Материалдар / Әкеге қарап ұл өсер... Үстеудің мағыналық түрлері. Асыл текті аналар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Әкеге қарап ұл өсер... Үстеудің мағыналық түрлері. Асыл текті аналар

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2024
74
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі

Оқу сабағының жоспары:

Тақырыбы: Әкеге қарап ұл өсер... Үстеудің мағыналық түрлері. Асыл текті аналар

Пән атауы: қазақ тілі мен әдебиеті

Курс, топ: 1 курс, ТИС-23/01, АС – 23/01.

Сабақтың түрі: Теориялық

Сабақтың мақсаты: Әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы мағлұмат бере отырып, ананың бала өміріндегі маңызы туралы айтылады.Үстеудің мағыналық түрлері мен жасалу жолдарын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану.

Міндеттері:

- ойтүрткі, тірек сөздер, түсіндірме сөздер мәтіндердің мағынасын ұғындырады ;

- мәтін бойынша түйінді идеяны ұғынады;

- мәтіндер негізінде тапсырмаларды орындайды.


Жаңа сөздер

Төрелік - бір нәрсе жөнінде айтылған билік, шешім, кесім.

Сегіз қырлы, бір сырлы - әр істің жөн-жобасын білетін, қабілетті, іскер, өнерлі, жан-жақты

Жирену - секем алу, жек көру, ұнатпау.

Ұлтжанды - өз ұлтын, елін, жерін сүйетін адам.

Мұра - әке-шешеден балаға қалған дүние-мүлік, мирас.

Ой түрткі

1. Отбасындағы әкенің орны қандай?

2. Үстеудің мағыналық түрлерін ата?

3. Қыз баланың анаға қаншалықты жақын болғаны дұрыс?

Жаңа сабақ

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Сөз жоқ үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.

Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Әке көрген оқ жонар...» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланы 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескертетін болған. «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жас­тан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын. Дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған ұлы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйеген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп аталады. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені сәбидің бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындату тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды, нәтиже де берері анық. Ал керісінше, жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басын да асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-ананы ма?

Тапсырма

Мәтінде көрсетілген негізгі мәселе --------------------------»»»»»» Мәселеге қатысты өз ойыңыз

Мәтінде көрсетілген негізгі мәселе

Қазақ отбасындағы ұл тәрбиесі мен әкенің рөлі


Мәселеге қатысты өз ойыңыз

Қазақ отбасында бала тәрбиесіне аса көңіл бөлінген. Әсіресе, болашақ шаңырақ иесі ретінде ұл балаларды тәрбиелеуде әкесі өзінің бар білгенін баласының бойына сіңіруге тырысқан. Оны ата-бабадан келе жатырған жолмен жүзеге асырып отырған. Менің ойымша, бұл ұрпақты ел дәстүрінен алшақтатпай, керісінше ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге септігін тигізеді деп ойлаймын.

Үстеу -заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайлары мен сынның белгісін білдіретін сөз табы.

Үстеу сөздері морфологиялық тұлғасына қарай екіге бөлінеді: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер. Ал, құрамына қарай: дара және күрделі үстеу деп бөлінеді.

Негізгі үстеулер

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.

Негізгі үстеулерге келесі сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеше, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, лық(а), қақ, дәйім, һаман, әншейін, тым, тіпті, өсе, аса, ең, әбден, мүлде(м), төтенше, ерекше, орасан т. б.

Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:

  • Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай туғызатын өте, аса , тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш сөздер қолданылады. Мысалы:

бұрын

бұрынырақ

бұрындау

тым бұрын


кейін

кейінірек

кейіндеу

өте кейін

ілгері

ілгерірек

ілгерілеу

аса ілгері


әрі

әрірек

әрілеу

тым әрі

әрмен

әрменірек

әрмендеу

тіпті әрмен


былай

былайырақ

былайылау

тым былай

  • Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан-бос, құрдан-құр т. б.

  • Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қорсарлану арқылы да, басқа сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең-әрең, азар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, ұдайылап, әрі-бері, бұрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төменді, енді-енді, кейінде, кейіннен, ендігәрі т. б.

Үстеулердің мағыналары

Үстеу сөздер мағынасына қарай таптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді.


Мезгіл үстеулер

Мекен үстеулер

Мөлшер үстеулері

Сын (я бейне) үстеулері

Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

Мақсат үстеулері

Себеп-салдар үстеулері

Топтау (я бөлу) үстеулері

Мезгіл үстеулер

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан бері? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: Кешегіден бері (қашаннан бері?) жоқ; Жазғыгүні (қашан?) келген; Ала жаздай (қашан?) еңбектенді; Күні-түні (қашан?) оқыды т. б.


Мекен үстеулер

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.


Сын (я бейне) үстеулері

Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын (қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т. б.


Мөлшер үстеулері

Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?) шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір (қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.


Күшейту (я ұлғайту) үстеулері

Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады.


Мақсат үстеулері

Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.


Себеп-салдар үстеулері

Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.

Ойтүрткі

1. Қазақ әйелдерінің тегі жайлы не білесіз?

2. Қазақ отбасындағы ананың орны қандай?

3. «Тәрбие тал бесіктен» дегенді қалай түсінесіз?

Қазақ ежелден қыз-келіншектерді құрмет тұтып, алақанының аясына салып, ардақтап келген. «Бір қолымен бесік тербеткен аналар, бір қолымен әлемді тербетеді» деседі дана халық. Қазақ әйелдері ошақ қасындағы тіршіліктен бір уақыт бой түзеп, ел бірлігі мен болашағы үшін маңызды істерге атсалысқан. Оған тарих куә. Ежелгі сақ дәуірінде батылдық дәурен құрған уақыттары сақ әйелдері атқа мініп, ерлермен қатар елін жаудан қорғаған.

1. Қазақ әйелдері қандай маңызды істерге атсалысқан?

2. Қазақтың асыл текті аналарынан кімдерді білесіз?

3. Қазақ аналарының ақыл-парасаты жайында не білесіз?

Үйге тапсырма: Әкесі мен анасы туралы, отбасындағы тәрбие туралы эссе жазу.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!