Джанасова Саина
Жанболатовна
«Әке, Ана және
мен спортшымыз шетінен»
отбасылық-спорттық сайыс
Мақсаты:
Білімділігі: Бала мен ата-аналарға
спорттық ойындарды орындата отырып
спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Балаларды және ата - аналарды сұлу да
сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу
үшін денені шынықтыру, оларға спортпен
айналысудың қажет екендігін түсіндіру.
Дамытушылығы: Салауатты өмір
салтын қалыптастыру, ата - анамен бала
арасында спорт мәдениетін кең тарату.
Тәрбиелілігі: Салауатты өмір
сүруге тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын
Көрнекілігі: Түрлі - түсті шарлар,
кедергілер, шығыршық, доға, ысқырық,
уақыт өлшеуіш.
Отбасылық-спорттық сайыстың барысы:
Жүргізуші: Тәлімді тәрбие отбасынан
бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың
негізгі іргетасы болып есептелінеді.
Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір
салтын қалыптастыруда әке мен ананың
рөлі орасан зор.
Құрметті ата – аналар, балақайлар!
Біздің болашақ балаларымыз арыстандай
айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен
ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға
үлкен сенім артамыз. Салауатты өмір
сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз
бүгін «Әке, Ана және мен» отбасылық
спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз.
Адам баласының спортпен шұғылдануы
басты міндеттерінің бірі болу керек.
Олай болса, бүгінгі «Әке, Ана және мен
спортшымыз шетінен» отбасылық-спорттық
сайысына қош келдіңіздер! Осы сайысқа
4топ қатысады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1 - топ. "Біз біргеміз" тобын ортаға
шақырамыз.
Топтың ұраны:
2 -
топ. "Жалын" тобын ортаға
шақырамыз.
Топтың ұраны:
3 - топ. " " тобын ортаға шақырамыз.
Топтың
ұраны:
4 - топ. " " тобын ортаға
шақырамыз.
Топтың ұраны:
Жүргізуші:
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға
әділ баға беретін әділқазылар алқасымен
таныстырайық.
1.
2.
3. Ата - аналар комитетінің төрайымы –
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен
бағаланады.
Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз
бағаларын береді.
Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 9 кезеңнен
тұрады:
1- кезең Таныстыру
2- кезең:
«Көңілді шар»
Шарты: Берілген тапсырма
бойынша белгіленген межеге ортада
құрылған кедергілер арасымен шарды
ұстап өтіп жүгіріп барып келуі керек.
Ойын кезінде кедергілерді құлатпау,
тапсырманы толық орындау шарт.
3-кезең«Отбасынды
бейнелеу»
сайысы
Шарты:
бала кедергілерден жүгіріп өтіп, қағазды
ұстап тұрады. Сосын анасы жүгіріп барып,
Отбасына байланысты сурет бастайды,
қайтқанда жүгіріп қайтады, әкесі суретті
аяқтайды да, орнына жүгіріп бару керек.
Нәтижесі: уақытқа
үлгеру, суретті аяқтау, бірінші келген
топ жеңімпаз.
4 - кезең: «Тасымақ»
Шарты: Бұл ойында
ата-аналар балаларын ұстап алып жүгіреді.
Белгі бойынша ойынды бастап белгіленген
межеге ортада құрылған фишкалардың
арасымен өтіп жүріп барып келуі керек.
Ойын кезінде кедергілерді құлатпау,
тапсырманы толық орындау шарт.
5 -
кезең: «Капитандар сайысы»
Шарты:
Аяққа байланған шарды жару.
6 - кезең:
«Кім көп секіреді?»
Шарты: Обручтардан,
кедергілерден өту.
7- кезең: «Кенгуру»
Шарты: Қапты аяққа киіп кедергілер
арасымен секіріп өту
8-кезең: «Ақшақар»
Шарты: Белгіленген жерге жүгіріп шардан
Ақшақар жасау
9-кезең «Отбасылық эстафета»
Шарты: Обручтың ішіне кіріп кедергілер
арасымен өту
Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол –
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады,
- Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы
ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз
күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан
екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің
әділқазыларымыз барша турдың қорытынды
бағасын есептеп шығарғанша,
Таңданайық, спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! —
дей келе, сайысымыздың аяқталар
сәтіне де келіп жеттік. Олай болса,
бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау
үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
Бас жүлде-
І орын –
ІІ орын –
ІІІ орын -
Әділқазылар алқасы қорытындысын
жариялап, жеңімпаздарды атайды.
Отбасыларды дипломдармен марапаттап,
демеушілер сыйлықтар табыстайды.
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып,
отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін
әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!
Сау болыңыздар!
КМҚК «Балдырған»
ясли-бақшасы
Отбасылық-спорттық
сайыс
«Әке, Ана және
мен спортшымыз шетінен!»
Дене тәрбиесі
нұсқаушысы: Калиоллаев
А Е
Ақсуат 2019 ж