Әке көрген оқ жонар
Әр отбасының негізі, тірегі, асқар тауы ол – әке. Әкенің орны отбысы үшін маңызды рөлге ие.Ол өз құрған отбасының асыраушысы, солардың қамқоршысы, отбасы мүшелерінің тірегі.Қазақта «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп айтылатын сөз бар. Бұл сөздің мағынасы да өте тереңде жатыр. Ерте кезден –ақ, қазақтар бұндай өнегелі істердің, сөздің мағынасын ашып көрсетіп қойған. Әкенің берген тәрбиесін ешқандай жер бере алмайды. Бұған бұрын да, қазір де көбінің көзі жеткен. Кез-келген бала, өзге біреуден, айналасындағы басқа адамдардан қарағанда өз үйінен әкесі мен анасынан тәрбие алып, солардың істегендерін қайталап, үлгі етері сөзсіз. Өз балаларымыздың отбасы қорғаны болған әкені үлгі етуі үшін әкелер де соған сай болуы керек. Олай болуымыз үшін қандай әрекет керек екенін екіжақты әкелерге тоқталып, талдап көрсетейін.
Біріншіден, ана - отбасы ұйытқысы болса, әке-отбасы тірегі . Менің білуімше, бұрындары, тіпті бергі кезге дейін әкелер өз махаббаттарын балаларына көп көрсете бермеген. Ол әкенің қаттылығы емес, әрине. Жылы сөздер айтпаса да, олар өз әрекеттерімен ақ білдіріп отырған. Баланы көп еркелетсек, оны ерке болып кетеді деп санап, сол түсінікте болған.Кейде қазіргі жаңа заман балаларына қарап, ол да рас па деп ойлайсың. Отбасы үшін ерен еңбек етіп, ауыр жұмысқа да шыдаған. Қазіргі әке рөліндегі ер азаматтар өз махаббаттарын қысылмай балаларына білдіріп отырады.Бұндай ашықтық қазіргі кез үшін жақсы дүние деп санаймын, заманға қарай адамы демекші. Әрқайсысы балалары үшін еңбек етеді, айтқанын қалт еткізбей өсіреді. Бірақ, кей әкелердің балаларын еркелеткені, оларға тұрмақ өзі де телефонға қарап отырып, бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтіні ішті аштырарлық жайт. «Тәрбие тал бесіктен» деп бекер айтылмайды. Соның кесірінен баласы тым ерке болып, әкенің де сөзін тыңдамай жатады. Бұрынғы аналарымызыдың айтатын «әкеңе айтамын», «әкең келе жатыр» деген сөздері ол үшін ештеңе болмай қалды. Қазақта шіркін, отбасы тәрбиесіне қатты көңіл бөлгендері осындайлардан ақ көрінеді.
Екіншіден, әке деген ұғымға лайық болып, балаларымызға үлгі көрсетуіміз керек. Әкесі қалай жүреді, қандай қадам жасайды, бала да солай жүреді.Қазақ қоғамында әке тәрбиесі ертеден ұлттық құндылықтарды ұрпаққа жеткізудің басты бір тетігі ретінде саналады.Ұлттық құндылықтарға негізделген әкенің тәрбиесі, өзіміздің күнделікті өмірімізде де көрініс береді. Осы туралы бір әңгіме еске түсіп тұр. Бұрындары әкесі мен баласы қыстың аязды күні келе жатыр екен. Жол жоқ, қар жауып тастаған. Бала кішкентай, әкесінің артынан еріп келеді. Әкесі алдыда келе жатып, баласына: « Балам, абайлап, дұрыстап жүр» деп айтып келеді. Сонда баласы : « Жоқ, әке, мен емес сіз дұрыстап жүріңіз» дейді. Әкесі: « Неге?» десе, «Мен сіздің ізіңізбен еріп келемін ғой» депті баласы. Осы әңгіменің өзінен біз тәрбиелік мәнді көре аламыз.Әкесі баласының дұрыс жүруі үшін, өзі әр қадамын дұрыс басып жүруі керек. Осы іспетті тағы бір әңгіме ойыма келіп тұр. Әкесі баласына: «Балам, ешқашан өтірік айтпа, адал бол» – деп ақыл айтады. Бір күні әкесі біреуден шындықты жасырып қалмақ болды. Мұны көрген ұлы: «Әке, сіз маған адал болуды үйреттіңіз. Өзіңіз неге оны ұмыттыңыз?» – деді.Әкесі ұлының сөзінен ұялып, шындықты айтқан соң: «Балам, сен маған өз өсиетімді еске салдың. Адалдықты ешқашан ұмытпайық» – деді.Сол күннен бастап әке мен бала әрдайым шыншыл болуға тырысты. Міне ,бала деген «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпайды. Олар дұрыс қалыптасуы үшін өзіміздің де соған лайық болуымыз керек дейтініміз осы. Баланың істеген жақсы, жаман әрекеті , оның тәрбиесі, біздің балаға берген тәрбиеміздегі ең үлкен жетістігіміз, артымыздан қалар аманатымыз.
Үшіншіден, әке – деп аталған, әр азамат өз ұрпағына, өнегелі істерімен, жақсы қасиеттерін көрсетіп, бала бойына сіңіруі керек. Әкелер сабырлы, мінезді, сегіз қырлы, бір сырлы болғаны жақсы. Баласын қасына ертіп жүріп, әр істі көрсетіп жіберіп, үйретсе, бала жақсы үйренеді. Баланың өщіне ғана істе деп қарап отыру емес, бірге жүре істесе, қате болса да, істеп үйренеді.Қолы жаттығады. Кейін ешкімнен көмек сұрамай-ақ, өзі істей береді. Жақсы азам болып, еңбекқор болуына себепші болады. Бұрынғы кезде де, әкелер балалрының атқа отыруына, аңшылыққа және шаруашылықты жайғастыруға ерте кезден ақ баулыған. Жалпы қазақ халқы – әкенің балаға деген тәрбиесі өте маңызды деп есептеген. «Әке көрген оқ жонар» деген нақыл да осындай тәрбиенің нәтижесінде қалыптасты. Балалар әкенің жанында жүріп, еңбектің қадірін түсініп, өзіне қажетті өмірлік дағды мен қажеттіліктерді үйренеді. Біріншіден, әке баласына еңбекқорлық пен жауапкершілікті үйретеді. Қазақ халқы «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, еңбектің құндылығын жоғары бағалаған. Әке баланы кішкентайынан шаруашылыққа, кәсіпке, табиғатты қорғауға баули отырып, адал еңбектің маңызын ұғындырады.Екіншіден, әке баласына ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды үйретеді. Бата беру, наурыз мерекесін тойлау, асар жасау сияқты дәстүрлер арқылы ұрпақ бойына қазақтың рухани байлығын сіңіреді.Үшіншіден, әке арқылы балаға намыс, ерлік, батырлық сияқты қасиеттер беріледі. Қазақта «Ер – елінің қорғаны» деген ұғым бар. Әке баласына елін, жерін құрметтеуді, қорғауды үйретіп, ұлтжандылыққа баулиды. Төртіншіден, әке балаға үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, адалдық пен мейірімділік сияқты адами қасиеттерді сіңіреді. Бұл ұрпақтың әдепті, тәрбиелі, мәдениетті болып өсуіне ықпал етеді. Қазіргі қоғамда әке балаларына олай көп нәрсені үйретпейді.Үйретпек түгілі, өздерінің де қолынан келетін істер шамалы. Осыдан соң балаға үйретер ештеңе болмағаннан кейін, ертең артыңда қалдырар үлгі-өнеге жоқ деген ер үшін үлкен сын деп санаймын. Бір шегені қағуды үйретсең де, өз бәлетініңді үйрету керек. Қазіргі қоғамда әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі әлсіреп бара жатқаны бәрімізге белгілі. Қазір әкелер тек отбасының асыраушысы рөлінде ғана қалып,бала тәрбиесіне жеткіліксіз көңіл бөледі. Мұның себебі – қазіргі кездегі жұмыстың қарбаластығы, отбасылық қарым-қатынастың жеткіліксіздігі деп түсіндіреміз.Қандай жағдай болсын, әкенің жанында өткізген уақыт бала тәрбиесі үшін, тәрбие мектебі болып саналады.Әке тәрбиесін тек ұл бала үшін ғана емес, қыз бала үшін де маңызы зор. Әкеге қарап қыз бала ер адамның тұлғалық қасиеттерін танып, болашақта өз өмірлік серігін табуда дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді.Әкенің жылы сөзі мен қолдауы, баланың өз-өзіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістікке жетуіне ықпал етеді.
Қазіргі кездегі ажырасу, толық отбасылардың санының көбеюі – отбасындағы әке рөлін төмендетіп отыр. Бұл қазіргі кезде балалар, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, білімсіздіктің, тәртіпсіздіктің артуына әсер етеді. Бес саусақ бірдей емес әрине, алайда қоғамда осындай жағдайлар орын алып жатқаны бәрімізге
айтпаса да белгілі. Кейбір әкелер бала тәрбиесіне жақсы көңіл бөліп, белсенділік танытады. Балаларымен ашық сөйлесіп, болашақта нені қалайтындарын, қалай болуы керек екендігін, білім мен адамгершіліктің адам өмірінде алатын орынын, оны бойға сіңіру керектігі туралы құндылықтарды айтады. Мұндай әкелер балаға
сенімділік, оның бойында жақсы қасиеттер қалыптастырып, тұлға болып қалыптасуына әсер етеді.
Кейбір әкелер өздерін тек материалдық жақтан көмек көрсетуші деп санап, бала тәрбиесін тек ана мойнына салып қояды. Бұл үлкен қателік. Бала екіжақтан тәрбие алуы керек. Бала құс болса біз ата-ана оның екі қанаты. Тек бір қанатпен ұшу мүмкін емес екені анық.
Ойымды қорытындылай келе, «әке көрген оқ жонар» деген нақыл сөз – ұрпақтар сабақтастығы мен тәрбиенің мәнін жалғастыратын терең мәнді сөз. Біздің артымыздан ерген шамшырағымыз, балалар, өмірден өз орындарын тауып, адамгершілік іспетті құндылықтарды бойына сіңірген, елінінің елеулі азаматы болып қалыптасуына, біз, ата-аналар, көп көңіл бөлуіміз керек. Әке – баланың ең алғашқы ұстазы, оң , солын үйретер бағыт берушісі. Егер әке балаға дұрыс тәлім-тәрбие беріп, оны еңбекке баули білсе, сонау ерте заманнан келе жатқан құндылықтарымыз жоғалмай, қазіргі қоғамда ізгілікті, «сегіз қырлы, бір сырлы» азаматтар көп болар еді. Сондықтан да әкелер, бұрынғының берген аманатына қиянат жасамай, әке аманатына адал болуы, әр баланың міндеті.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз