"әке-сіз менің тірегімсіз"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"әке-сіз менің тірегімсіз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әке-сіз менің тірегіміз атты сыныптан тыс жұмыс. Бұл бізде сайыс түрінде өтді 4 кезеңнен тұрады.Әр оқушы әкесімен бірге қатысады . Осы қмж бойынша тапсырмалар ,слайд,эрудит тапсырмасы дайын түрінде бар .87476603537 вацап номеріне жазсаныздар жіберемін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әке-сіз менің тірегімсіз»

Мақсаты.

  1. Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

  2. Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты нығайту;

  3. Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл қасиет адамгершілікті қалыптастыру.

Көрнекілігі: ұлттық құндылықтар үстел ойыны, слайд, нақыл сөздер.

Жоспары:

  1. Құпия жәшік

  2. Асық ойыны

  3. Сырға толы сурет

  4. Кім мерген?



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. «Жебе» арқылы арқылы топ ретін анықтау.

І.Қабдрайх Алуаның орындауында «Менің әкем-ең жақсы адам »


Мұғалім сөзі:

  • Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар: «Әке – асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген. Бала үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы.

  • Бүгінгі бас қосуымыз – ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту.

(Қонақтарды таныстыру. Оқушылар өздерінің әкесін, ал әкесі баласын таныстырады).


Мұғалім:

- Иә , адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не?

Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін немесе аспаннан құйылып денеге жұғатын нәрсе емес қой. Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты – оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне байланысты. Шындап келгенде, отбасы бақыты ата-аналардың өз қолында дегім келеді.

«Құпия жәшік»

Экраннан шыққан ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру.ұяшықта көрсетілген ұпай саның иеленеді,егер дұрыс жауап бермеген жағдай қарсылас топтар жауап беріп ұпай саның өз қоржындарына алады.

Көк 10

Көк20

Көк 30

Көк 40

Сары 10

Сары 20

Сары 30

Сары 40


Ата-аналарға сұрақ.

- Отбасы бақыты деген не?


«Ұлттық құндылықтар » үстел - үсті ойыны .Оқушылар ортаға шығып асық лақтыру арқылы берілген тапсырмаларды орындайды . әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.


«Сырға толы сурет» әр топтың алдына текемет, киіз үй , қошқар мүйіз , тұсау кесер салты,айтыс өнері қима суреттер таратылып,1 мин ішінде құрастырып сурет жайлы түсініктеме беру сұралады. Әр топ айтқан жауаптарына қарай 10,5 ұпайларын иеленеді.

Мұғалім:

- Бала тәрбиесіне байланысты ақыл-өсиеттерді, нақыл сөздерді біздің ата-бабаларымыз осыдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын да айтқан, қазір де айтылып жатыр.

Мысалдар келтіру.

Бала өсіргің келсе, дана жүректі,

Қатты ұста,

Үйрет білім, ізетті. (Ж.Баласұғын)


Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады. (Мақал)


Ағайынға қарап бала өсер,

Қарағайға қарап тал қсер. (Мақал)

Қарны ашып өзегі талғанда, ешкімге қол жаймай қорек тауып ішкен адамды Ұлы дер едім...

Әбу Насыр әл-Фараби

Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз, жақсы қыз – жағадағы құндыз


Ерлік-елдің қасиеті,
Жүректілік-жігіттің қасиеті.

БауыржанМомышұлы

Мұғалім:

  • Иә, сөз асылы мақал, нақыл сөздер деп тегін айтапаған екен. Өйткені бақыт та, нұр да, жыр да, тыныс та – бала.

Ата-аналарға сұрақ:

- Ал осы бала бағбаны кім?

Ата-ана:

- Әрине, бала бағбаны, мына біздер, ата-аналармыз. Жас жеткіншек қашан да ата-ананың ақылы, үлгі-өнегесі арқылы өсіп, қалыптасады.

Мұғалім:

- Құрметті ата-аналар, оқушылар енді кім қаншалықты салт-дәстүрімізді білетіндігін байқайық.

«Кім мерген?» әр топтың әкелері ортаға шығып дарс атып,ұпай жинау.

Ортаға қазылар алқасы шығып, қатысушы топтарды марапаттайды.

Қорытынды сөз. Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Бауыржан Моиышұлы: «Жаудан да , даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп тұр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немемресіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тасатуға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ»,- деп мұңайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс.Бұл ата-анаға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларды бірлесе тәрбиелейік дей келе, бүгінгі ата-аналарға арналғын сағатымызды аяқтаймын.

Хош сау болыңыздар!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын

I. Іске асыру тетіктері:

1. Құндылық: Ұлттық мүдде

Индикаторы /мақсатқа жету талабы /

1.Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға ат салысу

2. Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыруға белсенді үлес қосу

3. Ұлттық мұраға ұқыпты қарау

4. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту

5. Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу

6.Қоғам игілігі үшін қызмет ету

7. Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу

8. Ұлттық мәдениетті дәріптеу

2. Құндылық: Ар-ұят

Индикаторы /мақсатқа жету талабы

1. Академиялық адалдық қағидатын қолдау

2. Адал еңбекті құрметтеу

3. Сөзіне берік, ісіне адал болу

4. Отбасының, өз ортасының абыройын асыру

5. Халқына адал қызмет ету

6. Әдеп нормаларын ұстану

7. Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну

8. Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту .

9. Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бір мүшесі екенін сезіну

3.Құндылық: Талап

Индикаторы /мақсатқажетуталабы

1. Сынижәнекреативтіойлау

2. Жеке жәнекомандаменжұмысістейбілу

3. Білуге, жаңанытануғақұштар болу

4. Физикалықбелсенді болу

5. Салауаттыөмірсалтынұстану

6. Технологиялықжәнецифрлықдағдылардыілгерлету

7. Дұрысқарым-қатынасорнатабілу

8. Уақыт пен қаржынытиімдіжоспарлау















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2024
175
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі