барлығынан жоғары қойып, әлпештеп, аялап өсіреді. Қызын гүлге балап, құлпырып, жайнап жүруіне әкесі бар үлесін, жылулығын қосады. Перзентінің өмірде еш нәрседен қиналмай, бақытты болуына әке өмірінің соңына дейін жауапты болып, Әрдайым баласының қорғаушысы, қолдаушысы болып жүреді. Сол себепті әкенің қадірін уақытында білу керек, Әкені сыйлап, үлгі тұтып, әрдайым биікке қойып, құрмет тұту әр баланың борышы.

Әкенің әр айтқан сөзі, іс-әрекеті бала үшін үлкен үлгі-өнеге. Баланың жастайынан адамгершілігі мол, жақсы азамат болып өсуіне әке жауапты. Себебі, әкенің жүрген ізін жалғастырушы бала болғандықтан, алдыңғы жол әрдайым дұрыс, мықты болуы керек деп санаймын. Ана - әке мен бала арасындағы көпір. Ананың әкеге деген құрметі, ыстық ықыласы, отбасының тірегі болып жүрген азаматты сыйлауы үлкен бақыт деп ойлаймын. Анашымыздың әкенің сөздерін, қалауын сөзсіз түсініп, балаларының әкелерін сыйлауына, құрметтеуіне себепші болары анық.

«Әке – асқар тау, ана бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Өйткені, отбасында әке – шаңырақтың тірегі болса, ана – отбасының ұйытқысы, бала - сол отбасының қуанышы, жемісі. Әке мен ана осы отбасының тамыры терең болып, мықты болуына жауапты.

Қорытындылай келе, әке – шаңырақтың тірегі екенін есімізден шығармай, берер үлгі-өнегесін бойымызға сіңіріп, жақсы азамат болып қалыптасуымыз керек. Әкенің арманын, үмітін ақтау біздің парызымыз.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2023
2057
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі