Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Әке арманы Мұхтар Әуезов

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: «Әке арманы» М. Әуезов

Сабақтың мақсаты: Тақырыптың жанрлық ерекшелігін, әдеби – танымдық сипатын меңгерту. Гигиеналық талапты қадағалау.

Білімділік:  Педагог, жазушы Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы туралы мәлімет беру, әңгіменің тақырыбын, идеясын ашу.

Тәрбиелік: Салт - дәстүрді құрметтеуге, елін-жерін қорғау бағытында тәрбие үлгісін көрсету. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру, ортасын құру.

Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, таным белсенділіктерін жетілдіру. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Ой-пікірін білдіруге үйрету.

Күтілетін нәтижелер:

А. М. Әуезовтың әңгімесінің мазмұнын түсінеді,өмірмен байланыстыра алады.

В. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болады, сыпайы сөйлеп, жақсы қасиеттерді ажырата алады.

С. Адамның жақсы қасиеттері туралы ой тұжырымдайды.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: автордың портреті, суреттер, сызба, мақал-мәтелдер

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, пікір айтқызу, көрнекілік, БИС технологиясы



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа тақырыпты меңгерту

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Үй тапсырмасын беру

VI. Бағалау

VII. Қорытынды

Сабақтың мазмұны:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу

- Сәлеметсіңдер ме,балалар?!

2. Түгендеу.

- Сабақта түгелміз бе?

3. Психологиялық дайындық.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау:

- Балалар,сендерге үй тапсырмасына не берілді?

- Қанеки,кім дайын?

III.Жаңа тақырыпты меңгерту:

1) Жаңа тақырыппен таныстыру

- Балалар, кітап-дәптерлерімізді және барлық керекті оқу құралдарын парта үстіне алып қойыңдар.

Мәтінді қабылдауға дайындық:

- Балалар, көп нүктенің орнына қажетті дыбыстарды қойып, сөздерді дұрыс оқыңдар.

... і ... і м (білім)

... ы ... ы м (ғылым)

Берілген мақал-мәтелдердің ғылымға қатыстыны бір топқа, білімге қатыстының бір топқа топтастырып жазамыз.

Ғылым: Оқу инемен құдық қазғандай.

Білім: Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

Оқу –білім бұлағы,білім-өмір шырағы.

- Балалар, сендер нені армандайсыңдар? Ал сендердің әкелеріңнің арманы қандай деп ойлайсындар?

- Дұрыс. Әрбір әкенің арманы баласының оқып, білім алып, белгілі бір мамандық иесінің болуы. Халқына, еліне пайдасын тигізсе деп армандайды. Ендеше бүгін біз Мұхтар Әуезовтың «Әке арманы» атты әңгімесімен танысамыз. Балалар, біз бұған дейін Мұхтар Әуезовтың бірнеше әңгімелерін өткенбіз. Қандай шығармаларын білесіңдер?

Автор туралы мәлімет

Мұхтар Омарханұлы Әуезов Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы Бөрілі деген жерде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте дүниеге келген. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Атақты «Абай жолы» роман – эпопеясын жазған.

2) Мәтінмен жұмыс:

- әңгімені мәнерлеп оқу;

- оқушылардың оқуы (тізбектей,дауыстап,мәнерлеп оқу);

- тілдік-көркемдік ерекшелігіне талдау жасау-сөздік жұмысы;

- сұрақ-тапсырмалармен жұмыс;

Әке арманы

Абай Әбішті ертіп өз ауылына қайтты. атқа мінбей, екеуі ғана боп, ақырын жаяу басып, әңгімелесіп келеді.

- Сен дұрыс сөз айттың, Әбіш! Жоқ-жітік туралы айтқандарыңның бәрі де өнімді, өрелі сөз ... Бірақ сенен тағы бір сөз сұрайын. Ал сен қараңғы кедей жұртыңның ең алғашқы емшісі екенсің. Сенің сол қалың көпке, халқыңа арнаған ойың, жәрдемің бар ма? – деп, Абай баласына барлай қарады.

- Мен әлі оқуды тауысқам жоқ қой, - деп, Әбіш әуелі өз ойларын жия алмай қалды. Ойында жүрген байлауын да әзірше суырып сала алмады. Абай шапшаң жауап қатып, өз сөзін аяқтай түсті.

- Рас, тауысқан жоқсың. Бірақ тауысуға жақынсың. Оқуды тауысқанда халық туралы, оның бүгінгі ауыртпалығы туалы, болашақ тағдыры туралы ойладың ба? Осыны айтшы!

- Оның жауабы, аға, оқу бітіреміз де, қызмет етеміз! Елге сол қызмет бабында пайдалы боламыз.

- Қызмет бабы жандаралдың, ояздың, соттың алды ма? Ондайларды көріп те жүрміз ғой. Жаңа жол тауып, соны халқыңа сілтеп іс ету қайда?!. Мен соны тосқан әкенің, ағаның бірі едім, - деп, Абай бұл әңгімеге қанағаттана алмай, үндемей қалды.

Әбіштің есіне бір жаңа нәрсе түсіп еді.

- Қазіргі оқығаннан сіз ойлаған адамды таппадым. Бірақ осындай көрнекті өріске қадам басқан бір-екі кісі қазақ оқығандарында болған екен. Естімесеңіз, соларды айтайын.

- Олар кім?

- Бұлардың бірі – осыдан жиырма бес жылдай бұрын, жастай қайтыс болған Шоқан Уәлиханов деседі. Екіншісі – Орынбор маңынан шыққан Ыбырай Алтынсарин! – деді.

Абай Алтынсарин атын естіген екен, Шоқанды білмеді.

Әбіш солар жайын бірталай таратып, жақсы пейілмен айтып шықты. Шоқан турасында Сібірдің көп ірі адамынан қатты мақтаған сөз естігенін айтты.

- Жалғыз-ақ, кітабына, қалдырған жазуларына кездеспедім. Өзі қазақ халқын ойлауда көп ірі сөздер сөйлеп, жазып өткен кісі деп, оны білдіргендердің бәрі айтады, – деді.

Абай да, Әбіш те ол адамның әрі жастай кетіп, әрі жазғаны жоғалғанын өкініш етті.

– Ал Алтынсарин мектеп ашқан. Өз білімін қазақ жасын оқытуға жұмсаған. Көп жерде мектеп салдырып, артына шәкірт қалдырған. Және кітап та, өлең де жазған. Халық үшін іс те, өсиет те қалдырған, анық жемісті еңбекке берілген сол адам екен! – деді Әбіш.

Абай Алтынсаринді есіне алды. Бірақ кітабын әлі қолына түсіре алмапты. Әбішке Алтынсариннің бар кітабын тауып жіберуді тапсырды.

Сөз аяғында Әбішке:

- Ал осы Алтынсариндей еңбек етсе, олқы бола ма? Бір үлгі осы болмас па еді? Бұған не айтар едің? – деді.

- Әрине, бұл – үлкен үлгі. Мен оқу бітірген соң, тура осы елге келіп, мектеп салдырып, сонда осы ауылдың бар баласын оқытуға кіріссем деп жүрмін. Әнеугүні Дәркембай: «Білген біліміңді қойыныңа сап, алып кетпе. Еліңе жарық әкел. Артыңда жеткіншегің, өренің бар. Соларды өзіңдей білімге жетеле», - деді. Сонысы бір Дәркембай сөзі емес, халық тілегі сияқты. Бүгіннің де, келешектің де менен тілейтін қарызы есепті. Осыған дәл биыл нық бекіп жүрмін. Бұған не дер едіңіз? – деп, Әбіш сөзін бітірді. Аба баласына тез жауап қатты:

- Бұған менің алғыстан басқа айтарым бар ма, Әбішім! Міне, сен өрісіңді тауып, жолыңды аштың. Енді қалған оқу да, одан арғы талап та осы ниетіңе жетектесін. Сен еліңе келіп, жалшылардың балаларына өнерлі, қайратты азамат етіп өсіріп шығарсаң, өз басың түгіл, менің де халық алдындағы көп қарызымды өтемес пе ең? Осы елдің жас буынына сен ұстаз боп, ақыл айтып отырсаң, мен арманы бар әке болам ба? – деп, үні өзгеріп барып тоқтады.



- Балалар, әңгімедегі Абай дегеніміз кім? Дұрыс айтасыңдар. Ол ұлы ақын Абай Құнанбаев. Ол кісінің өлеңдерін де жаттағанбыз. Абай Құнанбаев туралы мағлұматымыз бар. Ал Абайдың баласы Әбіш туралы не білеміз?

Әбіш (Әбдірахман) Өскенбаев Абайұлы 1868 жылы дүниеге келді. 1882 жылы Семей қаласындағы үздік мектепке барады. 1886 – 1889 жылдары Түмен қаласындағы Александров реалдық училищесінің 5, 6, 7 – кластарын оқып бітіреді. 1889 – 1892 жылдары Санкт - Петербургте Михайлов атындағы артиллерияда 3 жыл оқып білім алады. 1892 жылы Ташкенттегі бекініс гарнизонының артиллериясына қызметке жіберіледі. Өкінішке орай 1895 жылы 15 қараша Әбдірахман дүние салады.

- Абай балаларының біліміне үлкен мән берді. Олардың көзқарасын да ұдайы сынап отырды. - Демек Әбіш қандай адам болған?

- Ойлы, ақылды.

Сұрақ-жауап (БИС технологиясы):

- Әңгіме не туралы?

- Әке Абайдың арманы қандай екен?

- Өнерлі, қайратты азамат деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?

- Әңгімеде қай қазақ ғұламаларының аты кездеседі?

- Әбіштің мақсаты қандай?

- Әбіштің бұл шешіміне кімнің сөзі себеп болды?

- Білімге жетелеу деген сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.

- Әбіштің шешіміне Абай қалай қарады?

- Жәрдем сөзінің синонимдерін тап.

- Абай Әбішке қандай жұмыс тапсырды?

IV. Жаңа сабақты бекіту

Мәтінге сүйеніп, тақтадағы сызбаны толтырыңдар.

Абайдың сөзі:

Бұған менің алғыстан басқа айтарым бар ма, Әбішім! Міне, сен өрісіңді тауып, жолыңды аштың. Енді қалған оқу да, одан арғы талап та осы ниетіңе жетектесін. Сен еліңе келіп, жалшылардың балаларына өнерлі, қайратты азамат етіп өсіріп шығарсаң, өз басың түгіл, менің де халық алдындағы көп қарызымды өтемес пе ең?

Абайдың арманы:

Әбіштің жалшылардың балаларына өнерлі, қайратты азамат етіп өсіріп шығаруы

Әбіштің мақсаты:

Ауылға келіп, мектеп салдырып, балаларды оқыту


Әбіштің сөзі:

Әрине, бұл – үлкен үлгі. Мен оқу бітірген соң, тура осы елге келіп, мектеп салдырып, сонда осы ауылдың бар баласын оқытуға кіріссем деп жүрмін. Бүгіннің де, келешектің де менен тілейтін қарызы есепті. Осыған дәл биыл нық бекіп жүрмін. Бұған не дер едіңіз?



V. Үй тапсырмасын беру

«Әке арманы» әңгімесін мазмұндау.

VI. Бағалау

- Балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатысып отырсыңдар. Сұрақтарға дұрыс жауап беріп, белсенділік танытып отырған балаларға – 5, ал қалғандарына – 4 деген баға.

Рефлексия

- Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер? Не үйренгілерің келеді?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
1332
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12