400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әке болу үлкен жауапкершілік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әке форумы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Форумның мақсаты: Тәуелсіз еліміздің стратегиялық дамуын қамтамасыз етуде отбасы құндылығын дәріптеу, әкелер мәртебесін көтеру арқылы саналы, рухы жоғары, бәсекеге қабілетті, білімпаз ұрпақ тәрбиелеу.

Форумның міндеті: Бүгінгі қоғамда өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі әкелер жауапкершілігі мен белсенділігін көтеру. Тәрбиеде отбасылардың үлгі-өнегесін, әкеге деген құрмет сезімін арттыру.

Әке болу- үлкен жауапкершілік пен құрметке лайық еңбек

Құттықтау сөз мектеп директоры Балтабек Дүкенбайұлына беріледі

І бөлім "Әкелерге арнау"

1. Айерке:

Әкем менің асқар тауым тірегім

Бәрінен де сен қымбатсың білемін

Қанат қағып ектсем алыс қияға

Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.

Қамқорсың әке өмірде,

Қуатым сенсің көңілге

Әлпештеп мені өсірдің

Ұшармын ертең көгіңде.

2. Ерік:

Ыстық - ау кім-кімге де әке деген

Суықа шалынырмай, мәпелеген

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Бойға қуат береді

Әй жарайсың дегені

Мен әкемнен әр кезеде

Соны естігім келеді.

3. Еркеназ:

Асқар таудай, әкем бар мына менің

Әкешім деп мақтанатын бала менмін

Әке өзі қасиетті болса егер

Неге оныойламасқа қалың елім

Әке үш әріптен құралғаның

Бір ғана сөз жер шарына таралғаның

Қай қазақ дәлелдейді айтшы қане

Әке орнын баса алмас ешбір нәрсе

4. Едіге:

Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,

Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

Қабыл алғын бала - жүрек тілегін.

5. Аружан:

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Ал, әкелер, өздеріңе арналған

Бүгінгі той, қуаныш пен мереке.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, әкелер,

Балалардың төге берсін мерейін.



6.Ақбота:

Ойлайды әрқашан да бала қамын,

Көремін аялаған алақанын

Әкемнен алған асыл қасиетті,

Елімнің керегіне жаратамын.

Ардақты жан өмірде әке деген

Көмегімен біздерді мәпелеген

Бақыттымыз әкем барда

Сол бастаушым биікке жетелеген


7.Арсен:

Ең тамаша сөз бұл өмірде әке деген

Суықа шалынырмай, мәпелеген

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына

Біз үшін түскен майдан ортасына

Алаңсыз сауық-сайран құрып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында.

Өмір сүрудің өнегелі формуласы

  • Отбасы тірлігіне белсенді араласу

  • Баламен сөйлесуге, тыңдауға әрқашан уақыт бөлу

  • Баланың өздігінше шешім қабылдауына көмектесу, оған қысым көрсетпеу

  • Бала өмірінің әртүрлі кезеңдеріне тән ерекшеліктерді білу.

  • Өмір тәжірибесі аз болғанмен балаға тең құқылы серіктес ретінде қарау

  • Баланың проблемаларын білуге, өміріндегі күрделі жәйттерді түсінуге тырысу

  • Балалардың көзінше нашар мінез таныту оларға жаман үлгі екенін есте ұстау

Ән: Дананың орындауында " Ана -әке "

Ауылымыздың шежірешісі Нәстілек атаға сөз кезегін береміз

Әкелерді ортаға шақыру марапаттау.

1. Бірталаев Сәндібек Тілеутайұлы. 1967 жылы Шұбартау ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. 1984 жылы “Алғабас”орта мектебін бітірді. 1984-1986 жылы “Москва” қаласында әскери борышын өтеп келді. 1987 – 1990 жылдары жүргізуші болды, құрлыста қызмет атқарған. 1995-2000 жылдары “Мерей” шаруа қожалығында жұмыс істеген. Қазір 3 баланың әкесі.

2.Бижанов Ғалымжан Бақтыұлы 1969 жылы 1 қаңтарда бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Байқошқар ауылында дүниеге келген. 1975 - 1976 жылы “Жорға” мектебінің 1 сыныбына қабылданды. Мектепті 1986 жылы аяқтап, “Семей” қаласындағы малдәрігерлік институтына қабылданды. Отан алдындағы азаматтық борышын “Ауғанстан” жерінде өтеді.

3.Нүртөлеуов Ғалымжан Мақсатбекұлы 1969 жылы18 мамыр күні туған. 1986 жылы Алғабас орта мектебін бітірген. 1987-89 жылдары Москва қаласында әскери борышын өтеген, 1990жылы жүргізушілер мектебін аяқтаған. Бүгінгі таңда мектепте жылу жүйесінде қызмет атқарады . Үш баланың әкесі.

4.Тілеубаев Есіл Әділұлы 1972 жылы 14 қаңтарда туған. Семейдегі М. Әуезов атындағы университетін 2006 жылы бітіріп “Дене шынықтыру және спорт” мамамандығын алды. Қазір 3 баланың әкесі.

5. Байғожин Айдар Болатұлы 1974 жылы қазан айының 11 күні дүниеге келген. Орта білімді. Жұмыс орны Ақбастау кен орны. Совет Армиясының қатарында болған. Қазір 3 баланың әкесі.

6. Таукенов Есентай 1975 жылы 17 қыркүйек күні Семей облысы, Шұбартау ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Алғабас орта мектебін бітірді. 1993-1996 жылдары Жаркент қаласындағы Шекара күзетінде азаматтық борышын өтеді. Семей қаласындағы заң гуманитарлық колледжінің сырттай бөлімін бітірген. 1996 жылдан бастап “Кәдіржан” шаруа қожалығында басшы. Қазір 4 баланың әкесі.


" Менің әкем осындай"Ақерке, Аяулым, Ақтоты, Іңкәр

Ақерке

Ата- сая болар бағың болса

Әке- асқар тауың, бәйтерегің

Бір күн бар жылатар күн жұбатар күн

Бір күн бар мұңайтар күн қуантар күн

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын сәтсіз болсын

Әке деген ұғымды ұмытар кім.

Әке - асқар шың, бақыттың алтын бағы.


Баланың лүпілдеген жүрегі, арқа сүйер тірегі, қорыққанда қорған болатын қорғанышы, бағыт бағдар беретін бағдаршамы, өмірдегі панасы.

Әкенің мінез құлқы, өзгелермен қарым қатынасы, өнері, білімі баланың қарап үлгі алатын нысаны.

Мен әкемді жақсы көремін және мақтан тұтамын. Әкем мақсатына жете алмай жүрген адамнан мақсатын көзден таса қылмаған адам артық деді.

Әке асқар тау, ана қайнар бұлақ, баласы жағасындағы құрақ дегендей әкедеген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші. Өмірде әкесін жақсы көрмейтінбала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек.

Аяулым. Әке асқар тау. Өмірдің мәні. Әке - деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші. Әке деген сөзді айтқанда өзіне пана болатын, қиындыққа қалдырмас, арманына қол созсаң ақ батасын беріп, ақ жол тілейтін адамнын бар екенін білесің. Әке шаңарқтың тірегі. Әкенің орны әрқашан бөлек. Әкенің қас қабағына қарап қандай сезімде тұрғанын білесің. Үйдің жанашыры. Әкенің біздің өмірімізде атқаратын рөлі зор. Баланың тәлім - тәрбиесіне әке бағдар беріп, дұрыс жолға салады. Әке қатал да, мейірімді де бола алады. Себебі әке үйдің тірегі.

Ақтоты.

Әке - сол шаңырақтың бар ауртпалығын көтеретін¸асырап бағуға да, жақсы тәлім тәрбие беруге де міндетті адам. Әке қамқорлығы дегеніміз отбасы мүшелерін әр түрлі пәле жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ Әкеге бағыну - Аллаға бағыну депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкенің үмітін ақтау әрбір перзенттің басты мақсаты. Әке ол сенің қорғаушың, тәрбие беріп, ақыл айтушың. Әкемді мақтан тұтамын. неге? Себебі әкем біз үшін деп еңбек етуде, күні түні тер төгуде. Өзін сабырлы ұстайды, мінезге бай. Әкемнің үлкен қолдары жып жылы алақанымен басымнан сипап, жылы құшағында болғандағы сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен өте бай адаммын, өйткені әкем жанымда. дүние жүзін, бүкіл әлемді шарлап іздесем де, әкемдей жанашыр жанды таппаймын. себебі ондай жан тек менде ғана бар. Сол үшін Алла тағалама мың да бір шүкір және берген мейіріміңіз үшін, қамқорлығыңыз үшін көп көп рахмет сізге әкешім.

Жазалауды немен ауыстыруға болады

ТҮСІНДІРУМЕН - Балаға іс-әрекетінің неге дұрыс болмағанын түсіндіріңіз, бірақ өте қысқа сөйлеңіз

БАЙСАЛДЫҚПЕН - Балаңызды жазалауға асықпаңыз, теріс әрекетін

қайталағанша күте тұрыңыз

НАЗАРДЫ БАСҚАҒА АУДАРУ - Баланың назарын жаман әдеттен бұрып әкететіндей ұсыныстар жасаңыз

ТӨЗІМДІЛІКПЕН -бұл ата-анада ғана болатын рақымшылық

Құттықтау сөз ақсақалдар алқасының төрағасы Серікжан атаға беріледі.

Әкелерді ортаға шақыру марапаттау.

7.Саменбетов Ернұр Насіпбеұлы 1976 жылы 7 маусында Баршатас ауылында дүниеге келді. Орта мектепті Шұбартау ауданы бұрынғы Алғабас совхозында, Қазіргі “Малкелді” ауылында бітірген. Семейдегі Қаржы Экономикалық -Финанс колледжін бітірген. 2008 жылдан осы күнге дейін Қазақмыс корпорациясында Ақбастау Құсмұрын кен орнында жұмыс істейді. Отбасылы қаріз 2 баланың әкесі.

8. Бітікбаев Ербол Разбекұлы 1976 жылы қаңтар айының 18 күні дүниеге келген. 1983-1993 жылдар аралығында 1995 -1996 жылдары “Отар” әскери полигонында әскери борышын өтеді. 2003-2006 жылдары мектепте кочегар болып жұмыс істеді. 2007-2014 жылдары әкімшілік аппараттында жүргізуші қызметін атқарды. “Алғабас” орта мектебінде білім алды. Қазір 3 баланың әкесі. 2015 жылдан бастап жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс атқарады.

9.Рымбаев Ерік Жақсыкелдіұлы 1983 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. “Береке” шаруа қожалығының иесі. Қазір 3 баланың әкесі.

10. Аблахатов Азамат Қабылмұратұлы 1985 жылы мамыр айының 7 күні дүниеге келген. Көлік және коммуникация колледжін бітірді мамандығы темір жол көлігіндегі жолаушылар мен жүкті тасымалдауді ұйымдастыру. Қазір төрт баланың әкесі: Кәусар, Сезім, Шырай, Ерназар.

11. Нұртөлеуов Нұртілек Нығыметұлы 1978 жылы қыркүйектің 29 күні дүниеге келген. 1996 жылы мектеп бітірді. Қазір 2 баланың әкесі Нұрислам, Айару.

12. Серікбаев Кенже Сағымбайұлы 1981 жылы қыркүйек айының 29 күні дүниеге келген. Білімі арнаулы орта. Қазір 2 баланың әкесі.

Гауһар мен Замираның орындауындағы "Әке " әнін қабыл алыңыздар

"Менің әкем осындай!" Мадина, Ақбота, Ернат, Назерке

Назерке

Әке бұл 3 әріптен тұратын жай ғана сөз болуы мүмкін. Бірақ бұл 3 әріптен тұратын сөздің терең мағынасы бар, яғни, қамқоршың, тәрбие беріп ақыл айтушы және әлемдегі ең жақсы адам. Әке отбасының тірегі. әкенің орны бөлек. Бала өсе келе ата - анасының қадірін, ойын, жайын түсінеді екен. Қай жерде болсаң да өзіңді мәпелеп өсірген адамды ұятқа қалдырма. "Бір бала бар атаға жете туады, бір бала бар кері кете туады" деген тұжырымға сай баланың қандай болмағына негіз қарайтын әкенің өзі. Мен әкемнің бойынан қайырымдылықты, адалдықты, мейірімділікті, еңбекқорлықты көремін. Әкемнің бойындағы осындай қасиеттерді мақтан тұтамын.

Іңкәр.

Әке. Бұл адам менің өмірімдегі орны ерекше жан. Дүние есігін ашқаннан бері көрген ең мейірімді жанның бірі. Әке - ғаламдағы кең жүрек, таусылмас ақыл, қажымас қайрат, сарқылмас сабыр иесі. Ол ешқашан өз басындағы қиындықты отбасына әкелген емес. Қандай жағдай болмасын барлығын ақылмен шешеді. Не жасасақ та тек қолдау көрсетіп ары қарай жетістікке жетуге күш береді . Әке - нағыз еңбек адамы. ол еш шаршамастан бізүшін көп тер төгіп келеді. қатарымыздан кем қылмауға бар күшін салады. Әке - ең бауырмал адам. айналасында жақын адамдардың болуын тілейді. міне, менің әкем осындай. сондай ақ мен айтқаннан басқа да қасиеттерге ие. кім не деседе , мейлі, ол мен үшін ең керемет жан және солай болып қалады. Әке, сіз менің кішкентай жүрегімнің үлкен бөлігі болы әрдайым сақталады.

Мадина

Әке - өмірдегі қымбат жан. Әкесіз өмір сүру өте қиын. Әкенің орны әрбір бала үшін бөлек қой шіркін. Әкемнің маған артқан сенімін, үмітін ақтайтын боламын. Әкелер ұлдарының болғанын калайды, бірақ қыздарын бәрінен артық жақсы көреді. Әке жүрегі таудан да үлкен. Қай жерде жүрсең де сені тәрбиелеп өсірген адамды ұятқа қалдырма. Әке аз сөйлйді, есесіне бір сөзі терең мағына береді. Сенің ауырғаныңмен анаң өзі ауырса, әкенің сен үшін жаны ауырады. Әкем - жалғыз әрі қасиетті тұмарым. Әкелер аналар сияқты өзінің ішкі сезімін, мейірімін күнде білдіре бермейді. әкем сырт көзге қатал болып көрінгенімен, жүрегінде жылулық бар. Әкемің бойындағы күш жігер батылдық қайсарлық білімділік қасиеттерін көре отырып болашаққа сеніммен қараймын. Осындай әкем барда ештеңеден қорықпаймын.

Ернат:

Отбасының сенімді тірегі, құдіреті, күші- әке. Әкенің өмірдегі барлық іс-әрекеті: еңбек жолы, білімі мен өнері, қарым-қатынасы баласы үшін тәлім- тәрбие мектебі. Әке ғана ұрпағының бойына жігерлілік пен сенімділікті, тәртіп пен реттілікті қалыптастыра алады. Әке- бала өмірінің көшбасшысы.

Менің әкем- қайырымды, мейірімді, еңбекқор әрі қамқоршы адам. Мені еңбек етуге, шаршамауға, білімді болуға тәрбиелеуде.

"Әке көрген- оқ жонар" - демекші, әкем өз әкесіне ұқсаса, ал мен өз әкеме ұқсағым келеді. Әкем сияқты көп балалаы отбасы, бір маман иесі, бизнеспен айналыссам деп армандаймын. Әкемді әрқашан мақтан тұтамын. Менің әкем осындай!



Отбасында жағымды жағдай жасау сыры

  • Күлімдеңіз. Жылы жүзіңіз басқаларға жақсы әсер береді, өзіңіз де көңілді жүресіз.

  • Өзгелердің жақсы жақтарын көбірек айтыңыз.

  • Мақтауға жомарт болыңыз, қолдауыңыз шын жүректен шықсын.

  • Жақсы тыңдаушы болыңыз. Сіз үшін оның орны жоғары екенін сездіріңіз.

  • Өзгені түсіне білу ынтымақтастықты тудырады.

Мейіржан мұғалімнің орындауындағы толғауды қабыл алыңыздар

"Жан жылуы" Бекзат, Әлібек

Соңғы кезде әке туралы көп айтылып жатыр. Әке туралы бірдеңе көре қалсам болды селк ете қаламын. Себебі, әке турал неше түрлі сөздер әдемі сөздер айтылып жатқан сөздерді оқып әкеме деген ыстық сағынышымды басамын. Аке сенің маңдайыңдағы тер, жоқ ол тер емес ол сондай бір қиыншылықтан шыққан ащы су десемде болады. Өмірдің өзі осындай тылсым келеңсіз жағдайларға толы болады.Қиналған сәтте жаның аналық мейірімнен басқа әкелік қамқорлықты да іздейді екен. Бірақ, амал қанша, ол жоқ, өте қамығамын.

Ән: Жанеркенің орындауында " Жан әке " әнін қабыл алыңыздар

Қорытынды: Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру” мақаласында : “ Өмір сүре білу үшін өзгере білу керек. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - ұлттық қорыңды сақтай білу” деп атап көрсеткендей озық дәстүрімізді негізге ала отырып намысты, білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелейік. Әр бала- әр шаңырақтың асылы, мемлекеттің қымбаттысы. Асылдарымызды ардақтап, қымбаттарымызды қадірлей білейік құрметті әкелер!


Picture 2 Picture 3

Picture 3



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі